Тілдік семьялары
Тілдік семьялар:
|
Топтары:
|
|
Үнді-Еуропалық
тіл семьясы
|
Славян тобы
|
Орыстар, украиндар, белорустар, поляктар, чех, словактар, хорват, сербтер, словен, болгарлар
|
Балтық тобы
|
Латыштар, литвалықтар
|
Герман тобы
|
Немістер, австралиялықтар, швейцарлар, шведтер, норвегтер, голанд, фламандтар, бурлар, суринамдар, АҚШ американдары, ағылшын, шотландтар, ағылшын-Аустралиялықтар, ағылшын-канадалықтар, ағылшын- Жаңа Зеландиялықтар
|
Роман тобы
|
Итальяндар, француздар, испан, мексикалықтар, кубалықтар, аргентиналықтар, бразилиялықтар, португалдар, румындар, молдовандар, чилиліктер
|
Грек тобы
|
Гректер
|
Албан тобы
|
Албандар
|
Иран тобы
|
Парсылар, курдтар, осетиндер, тяжіктер, ауған, хазарлар, белуждар, пуштундар
|
Армян тобына
|
Армяндар
|
Үнді-арий
тобы
|
Бенгал, ассамдар, пенджабтар, синдхилер, хиндустар, бихарлар, ражастхандар, гужараттар, маратхиилер, сингалдар, кашмир, непали, пахарилер
|
Алтай тіл семьясы
|
Түркі тобы
|
Қазақтар, татарлар, башқұрттар, чуваштар, қырғыздар, қарақалпақ, өзбектер, ұйғырлар, түрікмендер, әзірбайжандар, түріктер, алтай, шор, хакастар
|
Монғол тобы
|
Халха-монғолдар, қытай-монғолдар, қалмақтар, буряттар
|
Орыс тіл семьясы
|
Фин-угор
тобы
|
Финдер, карелдер, эстондар, венгрлер, ханты, мансийлер, мордва, марий, удмудтар, коми
|
Самодий тобы
|
Ненец, нгансан, селькуптар
|
Кавказ тіл семьясы
|
|
Грузиндер, аджарлар, кабарда, шешен, абхаз, черкес,
Дағыстан халықтары
|
Қытай-тибет
тіл семьясы
|
Қытай тобы
|
қытайлар
|
Тибет-бирма
тобы
|
Тибеттер, бирмалықтар, невар, магар, чин, нага, карен
|
Семит-хамит тіл
семьясы
|
Семит тобы
|
Араб халықтары, Израиль еврейлері, ахмара, тигре, тиграйлар
|
Кушит тобы
|
Сомалилер, оромхо, божа, т.б.
|
Бербер тобы
|
Туарег, шлех, кабия
|
Чад тобы
|
хауса халықтары
|
Австронезия тіл
семьясы
|
|
Индонезиялықтар, малайлар, филиппиндіктер, гаошаньдар, малагасийлер, полинезия халықтары, фиджиліктер, микронезия халықтары
|
Дүниежүзілік діндер
Дін өзінің кең таралуы мен маңызына қарай бөлінеді: әлемдік дін және ұлттық дін
Дүние жүзі халқы ұстанатын әлемдік 3 дін: Ислам діні, Христиан діні, Буддизм
Христиан діні
Христиан діні пайда болды: 2 мың жыл бұрын қазіргі Израиль жерінде
Христиан дінінің 3 тармағы бар: католик, протестант, православие
Христиан дінін Ұстанушылардың жартысынан астамы: католиктер
Католиктер көп таралған: Еуропаның оңтүстігінде, Орталық және Оңтүстік Америкада, Филиппинде
Католиктік шіркеулердің басшысы: рим папасы
Дүние жүзі католиктерінің жиналатын жері: Ватикан
XVІ ғасырда Еуропада Рим папасының басшылығынан бас тартқан – діни ағымның жаңа өкілдері: протестанттар
Көптеген шіркеулер мен ағымдардан, секталардан тұратын протестантизм таралған аймақтар: Солтүстік Еуропа, Ұлыбритания, Германия және Солтүстік Америка
