«Физиканың таңдаулы тараулары» пәнінің оқу-әдістемелік кешені ПӘн глоссарийі физика



бет42/100
Дата08.02.2022
өлшемі2,75 Mb.
#120036
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   100
Байланысты:
Физика, таңдаулы тараулар. Лекция кешен

Ауаның абсолют ылғалдылығы дегеніміз ауа құрамындағы су буының парциал қысымы (Па).
Берілген температурада ауа құрамындағы су буының парциал қысымының, сол температурадағы қаныққан будың қысымына, пайызбен өрнектеліп алынған қатынасы, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы деп аталады:
(8.26)


Лекция 4. Электр зарядтарының өзара әсерлері. Электр зарядтарының сақталу заңы. Электростатикалық өрістегі диэлектриктер мен өткізгштер. Тұрақты электр тоғының заңдары.

Табиғатта электр зарядының екі ғана түрі бар: оң (теріге ысқыланған шыныдағы) және теріс таңбалы (жүнге ысқыланған эбониттегі). Электр заряды дискретті, яғни кез-келген денедегі заряд Кл элементар электр зарядының бүтін еселігі болып табылады:


, (9.1)
мұндағы бүтін сан.
Оң және теріс элементар зарядын тасушы элементар бөлшектер – протон ( кг) және электрон ( кг).
Әр түрлі таңбалы зарядтар бір-бірін жойады. Зарядталудың кез келген процесі зарядтың ажырауы арқылы жүзеге асады. Соның нәтижесінде денелердің біреуінде (дененің бір бөлігінде) артық оң заряд, ал екіншісінде (дененің басқа бөлігінде) – артық теріс заряд пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет