Ядролық реакция эффективті қимамен σ сыйпатталады:
(15.11)
мұндағы N – бір өлшем көлемде n ядролары бар заттың көлденең қимасының бір өлшем ауданына 1 с ішінде түскен бөлшектер саны, dN –қалыңдығы dx қабаттағы реакцияға қатысқан сондай бөлшектердің саны. σ - қимасы бөлшектердің затқа түскенде реакция болу ықтималдығын сыйпаттайды және барн өлшем бірлігімен өлшенеді, 1барн=10-28м2.
1936 ж. Н. Бор шапшаң емес бөлшектердің қатысуымен болатын реакциялардың екі этап бойынша өтетінін айтты. Х-ядроның а- бөлшегін қармаған кезде, құрама (немесе компаунд-) ядро пайда болады, ол екінші этапта:
.
Кейбір реакциялар аралық ядросыз өтуі мүмкін, оларды тура ядролық әрекеттесу деп атайды. Ядролық реакцияларда нейтронның әсерімен болатын ауыр ядролардың бөлінуреакциялары ерекше орын алады, бөліну кезінде екі-үш екінші ретті нейтрондар және массалары жақындау жарықшақтар пайда болады. Нейтрондардың көпшілігі шамамен айтқанда лезде шығарылады (t < 10-14 c, оларды лездік нейтрондар дейді), ал шамалы бөлігі (жуықпен алғанда 0,7%), 0,05 с- тан 60 с –қа дейінгі уақыт ішінде шығарылады, олар кешігуші нейтрондар деп аталады. Бұл реакцияларда 1,1 МэВ/нуклон энергия шығады. Бөліну кезіндегі екінші ретті нейтрондар жаңа бөлінулердің себебі болып, тізбекті бөліну реакциясының іске асуына мүмкіндік туады. Соңғы реакция нейтрондардың көбею коэффициентімен k сыйпатталады, тізбекті реакция дамуы үшін ол бірден көп болуы керек.
Тізбекті реакциялар басқарылатын және басқарылмайтын реакциялар болып бөлінеді. Олардың біріншісі атомдық реакторларда, екіншісі- сындық масаға жеткенде-жарылыстарда қолданылады. Атомдық ядролардың синтез реакциясына тән нәрсе, мұнда бір нуклон үшін шығарылатын энергия, ауыр ядролар бөлінетін реакцияларда шығатын энергиядан әлдеқайда көп. Мысалы, 92U238 ядросы бөлінгенде, шамамен 200 МэВ, немесе 0,84 МэВ/нуклон энергия шығарылады, ал, дейтерий мен тритий синтезінде, ол шама жуықтап алғанда - 3,5 МэВ/нуклон.
Жеңіл ядролардың ауыр ядроларға айналғанда өте жоғары температурада (Т > 107 К) өтетін синтез реакциясын термоядролық реакциялардеп аталады. Басқарылатын термоядролық синтез адамзатқа іс жүзінде таусылмайтын энергия көзіне жетуге мүмкіндік ашады.