Христиандардың 1/10-і: православие тармағының өкілдері
Бір-біріне тәуелсіз жеке шіркеулерге қарайды және әр шіркеуді өзінің патриархы басқарады: православиялық шіркеулерде
Православие тармағын ұстанушылар кең таралған: Шығыс және Оңтүстік Еуропа елдерінде Ресейде
Дүние жүзі бойынша әлемдік діндер ішінде христиан дінін ұстанушылар саны бойынша: біріншілікке ие
Ислам діні
Ислам діні пайда болды: 610 жылы Арабия түбегінде
Ислам дінін ұстанушылар екі тармаққа бөлінеді: суниттер, шииттер
Ислам дінінің шиит тармағы басым таралған: Иранда, Оңтүстік Ирак пен Солтүстік Йеменде
Ислам дінінің суннит тармағы таралған: басқа мұсылман елдерінде
Мұсылмандар үшін қасиетті жер болып саналады: Сауд Арабисындағы Мекке (Мұхаммед пайғамбардың туған жері), Медине (Мұхаммед пайғамбардың жерленген жері)
Мұсылмандар негізінен шоғырланған: Азияда
Соңғы уақыттарда мұсылмандардың саны біршама көбейді: Африка және Еуропа елдерінде
Мұсылмандардың саны жөнінен көзге түсетін елдер: Индонезия (160 млн адам), Пәкістан (126 млн адам), Үндістан (100 млн адам)
Мұсылман дінін ұстаушылар саны жөнінен алады: 2 орынды
Буддизм
Әлемдік діндердің ең ежелгісі: Буддизм
Буддизмнің негізін қалаған: б.з.д. VІ ғ. Үндістанда тұрған принц Сидхартха Гаутама
Буддизм таралған аймақтар: Қытай, Жапония, Корея, Шри-Ланка, Тибет, Тайланд, Монғолия, Бутан, Вьетнам, Камбоджа, Лаос, Мьянма
Буддизм дінінің қауымдастықтары бар: Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Азияның елдерінде
Ұлттық діндер
Аса ірі ұлттық діндерге жатады: индуизм, иудаизм, конфуцийлік, синтоизм
Белгілі бір ұлт өкілдерін қамтитындықтан, таралу ауқымы дүние жүзілік діндерге қарағанда тар: ұлттық діндер
Индуизм пайда болды: б.з.д. VI ғ. Үнді өзенінің орта ағысында
Индуизм діні басым: Үндістан, Непал, Шри-Ланка
Иудаизм пайда болды: б.з.д. VIІ ғ. Қазіргі Палестина жерінде
Иудаизм дінін ұстанады: тек еврей ұлтының өкілдері
Иудаизм дінінің қасиетті кітабы: Тора
Дүние жүзі бойынша еврейлердің саны: 13 млн адам
Иудаизм діні таралған аймақ: Израиль мемлекеті мен еврейлер қауымдастығы бар жерлер
Дүние жүзі бойынша еврейлердің жартысына жуығы тұрады: Солтүстік Америкада
Конфуцийлік пайда болды: б.з.д. VI ғ. Қытай жерінде
Конфуцийлік діннің негізін қалаған: философ, қоғам қайраткері – Конфуций (Кун-Цзы)
Конфуцийлік діннен гөрі ұқсайды: философиялық ілімге
Конфуцизм негізделген: моральдік кодексті, жанұяны құрметтеу және ата-бабалардан қалған мәдени мұраны сақтау
Синтоизм дінінің негізі қаланды: VI-VIII ғғ. Жапония жерінде
Жапон тілінен аударғанда «Құдайлар жолы» деген ұғымды білдіреді: синтоизм
Синтоизм дінінің қалыптасуына әсер етті: буддизм, конфуцийлік, даосизмнің
Табиғаттың тылсым күшіне және ата-бабаларынан қалған мәдени құндылықтарға және тұрмыс-салтқа байланысты дәсүрлерге мәне беру табыну: Синтоизмнің негізі
Достарыңызбен бөлісу: |