Заң қандай шамалардың немесе құбылыстардың байланысын көрсетеді?
Заңды тұжырымдау;
Заңның математикалық жолмен өрнектелуі;
Заңды дәлелдейтін тәжірибелер;
Заңның заманауи тұрғыдағы түсініктемесі;
Заңды тәжірибеде қолдану мысалдары.
Формуланы талдау:
Формула қалай аталады?
Формула қандай физикалық шамаларды байланыстырады?
Математикалық тәуелділіктің түрі қандай?
Берілген заңдылықтың физикалық мағынасы қандай?
Тұрақты коэффициенттердің физикалық мағынасы қандай?
Қандай формуланы қорытып шығаруға болады?
Алынған формуланың физикалық мағынасы бар ма?
Формуланы қайда қолдануға болады?
5. Радиустары бірдей қорғасыннан және болаттан жасалған шарлар соқтығысып, қарама- қарсы жаққа үдеу ала қозғалады. Қорғасын тығыздығы болат тығыздығынан 1,4 есе көп. Шарлардың соқтығысқаннан кейінгі алатын үдеу модульдерінің қатынасын анықтаңыз.
және
() ()
Есепті талдау:
Асқар мен Серік физика сабақтарында қолдану үшін резистор жасауға шешім қабылдады. Асқар мыс сымды, ал Серік темір сымды алды.
–Темір сымды бекер аласың, барлық өткізгіштерді мыс сымнан жасаған дұрыс, ол құндырақ, жақсырақ па?– деді Асқар.
- Жоқ, менің ойымша, мыс сым жарамайды, кедергі өте аз болады, - деп қарсылық білдірді Серік.
– Менімше, қандай сым алғаныңа байланысты!- Асқар күлді. Дегенмен менікі жақсырақ.
Кейске арналған сұрақтар
1. Достардың қайсысының пікірі дұрыс?
2. Резистор жасау үшін алынатын сымның сипаттамалары қандай болады?
3. Қарапайым сымнан жасалған резистордың кедергісі қалай есептеледі?
4. Сіздің пікіріңіздің дұрыстығын қалай тексеруге болады?
ЭССЕ:
«Найзағай»
Ол туралы мен не білемін?
Ол туралы қандай ғылыми деректер бар?
Ол неліктен қажет?
Оны қалай пайдалануға болады?
Егер менің мүмкіндігім болса, мен оны қалай жүзеге асырар едім?