Халықтардың тілдік құрамы
Кез келген ұлттың негізгі белгілерінің бірі: тіл
Дүние жүзіндегі тілдерді топтастырады: 20 тілдік семьяға, 45-тен астам тіл тобына
Ең көп таралған тілдік семья: үнді-еуропалық тіл семьясы
Әлем халқының басым бөлігі қандай тіл семьяларының тіл топтарында сөйлейді: үнді еуропалық (40%), қытай-тибет (20%), нигер-кордофан (8%), афроазиялық (7%)
Дүние жүзіндегі кең таралған тілдерге жатады: қытай тілі, испан тілі, ағылшын тілі, бенгал тілі, хинди тілі, араб тілі, португал тілі, орыс тілі, жапон тілі, неміс тілі
Халық ең көп сөйлейтін тіл: қытай тілі (1 млрд 223 млн адам)
БҰҰ-ның жұмыс тілдері, кең тараған 6 тіл: ағылшын, француз, орыс, испан, араб, қытай
Әлемде ешқандай тілдік семьяға, тілдік топқа жатпайтын оқшау тілдер: жапон, корей тілдері
Мемлекетте басқа ірі этностар саны басым болған жағдайда қос тілдік орын алады, оны атайды: билингвизмм (Мысалы, Канада – ағылшын, француз)
Африканың бұрынғы отарлардан қалған мемлекеттік тіл дәрежесіне ие болған тілдері: 21 елінде француз, 19 елінде ағылшын тілі, 5 елінде португал тілі
Этнолингвистердің айтуынша бүгінгі күні бір-бір адамнан сөйлейтін өкіл ғана қалған: 20 тілде
Эскимос тіл тобына жататын эяк тілінде сөйлейді: апалы-сіңілі екі адам
Достарыңызбен бөлісу: |