«Физикалық география» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып
Биосфера
Оқу мақсаты
7.3.4.2 Топырақ құрамын, түрлерін анықтап, құрылымын графикалық түрде көрсетеді
7.3.4.3 Қазақстанда топырақ түрлерінің таралуын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану.
Жоғары деңгей дағдылары
Бағалау критерийі
Білім алушы
Топырақ құрамын, түрлерін ажыратады.
Топырақ құрылымын графикалық түрде бейнелейді.
Қазақстанда топырақ түрлерінің таралу себептерін дәлелдейді.
Орындау уақыты20 минут
Тапсырма
Берілген сұрақтарға жауап беріңіз,тапсырмаларды орындаңыз:
Топырақ дегеніміз -
Топырақ түзуші факторларды сызбаға толықтырыңыз.
Сипаттама арқылы топырақтың түрін анықтаңыз және механикалық құрамын толықтырыңыз.
Бұл топырақ орманды- дала және дала зоналарында кең таралған. Көп жылдық шөпті өсімдіктер астында, борпылдақ жыныстарда түзілген және аса құнарлы топырақ деп саналады.
Топырақ түрі
Механикалық құрамы
d.Құрылымы жоқ топырақтың құнарсыз болу себебін түсіндіріңіз.
Берілген суретке қарап, топырақ қабаттарын анықтаңыз және ерекшелігін жазыңыз.
Қазақстанның физикалық картасы берілген
Картада көрсетілген табиғат зонасын анықтаңыз.
Карта арқылы осы табиғат зонасындағы топырақ түрін анықтаңыз
Осы табиғат зонасында кездесетін топырақтың құнарлығы жоғары. Себебін түсіндіріңіз.
Осы табиғат зонасынан солтүстікке қарай топырақ гумусының жоғары болуы неге байланысты екендігін түсіндіріңіз.