Физиология (гректің physis – табиғат, logos – ілім)


Нерв талшықтары бойымен қозудың таралу механизмі (миелинді және миелинсіз)



бет28/72
Дата08.11.2023
өлшемі0,71 Mb.
#190192
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   72
Байланысты:
физиология

40.Нерв талшықтары бойымен қозудың таралу механизмі (миелинді және миелинсіз).
Қозуды өткізу мембрананың қызметі бболып табылады. Миелинді және миелiнсiз жүйке талшықтарынын козуды өткізу механизмі бірдей емес .
Миелинсіз талшықта қозу үрдісі ( теріс заряд ) оны тітіркендірген жеріннен қасындағы жерге , одан әрі қарай үздіксіз , өте жай жылжиды . Ал миелин қабығы бар жүйкеде теріс заряд ( деполяризация ) бiр Ранвье үзілісінен екіншісіне секіріп өтеді яғни оны сальтаторлық өту деп те аталады .
Миелинсіз талшықтан қозу үрдісінің өтуін талқыласак , алдымен тітіркендіргіш әсері орнында қозу үрдісі яғни әрекет потенциалында – деполяризация пайда болады. Бұл жердегі мембрананың Na ионына өткізгіштігі күшейгендіктен сыртқы беті теріс зарядталады да, ал ішкі беті оң заряд қа ие болады . Жүйке талшығының қозбаған жеріндегі мембрана әдет тегідей сыртқы бетіндегі оң зарядын , ішкі жағындағы теріс зарядын сақтап қалады . Сондықтан мембрананың қозған жері мен қозбаған жері арасында пайда болған потенциал айырмасы жүйкенің ішіндегі және сыртындағы иондарды оң зарядтан теріс зарядқа қарай жүйке бойымен жылжытады . Мұның салдарынан жүйкенің қозбаған көршілес жеріндегі мембрананың Na ионының өткізгіштігі жоғарылай бастай ды , яғни теріс заряд мембрананың осы қозбаған жеріне көшеді . Осы кезде бұрын қозған жерде қозудың реполяризация кезеңі басталады . Сөйтіп , теріс заряд кері жылжымай , жайлап мембрана бойымен әрі қарай таралады . Сонымен қозудың өтуі дегеніміз теріс зарядтың яғни деполяризацияның жүйкенің мембранасы арқылы жылжуы болып табылады.
Миелинді талшықты тітіркендіргенде миелин қабығы электрлік изолятор болғандықтан теріс заряд тек Ранвье үзілісінде яғни миелин жоқ жерде пайда болады . Бұл жерде пайда болған әрекет потенциалының шамасы қозу табалдырығынан 5 - 6 есе жоғары болады . Сондықтан ол көршілес Ранвье үзілістерін тітіркендіре алады және теріс зарядталған үзіліс пен оң зарядты үзіліс арасында оңнан солға қарай талшықтың бойымен оның сырты мен ішіндегі иондар жылжи бастайды . Осының себебі нен қозған үзілістің екі жағындағы үзілістер мембранасының Na " ионы на өткізгіштігі күшейіп , теріс зарядталады , яғни серпінісі қозған үзілістен қозбаған үзіліске көшеді немесе секіреді. Кейде қозу үрдісі бір үзілістен ғана емес екі үзілістен де секіруі мүмкін . Алғашқыда қозған узілісте реполяризация кезеңі басталуына байланысты теріс заряд кері жылжымай, қозған үзілістен әрі қарай ғана жылжуы мүмкін . Импульстің осылайша секірмелі таралуы миелинді талшықтардан қозудың жылдам өтуін қамтамасыз етеді . Қозу секір мелі түрде өткізілсе , жүйке нейрон энергиясын аз жұмсайтын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет