«Физикалық есептерді шығару әдістемесі»


Практикалық сабақтардың мазмұны



бет3/8
Дата31.01.2018
өлшемі1,22 Mb.
#36388
1   2   3   4   5   6   7   8

6. Практикалық сабақтардың мазмұны.



Тақырыбы

Практикалық сабақтың мазмұны

апта

әдебиет

1

«Физикалық есептерді шығару процесі және сатылары».


Физикалық есептерді шығару процесінің мәні. Физикалық есептерді шығару процесінің сатылары.


1

(1) Глава III. §1,4

2

«Физикалық есептерді шығарудың әдістері мен тәсілдері, жолдары».


Физикалық есептерді шығарудың әдістері. Физикалық есептерді шығарудың тәсілдері. Физикалық есептерді шығарудың жолдары.


2

(1) Глава V

3

«Оқушыларға физикалық есептерді құрастыруды үйрету».


Шығарылған есепке ұқсас есептерді құрастырудың жолдары. Шығарылған есепке қарсы есептерді құрастыру жолдары.


3

(1) Глава VII. § 3.3, 3.3.1, 3.3.2

4

Жылулық құбылыстар».


Жылу мөлшерін есептеуге есептер шығару әдістемесі; «Заттардың агрегаттық күйлерінің өзгеруі» тақырыбына есептер. шығару әдістемесі.


4

(2) Глава 8, 9, 10

5

Негізгі мектепте оқушылардың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін қалыптастырудағы эксперименттік есептердің орны.


Практикалық дағдыларды қалыптастырудың мәні, эксперименттік дағдыларды қалыптастыру сатылары.


5

(3) Главы 3, 4,5

6

«Қисық сызықты қозғалыс. Шеңбер бойымен қозғалыс» тақырыбына есептер шығару әдістемесі.


Берілген тақырыптар бойынша есептер шығару үшін негізгі білім элементтері.


6

12), (2) §51

7

«Кинематика негіздері» тақырыбына №1 бақылау жұмысы.


«Кинематика негіздері» тақырыбына №1 бақылау жұмысы.

7




8

«Көлбеу және шеңбер бойымен қозғалыс кезінде Ньютон заңдарын қолдану әдістемесі».


Көлбеу жазықтық бойымен қозғалысқа есептер шығару әдістемесі. Денелер жүйесі қозғалысына есептер шығару әдістемесі. Шеңбер бойымен қозғалысқа есептер шығару әдістемесі.


8

(2) § 63

9

«Жұмыс. Энергия. Энергияның сақталу заңына есептер шығару әдістемесі».


Механикалық жұмыс. Жұмыс пен энергияның арасындағы байланыс. Энергияның сақталу заңына есептер шығару әдістемесі.


9

№ 392, 398, 399.

(18)


10

Молекула – кинетикалық теория негіздері» тақырыбына есептер шығару әдістемесі.


МКТ негізгі қағидалары. МКТ негізгі теңдеуі. Идеал газ күй теңдеуі және изопроцестерге есептер шығару әдістемесі.


10

№ 2.24, 2.36, 2.39, 2.80, 2.84, 2.95, 2.106.

11

«МКТ негіздері. Термодинамика» бойынша бақылау жұмыстары.


Бақылау жұмысы №3.

11




12

«Электростатика»


Негізгі мектепте берілген тақырыпқа есептер шығаруға қажетті негізгі білім элементтері.

Негізгі мектепте берілген тақырыпқа есептер шығарудың ерекшеліктері.



12

(2) § 86-89, (12) № 3.31,3.37, 3.70, 3.73, 3.112, 3.134, 3.141

13

«Магнит өрісі»


Магнит өрісінің индукциясы. Био – савар –Лаплас заңы. Дөңгелек токтың цетріндегі, түзу өткізгіштің маңындағы магнит өрісінің индукциясын есептеу.

13




14

«Оптика»


- «Геометриялық оптика» тақырыбына 11 класта есептер шығару әдістемесі.

- «Жарықтың толқындық қасиеттері» тақырыбына 11 класта есептер шығару әдістемесі.




14

(2) Гл. 3, Гл. 36

15

«Атом және атом ядросы»


- берілген тақырыпқа орта мектепте есептер шығару әдістемесі.

- Атомның энергия шығаруына, байланыс энергиясына есептер шығару әдістемесі.



15

(2) Гл. 10, (7) № 1140-1146; 1150, 1151


7. Практикалық сабақтар үшін әдістемелік нұсқаулар

Оқу материалын меңгеру үшін әртүрлі жолдарды пайдаланған тиімді. Практикалық сабақтар төрт компоненттен тұрады: дәрісханадағы жұмыс, үй жұмысы, жеке жұмыс және бақылау жұмысы. Барлық компоненттерде де есеп шығарылуы тиісті.

Есеп шығару дегеніміз – берілген кестелік шамалар арқылы, белгісіз шаманы анықтау.

Салыстырмалы түрде есепті жеңіл шығару үшін, есепті шығарудың стандартты ретін ұстауларын қажет етеді:



  1. Есепті мұқият оқып шығып, оның математикалық шарттарын жазып алу керек. Сонымен бірге бірдей шамаларды ұқсас әріптермен белгілеу керек. (Бір шаманың әр түрлі мәндерін индекстері әр түрлі бір әріппенен белгілейді, ал бірдей индекстермен бірдей объектіге (күйге) қатысты әріптерді белгілейді.

  2. Барлық берілген шамаларды бір өлшем бірліктер жүйесіне көшіру қажет. Бұл жағдайда нәтижені есептеу керек емес. Себебі, әрбір жауапқа әрекеттердің бөлігін қойған кезде, басы артық болуы мүмкін, есептің шартында және жауабында физикалық шамаларды олардың аттарымен жазу керек. Әрекеттерді орындаған кезде, барлық шамалар өлшемділіктеріменен қойылады.

  3. Қажетті тұрғызулармен суреттерді жасаңыздар.

  4. Есептің шартын ойлаңыздар. Есепте қандай процестер жүзеге асады және олар қандай заңдылықтарға бағынады. Есепті шығару жолының мысалын көрсетіңдер. Бұл жағдайда белгісіз шама – сізді алға жетелейді, ал белгілі – есепті шығарудың белгілі тәсілін ойыңызға түсіреді.

  5. Анықталатын шама енетін сәйкесті өрнек қажетті жағдайда, кітапты немесе конспектіні пайдалану арқылы өтілген материалдардан таңдап алынады. Таңдап алу, шығармашылық процесс. Есепті шығарудың ең тиімді жолын таңдап алуымыз керек. Бұған студенттерді үйретуге болмайды. Себебі есептерді шығарудың жолдары, есептердің өздерінен бірнеше есе артық. Бірақ бұған жеткілікті түрде есептердің санын шығару процесінде және кездесетін барлық сұрақтарды анықтаған кезде, үйренуге болады (есеп негізделген теорияны түсіндірген жағдайда, ал теория меңгерілмеген жағдайда, мұндай есептерді шығару ерте.) Таңдап алынған қатынастың түрлерін жазып алыңыздар.

  6. Сіздің есепте берілген нақты процесске қатысты таңдап алынған қатынасты берілген және іздеп отырылған шамалардың белгіленулерін мүмкіндігінше пайдаланып жазыңыздар. Қатынасты қарапайым түрге келтіріңіздер.

  7. Алынған теңдеуді қарастырыңыздар. Егер онда бір белгісіз шама болса, оны табыңыздар, сонда сіз есептің әріптік жауабын шығарып аласыңдар, яғни іздеп отырылған шаманы берілген және кестелік шамалар арқылы шаманы өрнектеу арқылы.

Егер, есепте белгісіз шамалар бірнешеу болса, онда заңды анықтаманы жалпы түрде немесе жалпы формуланы тағы да таңдап алып, жазу қажет. Одан басқа белгісіз шаманы табуға болады (Берілген есепте, мұндай жазу болмаған жағдайда) 6 пункттағы әрекеттерді қайталаңыздар және алынған теңдеулердің жүйесін қарастырыңыздар.

Егер, белгісіз физикалық шамалардың саны теңдеулердің санынан артық болса, толық теңдеулер жүйесін алғанға дейін қайталау керек, яғни белгісіз шамалардың саны теңдеулердің санына тең болғанша.

8. Ізделініп отырған шамаға қатысты теңдеулердің толық жүйесін белгілі бір алгебралық тәсілмен шығару қажет.

Есепті шығарудың осындай деңгейінің қажеттілігі өте үлкен. Себебі, осы жерде жіберілген қате есептің дұрыс шығармауына әкеп соқтырады. Сонымен бірге, бұл жерде математикалық білімді тек қана дұрыс қолдану қажеттілігін ойламау қажет.

9. Кей жағдайда, теңдеулер жүйесін құрастырудың орнына, әрбір белгісіз шаманы тауып, ізделініп отырған шаманың теңдеуіне қойған оңай болады. Сөйтіп, бұл теңдеуде, жаңа белгісіз шамалар пайда болуы мүмкін. Оларды, бұрынғы әдістермен іздейді. Ақырында теңдеуде, белгісіз шама қалмайды. Пайда болған бір белгісіз бар теңдеуді шешу арқылы есептің таңбамен берілген жауабы шығарылады. Жауапта кейбір берілген шамалар қатыспауы мүмкін. Себебі, есепті басы артық берілгендер болады.

10. Таңбалық жауапқа берілген және кестелік шамалардың сан мәндерін және өлшемділіктерін қойыңыздар. Егер соның нәтижесінде дұрыс емес өлшемділік шықса, ол жіберілген қателікті тура көрсетеді. Ал, дұрыс өлшемділік есептің дұрыс шығарылғандығының дәлелі емес. Есептеулерді логарифмдік сызғышты пайдаланып шығарады және оның дәлдігімен, яғни үш мәнді цифрмен шектеледі. Мүмкіндігінше, аралық шамаларды есептеудің қажеті жоқ. Мысалы, таңбалы жауапты әрекет көбейту мен бөлумен шектелетін болса, онда бірден жауап есептелінеді.

Есептер әр түрлі болады: қиын, жеңіл. Есептің күрделілігі – қиындығы, ондағы әрекеттердің санының артуына байланысты. Ал, санның артуы берілген есепте пайдаланылатын теориялық мағлұматтардың аймағының кеңейуімен байланысты. Бірақта осыған қарамастан есептің шығарылу әдісі бұрынғысынша қалады.

Есепті өз беттеріңізбен шығарыңыздар. Шығару барысында кітапқа немесе конспектіге үңілуге болады. Есепті шығару барысында, математикалық қателіктер жіберуге болмайды.


8. Зертханалық сабақтар үшін әдістемелік нұсқаулар (оқу жоспарында зертханалық жұмыстар қарастырылмаған)

9. Студенттердің өздік жұмысы үшін материалдар:

1. «7 сыныптың оқу материалы бойынша есеп шығару сабағына ойын элементтері қолданылатын есептерді жинақтау»



Ескерту: Ойын сабағы ретінде өткізілетін физика пәні бойынша есептер шығару сабағының сабақ жоспарын дайындау.

2. «Қысым» тақырыбы бойынша есептер құрастыру. Ескерту: тек 7 клас материалы бойынша. (учебник «Физика и астрономия 7кл.»)

3. Оқушылар үшін эксперименттік үй тапсырмаларын дайындау.

4. Әртүрлі деңгейдегі есептер бойынша дидактикалық карточкалар дайындау.

Ескерту. Төмендегі тақырыптардың ішінен өзінің номерін алады. Кем дегенде 1 деңгейге екі есептен.(А,В,С деңгейлері)

5. «Жұмыс. Энергия. Энергияның сақталу заңы» тақырыбына тесттік тапсырмалар дайындау. Ескерту. Әр студент 10 сұрақтан құрастырады.

6. Берілген тақырыптар бойынша тесттік тапсырмалар дайындау.

Ескерту. Төмендегі тақырыптардың ішінен өзінің номерін алады. Кем дегенде екі нұсқада дайындайды.(ІІ,І нұсқа)

7. «Қатты дене динамикасы» тақырыбы бойынша деңгейленген тапсырмалар дайындау.



Ескерту: Профильді мектептерде жаратылстану бағытында оқитын оқушылар үшін .

8. «Тұрақты ток» тақырып бойынша 8 класқа физикалық диктант дайындау.

9. «Тұрақты ток» тақырыбына 10 класқа арналған деңгейленген бақылау жұмысын дайындау.

10. 8 класс үшін «тұрақты ток» тақырыбына бақылау жұмысын дайындау.



Студенттерге берілетін тақырыптар.

1. Кинематика негіздері.

2. Динамика негіздері.

3. Механикадағы сақталу заңдары.

4. Тербелмелі және толқындық заңы.

5. Кванттық физика, атом және атом ядросы.

6. Молекула – кинетикалық теория негіздері.

7. Агрегаттық күйлер және олардың өзгеруі.

8. Термодинамика негіздері.

9. Электростатика.

10.Тұрақты электр тогы.

11. Әртүрлі ортадағы электр тогы.

12. Магнит өрісі.

13. Электромагниттік индукция құбылысы.

14. Геометриялық оптика.

15. Ядролық физика.

16. Толқындық оптика.

10. Сараманнан өту оқу жоспарында жоспарланбаған.

11. Білімді бағалау материалдары

Бағалау мынадай принцптерге сүйенеді.



    1. Объективтілік

    2. жоғары дифференциальдық

Бағалау саясаты



«Физикалық есептерді шығару әдістемесі» пәні бойынша білімді бағалау кестесі


Бағалау критериясы


Бағалау түрі

Атпа

Жұмыс үшін %

Барлығы

%


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Практикалық сабаққа қатысу белсенділігі.

0,3

5

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

2

СӨЖ бойынша тапсырмалары тапсыру. (есептерді)

1

30

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+




+

+

3

Бақылау жұмысы

2

10



















+

+







+




+




+

4

Жеке тапсырма

1,5

15







+




+




+







+

+

+

+




+

5

Емтихан




40-100%














































Барлығы




100%

















































Балл

30

29

28

27

26

25

24

23

22

21

20

19

18

17

16

15

Пайыз %

100

97

93

90

87

83

80

77

73

70

67

63

60

57

53

50

Балл

14

13

12

11

10

9

8

7

6

5

4

3

2

1

0




Пайыз %

47

43

40

37

33

30

27

23

20

17

13

10

7

3

0







Бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы

Бағаның пайыздық баламасы %

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

А

4,0

95-100

өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз


Курс саясаты және іс-жосығы

Курс саясаты оқу үрдісінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз ету қажет және барлық студенттер үшін міндетті. Әрбір оқытушы студенттерге, олардың сабақтардағы тәртібін, оқытушымен қарым қатынасы және талап жүйелерін қояды.


1. Сабаққа кешікпеу.

2. Сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефонды сөндіру.

3. Сабақты жібермеу. Қалдырылған жағдайда ауруы жөнінде анықтама тапсыру. Студент пәннің 1/3 бөлігін себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.

4. Студенттер оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.

5. Үй және жеке баяндамасы, хабарлама және т. б. тапсырмалары міндетті түрде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Тапсырмалар негізінде қорытынды баға шығарылады.

6. Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындау арқылы тексеріледі.



7. Пікірлесу сабақ кестесі бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау, тест тапсырмаларын орындау арқылы жүргізілуі мүмкін.
1,2 Бақылау жұмысы

Тақырыбы: “Материялық нүктенің кинематикасы мен динамикасы”

І вариант

1-есеп. Автомобиль барлық жолының жартысын км/сағ, ал қалған бөлігін км/сағ жылдамдықпен жүрді. Автомобильдің орташа жылдамдығы неге тең?

2-есеп. Болат сым 4400 Н күш түскенде ғана үзіледі. Осы сымға ілінген салмағы 3900 Н жүкті қандай үдеумен жоғары көтеруге болады?

3- есеп. Массасы 240 кг қайықтың үстінде массасы 60 кг адам тұр. Қайық 2 м/с жылдамдықпен жүзіп келеді. Егер адам 4м/с жылдамдықпен қайықтың жүзу бағытына қарама-қарсы бағытта секірсе, қайықтың жылдамдығы неге тең болады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет