АУСТРАЛИЯ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ Аустралияның жер көлемі: 7,6 млн шаршы шақырым
Ауданы бойынша дүниежүзінде алады: 6 орынды
Ауданы жөнінен ең кіші, ең құрғақ, оңтүстік және шығыс жарты шарда орналасқан материк: Аустралия
«Аустралия» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына береді: оңтүстік
Аустралия солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр: 3200 шақырымға
Батыстан шығысқа қарай: 4100 шақырымға
Аустралияны қандай мұхиттар шайып жатыр: Тынық, Үнді
Материктің солтүстігінде құрлыққа сұғына кіріп жатқан шығанақ: Карпентарий
Материктің оңтүстігінде құрлыққа сұғына кіріп жатқан шығанақ: Үлкен Аустралия
Материктің оңтүстік шығысында орналасқан: Тасмания аралы
Солтүстігінде орналасқан: Кейп түбегі
Солтүстік шығысында орналасқан: Жаңа Гвинея аралы
Материкті XVIII ғасырда зерттеп, Жаңа Зеландия мен Аустралияның шығыс жағалауын ашып, Тынық мұхитының көптеген мәліметтер берген ағылшын саяхатшысы: Джеймс Кук