Нүктелік жарық көзі деп - өлшемін ескермейтін жарық көзін айтамыз.
13.7-сурет Астигматизм Түсетін жарық шоғының қиманың әртүрлі жазықтықтарында оптикалық бетінің қисықтығының әртүрлілігінің салдарынан болатын кемістік..
Дисторсия. Сәулелердің линзаға түсу бұрышы үлкен болған кезде бас оптикалық осьтен әртүрлі қашықтықта жатқан дене нүктелерінің ұлғаюы әртүрлі болуымен байланысқан кемістік. Соның нәтижесінде заттардың арасындағы геометриялық түрі бұзылады (мысалы, түзубұрышты тор) және оның кескіні жастық тәрізді және бөшке тәрізді дисторсия сияқты бұзылады.