Физиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттері


Физиканы оқытудың білімділік мақсаты



бет2/3
Дата16.10.2022
өлшемі23,14 Kb.
#153247
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
0007722e-13b9a451
УМК 41-42
Физиканы оқытудың білімділік мақсаты:
1 Физика ғылымының негізімен, оның негізгі ұғымдарымен, заңдарымен, теориясымен таныстыру.
2. Оқушылардың санасында қоршаған әлемнің жаратылыс-тану-ғылыми көрнісін қалыптастыру. 3. Жаратылыстану-ғылыми зерттеулердің негізгі әдістеме-лерін меңгерту.
4. Политехникалық білім беру.


Физиканы оқытудың тәрбиелік мақсаты:
1. Диалектикалық-материалистік дүниетанымды қалыптастыру.
2. Оқушыларды танымдық және практикалық іс-әрекетте дұрыс методологиялық тәсіл жасауға үйрету.
3. Еңбекке, ынталылыққа және қиындақтарды жеңуде табандылыққа тәрбиелеу.


Физиканы оқытудың дамытушылық мақсаты:
1.Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, индук- тивтік, дедуктивтік, ұқсастық бойынша ой қорытуды пайдалана білу.
2.Физика ғылымының құрылымын түсінуді қалыптастыру.
3.Физикалық теориялардың, олардың элементтерінің: ұғымдардың, модельдердің, заңдардың қолдану шекаралары туралы білімді қалыптастыру.
4. Белгілі теориялық қағидаларды, математикалық аппаратарды, графиктік әдістерді, анықтамалық әдебиеттерді, есептеу техникасын және т.б. пайдаланып, есептер шығара білуді дамыту.
5.Физикалық құбылыстардың жұмыс принципін, құрылысын біліп, оларды пайдалана отырып, өлшеу нәтижелерін өңдеу және өлшеулердің қателіктерін анықтап, эксперименттен алынған шамалар бойынша қорытынды жасап, эксперименттер жүргізу икемдігін дамыту.
6. Қарапайым техникалық қабілеттілікті дамыту.
Оқытудың қарастырылған жалпы мақсаттары физиканы оқыту процесін құрудың негізі, іргетасы болады. Оқыту үрдісінде білімді жинақтауға ғана емес, білімге ие болу икемділігін қалыптастыру көзделінеді. Осыған байланысты қазіргі мектепте мұғалім сабақта оқушылардың алдарында тұрған проблемалар мен проблемалық жағдайларды шешуде барлық іс әрекеттерін өз бетінше жоспарлап, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамытуға бағыттау керек. Оқушылардың жұмысын осы бағытта ұйымдастыра білген мұғалім -дарынды мұғалім. Физиканы оқытуда, оқушылардың тек ғылымның негізін біліп қана қоймай, ғылыми таным әдістерін, қазіргі заманғы өндірістің, техниканың, адамға тұрмыстық қызмет көрсетудің практикалық тәсілдері мен икемділіктерін игере білуі тиісті. Осыған байланысты қазіргі мектептерде оқу әдістемелерін жетілдіруге көбірек көңіл бөле бастады, оларды әлеуметтік, ғылыми-техникалық прогреске сәйкестендіру қолға алынуда. Физика курсында әрбір тақырып бойынша міндетті меңге- руліге тиісті білім элементтерімен қатар қосымша материалдар да бар. Олармен мұғалім таныстырып, түсіндіреді, бірақ оны оқушылардың барлығынан бірдей сұрай бермейді. Негізгі қажетті оқу материалын оқушылардың есте сақтауын талап етіп, соған жағдай жасау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет