Физикадан жоғары деңгейдегі есептер шығару



бет1/5
Дата20.04.2022
өлшемі76,92 Kb.
#139978
  1   2   3   4   5
Байланысты:
9-сынып ТП физика 1


БАҒДАРЛАМА
элективті курс

ФИЗИКАДАН ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕГІ ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ


9- сынып оқушыларына арналған (аптасына – 2 сағат, барлығы – 68 сағат)
Шадиев К. Х., №178 лицейдің физика пәні мұғалімі
Пікір жазған: Қошанов Б. Д., математика және модельдеу институтының бас ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор

Түсініктеме хат


Курстың өзектілігі:
Білім беру мазмұнын жаңартуға байланысты мектеп физикасында табиғат құбылыстарын зерттеп, оқып-үйренуде, оқыған материалды терең меңгеруде, теориялық материалдарға қатысты әртүрлі деңгейдегі есептерді шығаруда және оқушылардың сауаттылығын арттыруда бұл бағдарламаның үлкен рөл атқаратыны, қажеттілігі өмір талабынан туындап отыр.
Қазіргі заман талабына сай физика және астрономияны оқытудың жаңа әдістемелік жүйесін құру жеке оқушыны жан-жақты дамыту және оның ой-өрісін кеңейту мақсатында жүргізіледі. Элективті курстың бұл түрі физика пәні бойынша білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету – бағдарлы оқытуды ұйымдастыру, оқушыларды олимпиадалық есептерді шығаруға дайындау, жеке тұлғаны интеллектуалды дамыту мақсаттарын басты бағытта ұстайды.
Орта жалпы білім беретін мектептердің физиканы тереңдетіп оқытылатын сыныптарына арналған бағдарлы элективті курсы мазмұны жағынан мектептегі негізгі курстың оқу бағдарламасына сәйкес құрылған.
Ұсынылып отырған бағдарлама физиканы меңгерудің жоғары деңгейін қалыптастыруды қамтамасыз ететін негізгі бағдарлы элективті курсы мазмұны жағынан мектептегі негізгі курстың оқу бағдарламасына сәйкес құрылған және негізгі бағдарламалық курстың толықтыруы, онда қамтылмай қалған қажетті материалдарды оқушыларға қамтамасыз етеді. Бағдарламада теориялық материалдар, практикалық жұмыстар, оқушылардың курс бойынша алған білімдерін тексеру, бағалау мақсатындағы бақылау , тест жұмыстары толық қамтылған. Ұсынылып отырған бағдарлама қазіргі заман талап етіп отырған қажеттілік пен сұранысқа сәйкес туындап отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет