Мыс зауытын орналастырудағы негізгі ескеретін жағдай: шикізат көзіне жақын орналастырады, өйткені 1 т таза мыс алу үшін 100 т шикізат өңдеу керек
Құрамында бірнеше металл кездесетін кен: полиметалл кендері
Қорғасын мен мырыштың мол қоры шоғырланған: Шығыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстанда
Қорғасын-мырыш комбинаттарын орналастыру принципі: шикізат көзіне жақын салу
Полиметалл кен орындары шоғырланған таулар: Риддер,_Зырян,_кен_орындары),_Жоңғар_Алатауы_(Текелі),_Қаратау_(Мырғалымсай,_Байжансай,_Ащысай)'>Кенді Алтай (Риддер, Зырян, кен орындары), Жоңғар Алатауы (Текелі), Қаратау (Мырғалымсай, Байжансай, Ащысай)
Алтайдағы полиметалл кенін пайдаланып, жұмыс істейді: Өскемендегі қорғасын-мырыш комбинаты
Полиметлл комбинаты жұмыс істейді: Риддерде
Титан-магний зауыттары жұмыс істейді: Өскеменде
Еліміздегі ауасының түрлі-түсті металл қалдықтарымен ластануы жөнінен 1 орындағы қала: Риддер
Қазақстандағы ең ірі қорғасын зауыты: Шымкент қаласында
Қаратаудағы Мырғалымсай, Ащысай, Байжансай кен орындарымен жұмыс істейді: Шымкент қаласындағы қорғасын зауыты
Орталық Қазақстанда түсті металдар кен орындарының қоры мол болуына байланысты дамыған: түсті металлургия
Алюминий таза күйінде кездеспейтіндіктен, оның негізгі шикізаты болып табылады: боксит, алунит, нефелин
Бокситтің негізгі кен орындары: Ақмола және Торғай уезі (Арқалық бокситі)
Алюминий өнеркәсібін орналастыруда ескеретін жағдай: арзан электр энергиясын өндіретін аудандарға салу, өйткені 1 т алюминий алу үшін 18000 КВт сағат энергия керек
Еліміздегі алюминий зауыты орналасқан: Павлодар қаласында
Сирек кездесетін металдардың қорының шоғырлануы бойынша көзге түседі: Орталық Қазақстан
Сирек кездесетін металдарға жатады: вольфрам, молибден, уран, германий, сынап, висмут және т.б.
2007 жылғы мәлімет бойынша Қазақстан дүние жүзінде ураннан: 1 орын
2007 жылғы мәлімет бойынша Қазақстан дүние жүзінде хром, марганец қоры жөнінен: 2 орын
2007 жылғы мәлімет бойынша Қазақстан дүние жүзінде мырыш, молибден, қорғасын, мыс, вольфрам, және алтын қорынан: алғашқы бестікте
2007 жылғы мәлімет бойынша Қазақстан дүние жүзінде мұнай, темір, қалайы қорынан :алғашқы ондықта
Жеңіл металдар тобына жатады: алюминий, магний, титан
Ауыр металдар тобына жатады: қорғасын, мырыш, мыс, никель, қалайы
Бағалы металдар тобына жатады: алтын, күміс, платина
Сирек кездесетін металдар тобына жатады: германий, уран, галий, сынап
Баяу балқитын металдар тобына жатады: вольфрам, молибден