8.Термоэлектрондық эмиссия дегеніміз:
а) вакуумдік диод арқылы электр тогының жүруі; б) жеткілікті жоғары температурада электрондардың металдан ұшып шығуы; в) электр тогының газ арқылу өту процесі;
г) қыздыру нәтижесінде электрондардың шапшаң қозғалуы;
д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
9.Газдардағы электр тогы дегеніміз:
а) газдың иондалуы; б) газ атомдары немесе молекулаларынан электрондардың ажырауы; в) электрондар мен оң және теріс иондардың бағытталған қозғалысы;
г) электр өрісінде үдетілген электрондардың бейтарап молекулалармен (немесе атомдармен) соқтығысуы кезінде олардан электрондарды жұлып шығаруы;
д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
10. Қоспасы жоқ жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштігі қандай?
а) электронды; б) кемтіктік; в) бірдей мөлшерде электрондық және кемтіктік;
г) иондық; д) мүлде электр тогын өткізбейді.
Магнит өрісі Тест А-1
1.Өткізгіш арқылы тұрақты ток жібергенде оның айналасында магнит өрісі пайда болады.
Ол қағаз бетіндегі ұсақ темір ұнтақтарының орналасуынан және магнит тілшенің бұрылуынан байқалады.Қандай жағдайда магнит өрісі жойылып кетеді?
а) темір ұнтақтарын алып тастаса; б) магнит тілшесін алып тастаса; в) темір ұнтақтарып және магнит тілшесін алып тастаса; г) өткізгіштегі токты өшіріп тастаса; д) пайда болған магнит өрісі жойылмайды.
2. Суретте жолақ магниттің магниттік сызықтары және 1,2,3 магнит тілшелер көрсетілген.Қай тілшеге магнит күшті, қайсысына әлсіз әсер етеді?
а) 1-ші тілшеге күшті, 2-тілшеге әлсіз;
б) 2-ші тілшеге күшті, 1-тілшеге әлсіз;
в) 3-ші тілшеге күшті, 2-тілшеге әлсіз;
г) ешбір тілшеге әсер етпейді;
д) а-г жауаптар арасында дұрысы жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |