Қосарал негізгі мектебі «Математикалық регата»



Дата27.11.2019
өлшемі28,87 Kb.
#52503
Байланысты:
Тапсырма регата (2)



Қосарал негізгі мектебі

«Математикалық регата» сайысы

І тур тапсырмалары


  1. Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтары – бүтін сандар, бір қабырғасының ұзындығы 5-ке, ал екіншісі 1-ге тең. Үшінші қабырғасының ұзындығы неге тең?

  2. 27 монетаның біреуі жалған және ол басқалардан ауырлау. Табақшалы таразымен гірсіз үш рет өлшеу арқылы жалған монетаны қалай табуға болады?

  3. Кітаптың құны 1 теңге және кітап құнының жартысына тең. Кітап қанша тұрады?



Есептерді шешуге 10 минут уақыт беріледі. Әр дұрыс жауап үшін 5 ұпай.

Қосарал негізгі мектебі

«Математикалық регата» сайысы

ІІ тур тапсырмалары


  1. Екі дәптер және бір қарындаш 94 тиын тұрады. Екі қарындаш және бір дәптер 80 тиын тұрады. Дәптер мен қарындаштың қайсысы қымбат және қанша қымбат?

  2. Теңдіктің сол жағына теңдік орындалатындай етіп амал таңбаларын қой:




  1. Арман, Ерлан, Нұркен және Мырзатай төртеуі балық аулады. Мырзатай балықты Нұркенге қарағанда көп ұстады. Арман мен Ерланның ұстаған балықтарының саны Нұркен Мырзатайдың ұстағандарымен бірдей. Арман мен Мырзатай Ерлан мен Нұркеннің ұстағандарынан аз. Ұстаған балықтардың санына қарай кім қандай орын алғанын жаз.


Есептерді шешуге 15 минут уақыт беріледі. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай.


Қосарал негізгі мектебі

«Математикалық регата» сайысы

ІІІ тур тапсырмалары


  1. 1110,999,888,777,666,555,444,333,222,111 сандары үш санға қалдықсыз бөлінеді(1-ді есептемегенде). Сол сандарды тап.

  2. Суретте берілген фигураның периметрі 6-ға тең. Фигураның ауданын есепте.




  1. Диофант (грек математигі) өмірінің алтыдан бірін балалықта, он екіден  бірін жастықта өткізіпті. Некелескеннен кейін жетіден бір ғұмыры және 5 жыл өткен соң ұлы туыпты.Ұлы әкесінің жарты жасын ғана жасап өлгеннен кейін, Диофант тағы 4 жыл жасапты. Диофант неше жасқа келіп өлген?



Есептерді шешуге 20 минут уақыт беріледі. Әр дұрыс жауап үшін 15 ұпай.

Қосарал негізгі мектебі

«Математикалық регата» сайысы



ІV тур тапсырмалары


  1. Тең төрт бөлікке қалай бөлуге болады




  1. Жеті шеңберден тұратын суретті үш түзу сызық арқылы жеті бөлікке бөліңіз. Әр бөлікте бір шеңберден болатындай етіп бөлу керек ?







  1. 1000 санын сегіз бірдей цифр арқылы қалай өрнектеуге болады? (амалдарды қолдануға болады)



Есептерді шешуге 25 минут уақыт беріледі. Әр дұрыс жауап үшін 20 ұпай.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет