Физикалық оқу экспериментінің маңызы және жүйесі



бет1/3
Дата23.07.2022
өлшемі147,65 Kb.
#147693
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Ôèçèêàëû? î?ó ýêñïåðèìåíò³í³? ìà?ûçû æ?íå æ?éåñ³


Физикалық оқу экспериментінің маңызы және жүйесі.



  1. Физикалық оқу эксперименті деп

А. Сабақта мұғалім мен оқушылардың сұрақ – жауабы арқылы оқу материалы ауызша баяндалып, түсіндірілуі.
В. Арнаулы приборлардың жәрдемімен физикалық процестерді демонстрациялап көрсету және оқушылардың өздерінің істеп, зерттеп, бақылауы.
С. Мектеп физика курсы мазмұнының физика ғылымының даму деңгейіне сәйкес келуі.
D. Физиканы оқыту процесіне байланысты мұғалімнің басшылығымен оқушылардың сабақтан басқа уақытта істейтін қосымша жұмыстары.
Е. Оқушыларды оқулықпен, ғылыми – көпшілік әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.

2. Ұйымдастыру формасына қарай физикадағы оқу экспериментінің жүйесі мынадай 6 түрден құралады.


А. Демонстрациялық экспермент, лабораториялық эксперимент, кластан тыс жұмыстар, жеке лабораториялық жұмыс, программалап оқыту.
В. Зерттеушілік, эврикалық, иллюстративтік, демонстрациялық, фронталь лабораториялық жұмыс, лабораториялық практикум.
С. Демонстрациялық экспермент, лабораториялық практикум, фронталь лабораториялық жұмыс, олимпиадалық есептер шығару, жеке лабораториялық жұмыс, иллюстративтік лаборатория.
D. Демонстрациялық экспермент, лабораториялық эксперимент, физикалық практикум, кластан және мектептен тыс жүргізілетін эксперимент, эксперименттік есептер шығару, қолдан физикалық приборлар мен көрнекілік құралдар жасау.
Е. Кластан және мектептен тыс жүргізілетін эксперимент, жеке лабораториялық жұмыс, фронталь лабораториялық жұмыс, демонстрациялық экспермент, қолдан физикалық приборлар мен көрнекілік құралдар жасау, лабораториялық практикум.

3. Физикалық эксперименттің «салмағын» арттыру қандай мақсатты жүзеге асыруға бағытталған?


А. Физика кабинетін жабдықтауға.
В. Оқушыларды ұқыптылыққа, ізденушілікке, төзімділікке үйретуге.
С. Физикалық білімнің мазмұнын қазіргі физика ғылымының даму дәрежесіне сәйкестендіру.
D.Қолдан физикалық приборлар мен көрнекі құралдар жасауға.
Е. Экспернименттің сапалы өтуін қадағалауға.

4. Физикалық демонстрациялық эксперменттің әдістемелік құндылығы мұғалімнен мынадай шарттарды орындауды талап етеді.


А. Тәжірибе өтіліп жатқан оқу материалымен тікелей органикалық байланыста көрсетілуі керек.
В. Демонстрациялық эксперменттің айқын мақсаты болуы тиіс.
С. Физикалық экспериментті нәтижелі көрсетуде физика мұғалімінің әдістемелік шеберлігі өте – мөте қажет, оған кезінде тиісті түсінік және қорытынды керек.
D. Тәжірибенің бірнеше варианттарынан, жаңа сабақты түсіндіруде олардың ең көрнекісі, әсері күштісі көрсетілуі керек.
Е. Барлығыда дұрыс.

5. Мектепте өткізілетін лабораториялық эксперменттің белгі – ерекшеліктеріне қарай неше топқа классификацияланады?


А. 5 В. 6 С. 3 D. 4 Е. 2

6. Лабораториялықэксперментке оқушылардың қатыстырылуы бойынша қандай болып бөлінеді?


