«Физиканың таңдаулы тараулары» пәнінің оқу-әдістемелік кешені ПӘн глоссарийі физика


Бор теориясының жетістіктері мен кемшіліктері



бет92/100
Дата08.02.2022
өлшемі2,75 Mb.
#120036
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   100
Байланысты:
Физика, таңдаулы тараулар. Лекция кешен

Бор теориясының жетістіктері мен кемшіліктері. Бор теориясын – атом теориясын дамытудағы жасалған үлкен қадам деп қарастыру керек. Ол классикалық физиканың атомның ішкі құбылыстарына қолдануға болмайтынын және микрооблыстарда кванттық заңдардың негізгі орын алатынын көрсетті.
Бірақ, Бор теориясын сутегі атомынан кейінгі ең қарапайым атомдардың бірі -гелий атомына қолданған кезде, оның кемшіліктері көрініп-ақ қалды. Өйткені Бор теориясы жартылай классикалық , жартылай кванттық теория еді.
Лекция 8. Ядролық физика негіздері. Элементар бөлшектер.

Атомның орталық бөлігі -ядрода іс жүзінде атомның барлық делік массасы және оның оң электрлік заряды шоғырланған. Бір протоны бар сутегі атомының ядросынан басқа ядролардың барлығы нуклондардан – протон мен нейтрондардан (Иваненко-Гейзенберг моделі) тұрады.


Ядро заряды Ze-ге тең, мұнда е –протон зарядының шамасы, Z – зарядтық сан, ол Менделеевтің периодтық жүйесіндегі химилық элементтің реттік нөмірі (атомдық нөмір). Қазіргі уақытта Z-тің мәні 1-ден (сутегі) 118-ге дейінгі (юнуноктий) ядролар белгілі.
Ядродағы нуклондар санын A = N + Z массалық сан дейді, мұнда N –нейтрондар саны. Z- тері бірдей, бірақ әрбасқа массалық саны А бар ядролар, изотоптар деп аталады; А-лары бірдей, бірақ Z-тері әрбасқа ядролар - изобралар; Нейтрон сандары N бірдей ядролар- изотондар; бұдан басқа A және Z сандары бірдей радиоактивті ядролар- изомерлер бар, олардың жартылай ыдырау периодтары әртүрлі.
Қазіргі уақытта 300-ге жуық орнықты және 2000-нан астам химиялық элементтердің радиоактивті изотоптары бар.
Ядроларды белгілеу үшін келесі ZXA немесе A ZX, символдар қолданылады, мысалы, 1Н1.
Ядроның радиусы келесі эмпириялық формуламен беріледі: r = r0A1/3, мұндағы r0 = (1,3-1,7)10-15 м. Сонымен, ядроның көлемі нуклондардың санына пропорционал, яғни, ядролық заттың тығыздығы тұрақты болады, ол шамамен 1017 кг/м3.
Ядродағы нуклондар-фермиондар. Ядроның спині – ядроның меншікті импульсының моменті , мұндағы I – ішкі (толық) спиндік кванттық сан. Ядроның спині нуклондардың санымен анықталады.
Нуклондардың меншікті магниттік моменттері бар, олар ядроның меншікті моментін анықтайды, өлшем бірлігі ядролық магнетон , mp –протонның массасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет