физика пәні бойынша білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету – бағдарлы оқытуды ұйымдастыру;
мектеп бағдарламасын тереңдетіп оқыту және эксперименттік дәлелдемелеріне көз жеткізу;
пәнаралық байланысты (химия математика т. б.) нығайту, физиканың қажеттілігін, маңыздылығын ұғындыру;
оқушыларды олимпиадалық есептерді шығаруға элективті курстар арқылы әзірлеу;
алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйрету;
дүниенің қазіргі замандағы физикалық бейнесі – табиғаттың біртұтастығын, оның физикалық мәнін жеке тұлғаның саналы түрде түсінуін, интеллектуалды дамуын қалыптастыру.
есеп шартын, әрбір тақырыпта есептің барлық түрлері, оның ішінде сапалық, графиктік, есептеуге арналған тапсырмаларды күрделігіне қарай талдау дағдысын қалыптастыру;
есеп шығаруды бастамас бұрын физикалық құрылысты сипаттай білуге үйрете отырып, математикалық аппаратты дұрыс қолдана білу; есептің дұрыс шығарылғандығын «БХЖ» жүйесінде анықталатын физикалық шаманың өлшем бірлігін тексеруге айырықша көңіл бөлу керек;
физикалық процестерді түсінуге және есеп шығаруды жеңілдетугеикемдік беретін есептердіңсуреттеріне, графиктеріне, сызбаларына, кестелерге, физикалық тұрақтыларға назар аудару;
оқушыларды теорияны берік меңгеруге, есеп шығарудың дағдылары мен мәдениетін қалыптастыруға үйрету;
лабораториялық жұмысты орындау барысында теориялық білімдерінэксперименттік түрде дәлелдеуіне назар аудару.
Элективті курсты оқу барысында оқушылар төмендегі теориялықматериалдарды оқып- үйреніп, практикада қолдана білуі тиіс:
оқушылар теорияны толық меңгеріп, есеп шығарудың дағдылары мен мәдениетін қалыптастырады;
лабораториялық жұмысты орындау барысында теориялық білімдерінэксперименттік түрде дәлелдей білуі керек;
әрбір тақырыпта есептің барлық түрлері, оның ішінде сапалық, графиктік, есептеуге арналған тапсырмаларды күрделігіне қарай орындай білуі керек;
есеп шығаруда анықтамаларды, кестелерді, сызбаларды, қосымшаматериалдарды тиімді пайдалана білуі керек;
есеп шығаруды бастамас бұрын физикалық құрылысты сипаттай, математикалық аппаратты дұрыс қолданып, анықталатын физикалық шаманың өлшем бірлігін «ХБЖ» жүйесінде тексере білу керек.
«Физиканы терең меңгеруге қажетті жоғары деңгейдегі есептер шығару»курсыныңерекшеліктері:
Оқушылардың білім дәрежесінің және жеке қабілеттілігінің әртүрлілігіне байланысты деңгейлік тапсырмалар беру:
Орташа деңгей – оперативті – тез орындаушылық, оқушы заңдарды, негізгі ұғымдарды, есептеу формулаларын, өлшем бірліктерін, теорияны білуі тиіс, 2 – 4 логикалық қадамды мұғалімнің көмегімен жасайды.