А. Толық бір сабақ бойы, сабақта қысқа уақыт мерзімінде, физикалық практикум деп аталатын ұзақ уақыт бойы, кластан тыс уақытта өткізілетін экспермент.
В. Олардың барлығы түгел міндетті түрде орындайтын кластық лабораториялық жұмыстар, кластан тыс уақытта, физикаға қызығушы оқушылардың ғана істейтін лабораториялық жұмыстары.
С. Сандық және сапалық лабораториялық жұмыстары.
D. Зерттеушілік, эврикалық, иллюстративтік лабораториялық жұмыстары.
Е. Фронталь, әр түрлі жұмыстар жүйесі, физикалық практикум.

7. Өткізілетін орны мен уақыты бойынша лабораториялық жұмыстар төмендегідей топтарға бөлінеді


А. Сандық және сапалық лабораториялық жұмыстары.
В. Толық бір сабақ бойы, сабақта қысқа уақыт мерзімінде, физикалық практикум деп аталатын ұзақ уақыт бойы, кластан тыс уақытта өткізілетін экспермент.
С. Зерттеушілік, эврикалық, иллюстративтік лабораториялық жұмыстары.
D. Фронталь, әр түрлі жұмыстар жүйесі, физикалық практикум.
Е. Демонстрациялық экспермент, лабораториялық эксперимент, кластан тыс жұмыстар, жеке лабораториялық жұмыстар.

8. Сабақта қысқа уақыт мерзімінде орындалатын лабораториялық жұмыстартың өту ұзақтығы.


А. 2 сағат В. 10 – 30 мин С. 3 – 4 мин D. 5 – 10 мин Е. 1 сағат

9. Лабораториялық экспериметтің сандық және сапалық болып бөлінуі неге байланысты?


А. Өткізілетін орны мен уақытына байланысты.
В. Лабораториялық эксперментке оқушылардың қатыстырылуына байланысты.
С. Өткізу тәсілдеріне байланысты.
D. Қойылу мақсатына байланысты.
Е. Лабораториялық эксперименттің мазмұнына байланысты.

10. Лабораториялық жұмысты орындау әдістемесінде мұғалімнің кіріспе түсінігіне қанша уақыт кетеді?


А. 3 – 5 мин В. 10 – 15 мин С. 2- 3 мин D. 15 мин Е. 6 – 7 мин

11. Лабораториялық эксперименттер өткізу тәсілдері бойынша келесідей топтарға жіктеледі.


А. Фронталь, әр түрлі жұмыстар жүйесі, физикалық практикум.
В. Сандық және сапалық лабораториялық жұмыстары.
С. Кластан және мектептен тыс жүргізілетін эксперимент, жеке лабораториялық жұмыс, фронталь лабораториялық жұмыс, демонстрациялық экспермент, қолдан физикалық приборлар мен көрнекілік құралдар жасау, лабораториялық практикум.
D. Зерттеушілік, эврикалық, иллюстративтік лабораториялық жұмыстары.
Е. Толық бір сабақ бойы, сабақта қысқа уақыт мерзімінде, физикалық практикум деп аталатын ұзақ уақыт бойы, кластан тыс уақытта өткізілетін экспермент.

12. Лабораториялық экспериметтің зерттеушілік, эврикалық, иллюстративтік болып бөлінуі неге байланысты?


А. Өткізілетін орны мен уақытына байланысты.
В.Лабораториялық эксперименттің мазмұнына байланысты.
С. Қойылу мақсатына байланысты.
D. Лабораториялық эксперментке оқушылардың қатыстырылуына байланысты.
Е. Өткізу тәсілдеріне байланысты.

13. Қысқа уақытты немесе бір сағаттық болатын лабораториялық жұмыс қалай аталады?


А. Эврикалық
В. Зертеушілік
С. Фронталь
D. Физикалық практикум
Е. Әр түрлі жұмыстар жүйесі.

14. Фронталь лабораториялық жұмыста...


А. Барлық оқушылар бір мезгілде бәрі бірдей жұмысты орындайды.
В. Тоқсанның не оқу жылының аяғында өткізіледі.
С. Оқу жылының аяғында 9 – 10 – 11 кластарда өткізіледі.
D. Оқушылар бір сағат ішінде бірнеше жұмысты қатар орындайды.
Е. Дұрыс жауабы жоқ.

15. Өтілген бірнеше тарауларға қатысты әр түрлі 10 – 15 лабораториялық эксперимент қойып, әр топ оқушыларға бір мезгілде әр түрлі жұмыстарды орындаттырады. Бұл қай лабораториялық жұмысқа тән?


А. Фронталь лабораториялық жұмыс.
В. Әр түрлі жұмыстар жүйесі.
С. Физикалық практикум.
D. Эврикалық лабораториялық жұмыс
Е. Сандық лабораториялық жұмыс.

16. Әр түрлі жұмыстар жүйесінің қолайсыздығы неде?


А. Лабораториялық жұмысты орныдау күнделікті өтілген тақырыппен байланысты болмайды.
В. Жұмысты орындау туралы әр жұмысқа әл түрлі нұсқау берудің мүмкіндігі қиын.
С. Жұмыстың нәтижесін класс болып талқылау ыңғайсыз.
D. Әр түрлі лабораториялық жұмыстарды ұйымдастыру, тексеру, қорытындылау да қолайсыз.
Е. Барлығыда дұрыс.

17. Физикалық практикум...


А. Өтілген бірнеше тарауларға қатысты әр түрлі 10 – 15 лабораториялық эксперимент қойып, әр топ оқушыларға бір мезгілде әр түрлі жұмыстарды орындаттырады.
В. Қысқа уақытты немесе бір сағаттық болатын лабораториялық жұмыс.
С. Тоқсанның не оқу жылының аяғында өткізіледі.
D. Оқу жылының аяғында 9 -10 -11 кластарда, 1 – 2 сағат бойы өткізіледі.
Е. Лабораториялық эксперментке оқушылардың түгел қатыстырылуына байланысты.

18. Кластан тыс эксперименттің білімдік және тәрбиелік маңызы:


А. Бізді қоршаған табиғат құбылыстары туралы өзінше қорытынды жасауға үйретеді.
В. Оқуға деген ынта - жігерді арттырады.
С. Физикалық құбылыстарды өздері қолымен істеп көріп, өлшеулер жүргізеді.
D.физикалық теория мен практиканың байланысын терең түсінеді.
Е. Барлығыда дұрыс.

19. Лабораториялық жұмысты орындау әдістемесінде оқушылардың жұмысты қорытындылауы


А. 3 – 5 мин В. 10 – 15 мин С. 2- 3 мин D. 15 мин Е. 6 – 7 мин

20. Лабораториялық жұмысты орындағанда физикалық құбылыстарды оқушылар...


А. Өздері бақылайды, тексеріп көреді.
В. Табиғат заңдылықтарын зерттейді.
С. Өз бетінше қорытынды жасауға үйренеді.
D. Физикалық процестерді танып – білуге және өмірде қолдануға мүмкіндік береді.
Е. Барлығыда дұрыс.

21. Лабораториялық жұмысты орындау әдістемесінде алынған нәтижелерді өңдеу қанша уақытқа созылады.


А. 3 – 5 мин В. 10 – 15 мин С. 7 - 10 мин D. 15 мин Е. 6 – 7 мин

22. Үйде, өндіріс объектілерінде экскурсия кезінде, физикалық кештерде, оқушылар сарайлары мен жас техниктер стансаларындағы секция жұмыстарында өткізілетін лабораториялық жұмыс.


А. Физикалық практикум.
В. Иллюстративтік лабораториялық жұмыс
С. Фронталь лабораториялық жұмыстар
D. Кластан тыс эксперимент.
Е. Әр түрлі жұмыстар жүйесі.

23. Лабораториялық жұмысты орындау әдістемесінде оқушылардың жұмыс істеу уақыты


А. 25 – 30 мин В. 10 – 15 мин С. 3 – 5 мин D. 45 мин Е. 10 – 20 мин

24. Иллюстративтік лабораториялық жұмысқа мысал бола алады...


А. Ньютонның екінші заңын тексеру.
В. Менделеев – Клайперон заңын анықтау.
С. Механикалық энергияның айналу және сақталу заңын түсіндіру.
D. Ғарышты зерттеудің ғылыми және практикалық маңызы.
Е. Жарықтың кванттық теориясын есептеу.

25. Металдар мен шала өткізгіштердің кедергілерінің температураға байланыстылығын зерттеу қай лабораториялық жұмысқа мысал бола алады?


А. Иллюстративтік.
В. Эврикалық.
С. Физикалық практикум.
D. Сапалық.
Е. Зерттеушілік.

26. Лабораториялық эксперимент жасау үстінде оқушылар...


А. Бізді қоршаған табиғат құбылыстары туралы өзінше қорытынды жасауға үйренеді.
В. Физика заңдарының практикалық маңызына түсінеді.
С. Физика ғылымының техникамен және өмірмен байланыстылығына сенеді.
D. физиканы оқытудағы формализмді жоюға жәрдемдеседі.
Е. Барлығы дұрыс.

27. Мектепте физикалық экспериментті тиісті дәрежеде өткізудің ең басты шарты неде?


А. Сабақта мұғалім мен оқушылардың сұрақ – жауабы арқылы оқу материалы ауызша баяндалып, түсіндірілуі.
В. Қолдан физикалық приборлар мен көрнекі құралдар жасауға.
С. Физика кабинетін жабдықтау және оның жұмысын жоспарлы түрде дұрыс жолға қоя білу.
D.Физикалық білімнің мазмұнын қазіргі физика ғылымының даму дәрежесіне сәйкестендіру.
Е. Тәжірибе өтіліп жатқан оқу материалымен тікелей органикалық байланыста көрсетілуі керек.

28. Оқушылардың физикалық приборлармен, аппаратуралармен жұмыс істеуге үйренуге мүмкіндік беретін жұмыс.


А. Практикалық сабақ.
В. Лабораториялық жұмыс.
С. Бақылау жұмысы.
D. Лекциялар.
Е. Өзіндік жұмыс.

29. Фронталь лабораториялық жұмыстың өзіндік қиыншылықтары:


А. Кластағы барлық оқушыларды бірдей приборлармен қамтамасыз етудің мүмкіндігі бола бермейді.
В. Бір жұмысты 3 – 4 оқушы бірігіп топ болып істегендіктен, олардың біреуі ғана өлшеумен айналысып, қалғандары тек бақылауға мәжбүр.
С. Жұмыстың приборларын тегіс бәріне бір мезгілде таратып, жинап алу мұғалімге оңайлыққа соқпайды.
D. Приборлардың аздығының болуы.
Е. Барлығыда дұрыс.

30. Физиканы оқыту процесіне байланысты мұғалімнің басшылығымен оқушылардың сабақтан басқа уақытта істейтін қосымша лабораториялық жұмысы қалай аталады?


А. Физикалық практикум.
В. Кластан тыс лабораториялық жұмыс.
С. Фронталь
D. Әр түрлі жұмыстар жүйесі.
Е. Зерттеушілік.Мпф 30
Блок 3 - Физиканы оқытудың әдістемесі
1. Мұғалімнің құрал- жабдықтарды корсете отырып физикалық құбылысты негізінен әңгіме, әңгімелесу, баяндау арқылы түсіндіру әдісі
А) Сөздік
В) Проблемалық
С) Практикалық
D) Көрнекілік
Е) Программалық
2. Сабақ жоспарын жасау...
А) Әр тақырыпты дайындаудан
В) Сабаққа конспекті жазудан
С) Оқу материалын тоқсанға беруден
D) Әр сабаққа дайындықтан
Е) Оқу жылына тақырыптық жоспар дайындаудан
3. Жүйедегі еркін тербелістер дегеңіміз...
А) Ішкі күштердің әсерінен болатын тербелістер
В) Сыртқы тұрақты күштердің әсерінен болатын тербелістер
С) Сыртқы периодты күштердің әсерінен болатын тербелістер
D) Жүйенің тепе- теңдігімен
Е) sin және cos заңдылықтары бойынша өзгеретін тербелістер
4. Дененің жылдамдық векторы мен үдеу векторының бағыты қарама- қарсы болуы мүмкін бе
А) Мүмкін
В) Тек қана шеңбер бойымен қозғалғанда
С) Мүмкін емес
D) Дене тұрақты жылдамдыкпен қозғалғанда
Е) Тек қана эллипс бойымен қозғалғанда
5. Молярлық массасы М= 32 10-3 кг/ моль газдың бір молекуласының массасы...
А) m0 =5,3 10-26кг
В) m0 =5,3 10-27кг
С) m0 =5,3 10-10кг
D) m0 =5,3 10-8 кг
Е) m0 =5,3 10-16кг
6. Изобарлық процесті сипаттайтын теңдеу (Гей- Люссак заңы)
А) V/T = const
B) p= nkT
C) VT = const
D) рV= const
E) p/ T= const
7. Жартылай өткізгішті диодтың негізгі функциясы...
А) Айнымалы электр тоғын түзету
В) Электр сигналдарын дыбыс сигналына айналдыру
С) Тұрақты тоқты айнымалы тоққа айналдыру
D)Электр сингалдарын күшейту
Е) Дыбыс сигналдарын электр сигналына айналдыру
8. Электролиз кезінде, t уақыт аралығында электролиттен өтетін ток күшін 4 есе ұлғайтсақ, электродта бөлінетін зат массасының өзгерісі
А) 4 есе артады
В) Барлық әсерлер малекулар қозғалысының бағытталған әсерінен болады
С) 2 есе артады
D) Өзгермейді
Е) 16 есе артады
9. Фотон дегеніміз...
А) Электромагниттік сәуле кванты
В) Массасы электрон массасына тең, заряды қарама- қарсы бөлшек
С) Қатты денелердегі «кемтік»
D) Позитрон
Е) Күшті әсерлесуге сәйкес бөлшек.
10. Мұғалімнің физикалық құбылыс және әр түрлі нысаналарды көрсете отырып түсіндіру әдісі
А) Көрнекілік
В) Практикалық
С) Сөздік
D) Проблемалық
Е) Зерттеу әдісі
11. Қолдану қорытындысында жаңа білімді меңгерумен бірге іздену, тәжірибе жасау, өлшеу икемділіктері мен дағдыны қалыптастыратын әдісі
А) Проблемалық
В) Көрнекілік
С) Сөздік
D) Практикалық
Е) Зерттеу әдісі
12. Сабақта мұғалімнің физикалық құбылысты арнаулы құрал- жабдықтар арқылы көрсете отырып түсіндіру әдісі
А) Зертханалық жұмыстар
В) Демонстрациялық эксперимент
С) Фронталь тәжірнбелер
D) Фронталь зертханалық жұмыстар
Е) Физикалық практикум
13. Центрге тартқыш үдеу нені сипаттайды
А) Жылдамдықтың модулі бойынша өзгерісін
В) жылдамдықтың бағытының өзгерісін
С) Дененің жылдамдығын
D) Тангенциалдық үдеудің бағытын
Е) Дененің массасын
14. Жерден көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалыс траекториясының ең жоғарғы нүктесіндеғе үдеудің бағыты. Үйкелісті ескермеңдер
А) g, төмен бағытталған
В) g, бағыты жылдамдық бағытымен сәйкес
С) g, жоғары бағытталған
D) g=0
Е) g, траектория бағытымен.
15. Дененің қисық сызықты қозғалысындағы траекториясының кез- келген нүктесіндегі жылдамдығының бағыты
А) Траекторияға жанама бағытымен
В) Орын ауыстыру бағытымен
С) Доғаның хордасы бағытымен
D) Траекторияға нормал бағытымен
Е) Траекторияға сыртқы нормал бағытымен.
16. Газдың қандай күйі вакуум...
А) Молекуласы жоқ кеңістік
