«Физиканың таңдаулы тараулары» пәнінің оқу-әдістемелік кешені ПӘн глоссарийі физика


Жарықтың түзу сызықты таралу заңы



бет77/100
Дата08.02.2022
өлшемі2,75 Mb.
#120036
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   100
Байланысты:
Физика, таңдаулы тараулар. Лекция кешен

Жарықтың түзу сызықты таралу заңы — жарық оптикалық біртекті ортада түзусызықты таралады.


13.2-сурет.


Жарық сәулесі деп — бойымен жарық энергиясы тасымалданатын сызықты айтады.. Біртекті ортада жарық сәулесі түзу сызықты болып келеді. Жарық шоқтарының тәуелсіздік заңдылығы —Жекелеген шоқтардың әсері-онымен бірге басқа шоқтарда әсер етіп тұр ма әлде жоқ па, одан тәуелсіздігі жөніндегі тұжырым.
Жарықтың шағылу заңы — шағылған сәуле, түскен сәуле және түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады. Шағылу бұрышы i1, түсу бұрышы i2 -ге тең болады.
i1= i2
Жарықтың сыну заңдары — түскен сәуле; сынған сәуле және түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады.

Түсу бұрышы (і1) синусының сыну бұрышы (і2) синусына қатынасы берілген екі орта үшін тұрақты шама.




Екі ортаның абсолют сыну көрсеткіштерінің қатынасына тең болатын n21 шамасы екінші ортаның бірінші ортаға қатысты сыну көрсеткіші деп аталады.

Яғни, жарықтың сыну заңы мына түрде жазылады:

Ортаның абсалюттік сыну көрсеткіші n, деп электромагниттік толқындардың вакуумдағы жылдамдығының оптикалық ортадағы жылдамдығына қатынасын айтады.

болғандықтан, сыну көрсеткіші , мұндағы және — ортаның электрлік және магниттік өтімділігі.
Е гер жарық сыну көрсеткіші жоғары n1 – ге тең ортадан (оптикалық тығыз ортадан) сыну көрсеткіші кем n2 -ге тең ортаға (оптикалық тығыздығы кем ортаға) өтсе, 3-сурет, онда
болады.
Яғни, i2 сыну бұрышы i1 түсу бұрышынан үлкен. Егер түсу бұрышын үлкейте бастасақ онда қандай да
13.3-сурет. бір iшекті бұрышта сыну бұрышы π/2 тең болады. Ал түсу бұрышы i1> iшекті болса, онда барлық түскен жарық толық шағылады.
Түсу бұрышы iшекті>i1 > π/2 болғанда, сәуле сынбайды, яғни түскен жарық бірінші ортаға толық кері шағылады, шағылған және түскен сәулелердің қарқындылығы бірдей болады. Жарық оптикалық тығыздығы артық ортадан тығыздығы кем ортаға өткенде байқалатын осы құбылыс жарықтың толық ішкі шағылуы деп, ал iшекті бұрышы толық ішкі шағылу бұрышы немесе шекті бұрыш деп аталады. Шекті бұрыш мына қатынас арқылы анықталады:


Сөйтіп, толық шағылу заттың сыну көрсеткішіне байланысты. Мысалы, жуықтап алғанда ауаға қатысты судың n =1,33, сонда оның шекті бұрышы iшекті = 490, ауаға қатысты кәдімгі шынының n = 1,5, оның шекті бұрышы iшекті = 420. Сонымен, ақ жарық кәдімгі шынының бетіне түскендегі түсу бұрышы 420-тан үлкен болса, онда жарық шыны бетінен толық шағылады, ауаға өтпейді. Толық ішкі шағылу құбылысы толық шағылу призмалары мен жарық тасымалдағыштарда қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет