Нефрон ілмегінің жоғарылатылған жуан бөлімі, дистальды ирелеңдеген түтік және байланыстырушы бөлім арқылы пайда болатын дистальды сегмент.
Юкстагломерулярлы аппарат (ЮГА)
Юкста немесе шумақша маңы аппараты-бұл бүйректің инкрециялық аппараты.
Артериолалардың миоэпителиалды жасушалары ренин гормонын бөледі және оны қанға шығарады.
Ренин бүйректің қанмен қамтамасыз етілуін реттеуге қатысады. Бүйрек ишемиясы жағдайында (АҚК және АҚ төмендеуінен олардың қанмен қамтамасыз етілуінің төмендеуі) ЮГА ренинді көп бөледі.
Ренин жүйелік қан ағымына енеді, ангиотензиногеннің плазмалық ақуызымен әрекеттеседі де, оны ангиотензин I-ге айналдырады,ол плазманың түрлендіргіш факторымен әрекеттеседі және ангиотензин II түзеді. Ангиотензин II артериолаларды тарылтады және жүйелік қан қысымын жоғарылатады.
Морфологиялық тұрғыдан ЮГА үшбұрыш тәрізді, оның екі жағы шумақшаға сәйкес келетін афферентті және шығатын эфферентті артериолалар, ал негізі - дистальды түтікшенің ирелендеген бөлігінің қабырғасының мамандандырылған бөлігі - тығыз дақ ( macula densa ).