1.Мектеп физика курсының бірінші және екінші басқышының мазмұны мен жүйесі
Физиканы бірінші сатыдағы оқытудың мақсаты оқушыларды жоғарғы сыныптарда физиканы оқытуға дайындық және негізгі физикалық ұғымдармен, шамалармен таныстыру.
Физиканы екінші сатыдағы оқытудың мақсаты оқушылардың білімдерін тереңдету, дамыту және өздерінде бар білімдерін жан-жақты жағдайларға қолдану. Алған білімдерін пәнаралық байланыстарға қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
Орта мектепте физиканы оқытудың екінші сатысында мынадай негізгі міндеттер тұр:
физика пәнінен алған алғашқы білімдер жүйесін дамытуы;
оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, арттыру;
мамандық таңдауда оқушыларға бағыт-бағдар беру.
Достарыңызбен бөлісу: |