Физиология (гректің physis – табиғат, logos – ілім)



бет59/72
Дата08.11.2023
өлшемі0,71 Mb.
#190192
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   72
Байланысты:
физиология

1) Қозуды біржақты өткізу.
Қозуды бір жақты өткізу қасиеті-орталық нерв жүйесіндегі нерв орталықтарында өте көп синапстық байланыстың болуына байланысты. Орталық нерв жүйесінде қозу тек бір жақтан, тек рецепторлық нейроннан эффекторлық нейронға қарай өткізіледі. Синапстарда қозу тек бір жақты ғана беріледі. Пресинапстық мембранадан бөлінетін медиатор постсинапстық мембранаға әсер етеді.
2) Нерв орталықтары арқылы қозудың кешеуілдеп өтуі.
Бұл қасиеті- синапстардың санына байланысты болады. Өйткені, рефлекторлық доғада қозу орталық нерв жүйесінің синапстары арқылы тотап-тоқтап өткізеді. Нақты өлшеу жүргізгенде бір синапстағы кідіру 0,5 м/сек болатындығы анықталған. Осыған байланысты рефлекстің орталық уақыты қондырма нейрондардың санына тәуелді болады.
3) Нерв орталықтарында қозудың жинақталу құбылысы.
Бұл қасиеті- нерв орталықтарының бірінен кейін бірі әсер еткен табалдырық асты күшіндегі тітіркендіргіштерді ұштастырудан туындаған өзгерістерді жинақтауынан жауап реакцияны алуымыздаһн байқалады.
Жиынтықталудың (суммация) екі түрін айырады:


  1. Жүйелі, бірізді- нерв орталығына бір афференттік нерв талшығы арқылы қысқа интервалмен бірінен соң бірі келетін қозулар арасындағы өзара әрекеттесуден бақалады;


  2. Кеңістік-. Кеңістік жиынтықталуды алу үшін бір рецептивтік алаңдағы екі немесе бірнеше рецепторлар бір мезгілде тітіркендіріледі. Сонда, бір ғана рецептор бір рет тітіркенгенде тумайтын рефлекторлық акт байқалады.



4) Қозу ырғағының трансформациясы.
Нерв орталықтары өздеріне келген импульстер ырғағын өзгерте алады, трансформациялайды.Сондықтан нерв орталығының жұмыс органына жіберетін эфференттік импульстері белгілі шамада тітіркендіру сипатынан басқаша бола алады. Афференттік нервке түскен бір стимулға жауап ретінде нерв орталығы жұмыс органына қозу импульстарының тобын жібереді. Нерв орталықтарынан шеткі жұмыс органдарына секундына 50-200 нерв импульстары түседі.
5) Әрекет соңы.
Бұл қасиеті- жауап реакциясының ұзақтығы тітіркендіру ұзақтығынан артық бола алуында. Тітіркендіру күші қаншалықты жоғары болса және оның әсер ететін уақыты көп болса, сонда әрекет соңы да ұзаққа созылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет