Физикадан сабақтан тыс оқыту формаларының бағдарламасы Алғы сөз



Дата08.09.2017
өлшемі231,01 Kb.
#30291
Физикадан сабақтан тыс оқыту формаларының бағдарламасы

Алғы сөз

Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында жалпы орта білім берудің ұлттық денгейдегі басты мақсаты-еліміздегі әлеуметтік экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, құзыретті тұлғаның қалыптасуына ықпал ету деп анық көрсетілген.

Оқушылардың білімдік құзыреттілігін қалыптастыру пәнді теориялық меңгерту,эксперименттік зерттеу және практикалық қолданысқа ұштастыру болып табылады.

Физика пәнін меңгертудегі сабақтан тыс оқыту формаларының ролін көрсете отырып, оқыту формаларының міндетін айқындап, бағдарламасын жасау және жүйелеу мақсатында бірнеше үйірме, факультатив, қолданбалы, таңдау курстарының жұмыс жоспарлары жинақталды. Оқушылар үшін қысқа уақытқа берілген эксперименттік тапсырмалар мен денелердің әсерлесуі кезіндегі шамалардың өзгерісін, қолданысын, табиғаттағы әсерлерді бақылау мақсатындағы жұмыстар оқу бағдарламасының тақырыптарына лайықталып жасалды. Тапсырмаларды орындау кезінде оқушылардың өлшеу, есептеу, бірліктер жүйесіне, түрлендіре білуіне үйрету ескерілді.

Жаңа реформадағы білім беру жүйесіне сәйкес,кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында, белсенді оқыту; жаратылыстану-математикалық бағытында оқытылатын сынып оқушыларына физика пәнінен тереңірек білім бере отырып, кәсіби қолданысқа қажетті есептер мен тапсырмалар қолданбалы және таңдау курстарының бағдарламасына енгізілді.

Сабақтан тыс оқыту формаларын ұйымдастырудағы негізгі мақсат-оқушылардың физикаға деген қызығушылығын ояту,пәндік білімді терендете жүйелі білім беруге қол жеткізу, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өзіндік білім алу мен іскерлік қабілетін қалыптастыру.




«Физикадан эксперименттік есептер»

7 сынып үшін факультативтік курс бағдарламасының
Түсінік хаты
Өмірде адамға күнделікті алған білім мен тәжірибелердің негізінде нақты мәселелерді шешу қажеттілігі туындайды. Физика есептерін шығару - табиғаттағы, техникадағы адамға қажетті мәселелерді қолдануға бағыт беретін, қабілеттілікті дамытуға көмек болып табылады. Соның ішінде физикалық құбылыстың модельденуі маңызды орында тұр.Жәй зерттеулер мен тәжірибелер және бақылаулар физикалық заңдылықты тереңірек сараптауға, физикалық құбылыстардың мағынасын тануға мүмкіндік береді.
Бағыты

Физикалық эксперименттік есептер физика курсын сапалы меңгеруге, теориялық білімді практикаға қолдануға бағытталады.


Мақсаты

Физикаға құмар, бейімі мен қызығушылығы жоғары оқушыларға осы ғылымды зерттеудің, оқудың негізгі әдістерімен таныстыру, тереңірек білім алуға, өлшеу мен есептеу жұмыстарын ұтымды орындауға үйрету, экперименттік жұмысты тиімді ұйымдастыру мен білік - дағдысын қалыптастыру


Міндеттері

Оқушыларда физикалық шама, өлшеу әдістері, өлшеу қателіктері, түсініктерін қалыптастырып эксперименттік зерттеу жүргізуге.

Оқушылардың өлшеу құралдарымен тиянақты жұмыс істеуге.

Физикалық эксперименттік зерттеу әдістерін меңгеруге, зерттеу жұмыстарына қызығушылығын оятуға.

Эксперименттік зерттеулер нәтижесін сараптау үйрету, адам қорытынды жасауға. Физикалық эксперименттік жүргізу арқылы пәнге оқушылардың қызығушылығы артты.
Күтілетін нәтиже

Физикалық теорияны практикаға қолдану кажеттілігін түсінеді.

Эксперимент орындау барысында оқушылардың іскерлік қабілеті дамиды, білек дағдысы қалыптасады.

Физикалық экспериментің жүргізілу алгоритмі, талдау сараптау, есептеу, нәтижесін қорытындылауға, өз түсінігін тұжырымдауға бейімделеді.



«Физикадан эксперименттік есептер»


Рс

Мазмұны

Сағат

саны

Өтпелі

формасы

1

Кіріспе. Физикалық шамалар түсінік.Бірліктер жүйесі. Физикалық шамаларды өлшеу, физикалық шамаларды анықтаудағы эксперименттік ролі. Тура, жанама өлшеулер. Өлшеу құралдары, бөлік құны, аспап қателігі.

Өлшеу аспаптарын қолдану ережесі техникалық қауіпсіздігін сақтау



4

Лекция

2

Сызғыштың, мензурканын сағаттык бөлік құны мен қателігін анықтау

1

Эксперимент

тапсырма


3

Жазық фигураның ұзындығы мен ауданын анықтау

1

Экспериментт

тапсырма


4

Жіптің,жұқа мыс сымның,тиынның бидай дән қалыңдығын анықтау

1

Эксперимент

тапсырма





Механикалық қозғалыс







5

Механикалық қозғалыс,жол,уақыт,бірқалыпты қозғалыс жылдамдығы

1

Лекция

6

Бірқалыпсыз қозғалыс кезінде орташа жылдамдық қозғалыс графиктері

1

Графикті

Тапсырма



7

Ойыншық автомобильдің орташа жылдамдылығын анықтау

1

Эксперимент

тапсырма


8

Көлбеу жазықтық бойымен домалаған шардың соңғы жылдамдылығын анықтау

1

Эксперимент

тапсырма


9

Графиктік,сапалық,мәтіндік есептер

1

Есептер шығару




Аудан мен көлемді өлшеу







10

Аудан мен көлемді өлшеу тәсілдері. Кеңістік мастштабының табиғатта және техникада қолдануы

1

Лекция

11

Әр түрлі фигуралардың тура және жанама өлшенуі

1

Эксперименттік тапсырма

12

Әр түрлі денелердің көлемін тура және жанама өлшенуі

1

Эксперименттік тапсырма

13

Масса, тығыздық, қатты денелердің массасы мен тығыздығын өлшеу тәсілдері

1

Лекция

14

Массалары әр түрлі денелердің иінді таразымен өлшеу

1

Эксперимент

тапсырма


15

Әр түрлі заттардың тығыздығын анықтау

1

Эксперименттік тапсырма

16

Орам санын ажыратпай,сым ұзындығын анықтау

1

Эксперименттік тапсырма




Күш, Қысым







17

Күш, өлшеу құралдары. Күш түрлері




Лекция

18

Қысым.Сұйықтардағы,газдардағы қысым.Табиғаттағы және техникадағы күш пен қысымның қолдануы.

1

Лекция

19

Серіппенің қатаңдығын анықтау

1

Эксперимент

тапсырма


20

Сызғышты пайдаланып білеуше салмағын анықтау, динамометрмен тексеру

1

Эксперимент

тапсырма


21

Динамометр, жылжымалы блог, көмегімен 3 білеушенің әр түрлі жағдайдағы стол бетімен үйкелісін зерттеу

А)Білеуше тіркелгенде

Ә)білеуше үстіне орналасқанда


1

Эксперимент

тапсырма


22

Массалары бір-бірімен 2есе артық білеушелердің стол бетіне түсіретін қысымдарын салыстыру

1

Эксперимент

тапсырма


23

Сызғыш көмегімен стакандағы судың қысымы мен тұз ертіндісінің қысымын салыстыру


1

Эксперимент

тапсырма


24

Сұйықтың беттік керілу күшін анықтау

1

Эксперимент

тапсырма





Архимед күші







25

Архимед заң денелердің жүзу шарттары

1

Лекция

26

Сызықтың өлшемдері анықталмайтын дененің тығыздығын анықтау тәсілі

1

Эксперимент

тапсырма


27

Архимед күшінің тәуелділігі шамаларын анықтау. Архимед күшінің ығыстырылған сұйықтың салмағына теңдігін дәлелдеу тәжірибесін ойлау

1

Эксперименттік шығармашылық жұмыс

28

Сал құрастыру, оның жүк көтергішін есептеу

1

Эксперимент

тапсырма





Жұмыс. Қуат. Энергия







29

Жұмыс. Қуат. Энергия шамалары туралы түсінікті кеңістеу.

1

Лекция

30

Механикалық жұмыс кезіндегі жәй механизмдер, олардың П.Ә.К анықтау

1

Есептер шығару

31

Өзінің баспалдақпен 3 этажға көтерілу қуатын есептеу

1

Эксперимент

тапсырма


32

Динамометр,жылжымалы блог көмегімен қапшық топырақтың салмағын анықтау

1

Эксперимент

тапсырма


33

Көңілді,тапқыштар клубының кеші

1

Кеш

34

Табиғатқа саяхат

1

Саяхат


«Денелердің өзара әсерлесуі» 7 сынып факультатив бағдарламасының

Түсінік хаты

Бүгінгі таңда оқушыларға алған білім мен тәжірибелерінің негізінде мәселелерді шешу қажеттілігі туындайды. Физикадан есеп шығару – оқу жұмысының қажетті элементі. Есептер шығару физикалық заңдарын тереңірек және берік меңгеруге, логикалық ойлаудың дамуына ұғымдылық, инициативалы болуға, ерік және қойылған мақсатқа жетудегі табандылыққа себібі тиеді. Физикаға қызығушылығын оятады, өзіндік жұмыс дағдыларын бойына сіңіруге көмектеседі. Және өзіндік ой қорытуда бірден-бір құрал болып табылады. Зерттеулер мен тәжірибелер физикалық заңдылықтарды тереңірек сараптауға, құбылыстардың мағынасын тануға мүмкіндік береді.



Факультатив мақсаты:

Оқушылардың пәнге қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық белсенділігін арттыру, өздігінен білім алу және еңбек ету дағдыларын дамыту, заман талабына нарықтық көзқарасын қалыптастыру.



Факультатив міндеті:

  • Оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал жасау.

  • Оқушылардың білім-білік дағдыларын арттыру мен физикалық білімін

тереңдету.

  • Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

  • Теориялық материалдардың тереңірек берілуі оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттырып, ақыл- ой әрекетінің дамуына ықпал жасап, мамандық таңдауға әсер етеді.

Күтілетін нәтиже:

Табиғаттағы барлық материалдық заттар мен денелердің арасындағы әсерлесу заңдылықтарын тереңірек ұғады, физикадан алған білімдері негізінде түсіндіреді



Техникадан әсерлесуді бақылау, зерттеу , пайдасы мен зиянды жақтарын ажыратуды, қолданысына қарай кәсіби бағдарланады.
«Денелердің өзара әсерлесуі»


Р/с

Мазмұны

Сағат саны

Оқып-үйрену тәсілдері

1

Кіріспе. Факультатив оқытудың міндеті.

1

Әңгімелеу, лекция

2

Табиғатта денелердің өзара әсерлесуі.

1

Түсіндірме мысалдар

3

Ұлттық ойындарға әсерлесу (алтыбақан, аударыспақ, көкпар)

1

Сипаттама

4

Әсерлескен денелердің жылдамдықтарын анықтау.

1

Есептер шығару

5

Күш, түрлері

1

Анықтама

6

Деформация түрлері (майысу , ығысу, бұралу)

1

Практикалық көрсету

7

Серпімділік күшінің дене деформациясына тәуелділігі.

1

Практикалық эксперимент

8

Денелердің тепе-теңдік шарттары. Қарама-қарсы күштер.

1

Мысалдар арқылы түсіндірк

9

Күш моменті

1

Практикалық тәрбие

10

Табиғаттағы, техникадағы үйкелістің пайдалы, зиянды жақтары

1

Лекция

11

Үйкелісті бақылау

1

Практикалық сабақ

12

Бүкіл әлемдік тартыс табиғаты

1

Мысалдармен түсіндіру

13

Ауырлық күші мен табиғат арасындағы айырмашылығы

1

Есептер шығару

14

Электрлік күштер

1

Лекция

15

Денелердің электрленуі

1

Тәжірибе мысалдар

16

Магниттік өзара әсер

1

Лекция

17

Магниттік өзара әсерді бақылау

1

Лабороториялық тәжірибе

18

Табиғат және техникадағы қысым

1

Лекция мысал

19

Сапалық, логикалық тапсырмалар

1

Есептер шығару

20

Сұйықтар мен газдардағы қысымдар

1

Практикалық эксперимент

21

Мұнайгаз өнеркәсібі машиналарының гидрогентімен танысу

1

Теориялиқ түсіндіру

22

Қатынас ыдыстардағы сұйықтар қысымы

1




23

Аққан судың реактивтік әсерін демонстрациялау

1

Тәжірибе

24

Сұйықтардағы денеге әрекет күштер

1

Есептер шығару

25

Атмосфералық қысымды байқау

1

Эксперименттік тапсырма

26

Атмосфералық қысым өзгерісін есептеу

1

Есептер шығару

27

Сорғылардың жұмысын түсіндіру




Сызбалық жұмыс

28

Су бұрқағының жұмысы

1

Практикалық шығармашылық жұмыс

29

Атмосферадағы құбылыстардың рөлі

1

Шығармашылық рефераттар

30

Атмосфералық ылғалдылықты есептеу, өлшеу гидрометр, психрометр жұмысы

1

Есептер шығару

31

Ауада жүзу, әуе шарларының жұмысы

1

Түсіндірме

32

Авиацияның дамуы. Реактивті қозғалыс

1

Лекция

33

Теңіз және мұхит тереңдіктерін зерттеу. Кемелердің жүзулі

1

Лекция

34

Табиғатта әсерлесуді бақылау

1

Саяхат сабақ



«Физика және жылу» үйірме жұмысының бағдарламасы

Түсінік хаты:

Үйірме жұмысы оқушылардың білімін өңдірістік еңбекке бағыттылаған іскерлік қабілетін шыңдайтын оқыту формаларының түрі болып табылады. Үйірме мектептегі оқытудың үш негізгі: оқыту, тәрбиелеу және қабілетін дамыту сияқты міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.



Мақсаты: Жылулық құбылыстарды бақылауға, түсіндіруге, эксперименттік тәжірибелер арқылы болжамдарын дәлелдеуге үйрету, теориялық және технологиялық білімдерін кеңейту. Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға үйрету, экологиялық тәрбие беру.

Міндеті:

  • Оқушылардың жылу құбылыстары туралы білімдерін кеңейту

  • Жылу мөлшерін есептеуге ,ұтымды пайлануға, жылу берілудің пайдалы және зиянды жақтарын ажыратуға бейімдеу

  • Электр тізбегін жинауға,электр тоғының жылуын алуға, өлшеуге есептеуге пайдалы әсерін зерттеуге қолдануға үйрету

Күтілетін нәтиже:

-жылу құбылыстары туралы білімдерін тереңдетеді

- «жылу тек ұғымын,жылу машиналарының шығу тарихымен танысады»

-жылу есептегіштің жұмыс істеу принципімен танысады.



«Физика және жылу» үйірме жұмысының бағдарламасы

8 сынып 34 сағат

Р/с

Тақырыбы

Сағат саны

Түрі

1

Термометр тарихынан

1

Лекция

2

Күн техникасын пайдалану

1

Сызба

3

Жылу

1

Сөзжұмбак шешу

4

Жылу көмегімен материалдар алу

1

Талдау түсіндіру

5

Жылу құбырларының жұмысы

1

Талдау түсіндіру

6

Жылу қозғалтқыштарының дамуы

1

Талдау түсіндіру

7

Бу машинасын ойлап тапқандар

1

Сөзжұмбақ шешу

8

Жылуды есептегіш

1

Есептер шығару

9

Денелердің электрленуі

1

Талдау түсіндіру

10

Электр өрісін түсіндіретін құбылыстар

1

Талдау түсіндіру

11

Электрден сақ болайық

1

Ереже

12

Электр қыздырғыш приборлар

1

Сөзжұмбақ

13

Электрмен пісіру

1

Криптограмма

14

Электр тізбегіне қажетті құралдар

1

Схема

15

Электр тізбегі және жылу

1

Есептер шығару

16

Өндірісте тұрмыста электрмен қыздыру

1

Шығармалық жұмыс

17

Магнит өрісі туралы өлеңдер

1

Өлеңнің мағнасын ашу

18

Компас деген не?

1

Талдау түсіндіру

19

Тогы бар шарғы және магнит өрісі

1

Эксперименттік бақылау

20

Поляр шұғыласы қалай пайда болады

1

Талдау түсіндіру

21

Заттың магниттік қасиеттері

1

Эксперименттік бақылау

22

Телеграф және телефон

1

Талдау түсіндіру

23

Фарадей ойы

1

Талдау түсіндіру

24

Жарық деген не?

1

Талдау түсіндіру

25

Жарық

1

Сөзжұмбақ

26

Жарық қасиеті

1

Талдау түсіндіру

27

Жарық күніне жерге қанша уақытта жетеді

1

Лекция

28

Сәуле шығару, спектрлер

1

Талдау түсіндіру

29

Линзамен кескін салу

1

Талдау түсіндіру

30

Эрудиттер сайысы

1

Сайыс

31

Физикалық эксперимент

1

Талдау түсіндіру

32

Табиғат және физика

1

Кеш

33

Қорытынды

1

Экскурсия

34

Қорытынды

1

Экскурсия


Әдебиеттер

  1. Алексеева ,Жұбаев Ә. «Физикаға құмар өнерге»

  2. А.Т.Глазунов. «орта мектептің физика курсындағы техника»

  3. «Физика және астраномия» журналы 2003 жыл №7

  4. И.Я.Лапина «формирование познавательных интересов учащихся на уроках физики»

  5. «Математика және физика» 2002 жыл №1

  6. В.А.Буров « Фронтальные экспериментальные задания по физика»

  7. . О.Ф.Кабардин «Методика факультативных занятий по физике»

  8. Кронгарт ,Қойшыбаев 10-11 сынып оқулығы

  9. «Электродинамика» негіздері

  10. Г.Я.Мякишев,Буховцев 10-11 сынып оқулығы

  11. А.А.Медетбеков -8 сынып оқулығы

  12. Тұяқбаев, есептер жинағы

  13. «Физика және астрономия» журналдары

  14. А.Қарамурзин «физиканың мектепте оқытудың негіздері»

  15. Физика практикум Қуанбаев

  16. О.Ф.Кабардина «Внеурочная работа по физике»

  17. А.А.Покровский ,А.И.Глазырин «Демонстрационные опыты по физике»

  18. А.П.Рымкевич «Физика есептерінің жинағы»

  19. С.В.Боброва « Нестандартные уроки физика»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет