Есеп №4. Қорғасын оқ бөгетке соқтығысып, толығымен балқып кетуі үшін қандай жылдамдықпен ұшып келуі тиіс? Оқтың бастапқы температурасы 27∘ С. Оқ қозғалысының барлық энергиясы соқтығыс кезінде жылуға айналады деп ұйғарылады. Қорғасынның балқу температурасы 327∘ С. Қорғасынның меншікті жылусыйымдылығы 130 Дж/(кг⋅К), қорғасынның меншікті балқу жылуы 25 кДж/кг. (5 ұпай)
Физикадан мектепішілік олимпиада
10 сынып
І тур
Автомобиль жолдың үштен бірін υ1жылдамдықпен, ал қалған бөлігін υ2=50 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Егер автомобилдің бүкіл жолдағы орташа жылдамдығы 37,5 км/сағ болса, жолдың бірінші бөлігіндегі жылдамдығы қандай?
Ұзындығы 3 метр, массасы 180 кг қайық суда тыныштықта тұр. Егер массасы m2 болатын адам қайықтың алдынғы жағынан артқы жағына орын ауыстырғанда қайық 0,75 метр қашықтыққа жылжыды. Адамның массасын табыңдар. Судың кедергі күшін ескермеңдер.
Ұзындығы 5 метр, биіктігі 3 метр көлбеу жазықтықта массасы 50 кг жүк тұр. Осы жүкті көлбеу жазықтықпен жоғары қарай қозғау үшін қандай күш жұмсау керек?
а) Бірқалыпты. /Үйкеліс коэффиценті барлық жағдайда 0,2 ге тең/
б) 1 м/с2 үдеумен.
в) Көлбеу жазықтықта ұстап тұру үшін.
ПӘК-і 90% болатын су турбинасының пайдалы қуатын анықтау керек. Егер турбинаға түсетін судың жылдамдығы 6 м/с, ал одан шығатын судың жылдамдығы 1 м/с. Су деңгейлерінің айырмасы 4 метр. 1 секундтағы су шығыны 20 м3.
Массасы m ге тең болат құйманы судан қатаңдығы k болатын темір арқанмен судан a үдеумен көтергенде, темір арқан қаншаға созылады? Болаттың тығыздығы ρ1, судың тығыздығы ρ2. Судың кедергі күшін ескермеңдер.
Массасы 3,6 тонна автомобиль 40 литр бензинмен қанша жол жүреді? Үйкеліс күші автомобиль салмағының 0,05 бөлігіне тең. Қозғалтқыштың пәк –і 18 %. Қозғалыс бірқалыпты.