В) Молекулалар және электрмагниттік толқындар жоқ кеңістік
С) Молекулалардың әсерлесуі болмайтын газ күйін айтады
D) Молекулалардың орташа жүрген жолының ұзындығы молекулардың өлшеміне сай болатын газ күйін айтады
Е) Молекулалардың жүрген жолының орташа ұзындығы ыдыс өлшеміне
Жақын болатын газ күйін айтады.
17. Қайнау кезінде сұйық толық буланып болғандағы температура өзгерісі
А) Өзгермейді
В) Төмендейді
С) Басында көтеріледі кейін төмендейді
D) Кейбір сұйықтарда көтеріледі, кейбір сұйықтарда төмендейді
Е) Көтеріледі
18. Жартылай өткізгіштерде донорлық қоспа болғанда ұлгаятын бөлшектер...
А) Кемтіктер
В) Еркін электрондар
С) Еркін позитрондар
D) Еркін протондар
Е) Еркін нейтрондар
19. Контурдың конденсаторын сыйымдылығы екі есе үлкен конденсатормен ауыстырғанда еркін тербелістердің периодының өзгерісі
А) есе артады
В) есе азаяды
С) 2 есе артады
D) Өзгермейді
Е) 2 есе азаяды
20. Көздің хрусталигінің көмегімен алынған жалтырдағы (сетчатка) кескін бейнесі
А) Нақты кішірейген
В) Жалған кішірейген
С) Нақты үлкейтілген
Е) жалған үлкейген
21. Жарық сәулесінің тұсу бұрышы 20. Түскен сәуле мен шағылған сәуленің арасындағы бұрыш...
А) 400
В) 500
С) 1000
D) 200
Е) 250
22. экспериментте алынған ғылыми заңдылықтар... дұрыс
А) егерде олар теориялық түрде негіздеуді қажет етпесе
В) барлық жағдайда
С) олар теориялық түрде негізделген кезде
D) олар белгілі жағдайда анықталғанда
Е) тек бір ғана жағдайда
23. Ғылыми болжам- бұл...
А) алдын-ала бақылаудан кейінгі жорамал
В) әңгімелесу кезіндегі көзқарасқа сай пікір
С) процесті түсіндірген кездегі кез- келген пікір
D) ғылыми түрде дәлелденген тұжырым
Е) әңгімелескеннен кейінгі пікір
24. Ньютон өз еңбегінде, егерде денені биік тау басыннан 8 км/с жлдамдыкпен жіберсек, онда ол Жерді шеңбер тәріздес орбитамен айнала қозғалатының тұжырымдайды. Мына тұжырым... деп санауға болады.
А) теорияға негізделген эксперименттік факт
В) бақылаудың қорытындысы
С) болжау
D) теориялық жорамал
Е) эксперименттік факт теория арқылы дәлелденген
25. бассейінде жүзіп жүрген қайықтан суға алдымен бөрене тасталды, содан кейін темір білеуше тасталды. Су деңгейінің өзгерісі
А) Бөрене тасталғанда көтеріледі, темір тасталғанда өзгермейді
В) Екі жағдайда да өзгермейді
С) Ағаш бөрене тасағанда төмендейді, темір тасталғанда көтеріледі
D) Бөрене тастағанда өзгермейді, темір білеуше тастағанда томендейді
Е) Екі жағдайда да көтеріледі
26. Тік жоғары лақтырылған дененің бастапқы жылдамдығы VM= 16 м/с. Қандай биіктікте дененің кинетикалық энергиясы, сол дененің потенциалдық энергиясына тең болады (R= 10м/с2).
А) 6,4 м
В) 8,4 м
С) 5 м
D) 12 м
Е) 9,2 м
27. Менделеев- Клапейрон...
А) pV= mRT/ µ
B) pV= const
C) p = nkT
D) p/ T= const
E) p = nkT
28. Екі р-n ауысунның транзисторда қосылу бағыты (Жалпы база қосылған кезде)
А) Екі ауысу да тура бағытта
В) Бірінші р-n ауысу кері бағытта, ал екіншісі тура бағытта
С) Бірінші р-n ауысу тура бағытта, ал екінші кері бағытта
D) Екі ауысу да кері бағытта
Е) Екі диодтар қосылады
29. Жарық дисперсиясың түсіндіретін құбылыс
А) Ак жарықтың экрандағы өте жұқа саңылаудан өткеннен кейінгі түрлі- түсті қөрінісі
В) Перламутр раковинасындағы «түс ойыны»
С) Сабынның түрлі- түсті көбік шарлары
D) Күн кұркірегеннен кейінгі көрінетін кемпірқосақ
Е) Ньютон сақинасы
30. Түсу бұрышы -ның белгілі бір мәнінде екі ортаның шекарасына келіп түскен жарық сәулесінің түсу бұрышыныңсинусының сынубұрышының синусына қатынасы – n. Түсу бұрышын 3 есе азайтқандағы осы қатынастың өзгерісі
А) 3n
В) n
С) 3n1/2 /3
D) 1/3 n
Еn/2



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет