«Нейтрон» тобы
«Электрон» тобы
1. «ТАНЫСТЫРУ» (Ойынға қатысушы үш топ өздерін таныстырады.)
2. «Кім жылдам» (ВИКТОРИНАЛЫҚ СҰРАҚТАР)
3 топқа викториналық сұрақтар беріледі.
Әр дұрыс жауап – 1 ұпай.
«КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар) «Электрон» тобына қойылатын сұрақтар: 1. Табиғат туралы ғылым. 2. Жылу, электр, жарық, механикалық құбылыс табиғи құбылыс бола ала ма? 3. Заттың үш күйін ата. 4. Найзағайдың пайда болуы туралы шынайы болжамды ұсынған кім? 5. Қараңғы бөлмеге кіргенде ең алдымен нені бірінші жағасың: май шамды ма, әлде газды ма? 6. Ұзындықтың халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшемі не? 7. Күн шығатын жақ. 8. Кемпірқосақта неше түс бар? 9. Теректегі алма қай кезде гүлдейді? 10. Мензурка қандай құрал? 11. Жай көзге көрінбейді. Қозғалуға ерінбейді. Ол не? 1. Аспан денелерін зерттейтін ғылым. 2. Жылу құбылысына мысал келтір. 3. Табиғатты зерттеудің қандай үш әдісі бар? 4. Айға аяғы алғаш тиген астронавт кім? 5. Адамға қай кезде көзілдіріктің қажеті жоқ? 6. Көк шарфты суға салса, не болады? 7. Уақыттың халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшемі не? 8. Күн бататын жақ. 9. Темірқазық жұлдызын тағы басқаша қалай атайды? 10. Егер кеседегі судың бәрін ішіп қойсақ, ішінде не қалады? 11. Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы. «Протон» тобына қойылатын сұрақтар 1. Заттың ең ұсақ бөлшегі. 2. Бақылау дегеніміз не? 3. Күн мен түннің көктемде теңелуі. 4. 1 кг темірдің массасы қыста ауыр ма, әлде жазда ауыр ма? 5. Күн жүйесіндегі ең ірі планета.