Есеп №1. Массасы m объект радиусы R қозғалмайтын әткеншектің солтүстік шетінде тыныштықта тұр. Әткеншек β бұрыштық үдеумен сағат тілінің бағыты бойынша (жоғарыдан қарағанда) айнала бастайды. Объект пен әткеншек бетінің арасындағы тыныштық үйкелісінің коэффициенті μs-ке тең.
а) Әткеншекті іске қосқаннан бастап уақыттың қандай t0 мезетінде объект оған қатысты сырғи бастайды?
б) Объект әткеншек бетімен сырғи бастаған мезетте, оның ϑ жылдамдығының шамасы үшін теңдікті табыңыз.
в) μs=0,5, β=0,2 с−2, R=4 м деп ескереміз. Объект сырғи бастаған мезетте, сағат тілімен солтүстіктен бастап өлшенетін объект жылдамдығы қандай α бұрышпен бағытталған және оның сандық мәні неге тең? Еркін түсу үдеуі g=9,8 м/с2. (5 ұпай)