Физиологиялық зерттеу әдістері



Дата31.03.2022
өлшемі23,41 Kb.
#137482
Байланысты:
ФИЗ дамыту 1
Деловое общение Шотанова Асылзат, тарих 8 апта, urok-russkogo-yazyka-i-literatury-10-klass

Физиологиялық зерттеу әдістері
бақылау;
эксперимент.(тәжірибе);
Бақылау құбылыстың мәнін аша алмайды,сондықтан негізгі әдіс - эксперимент. Ол жіті және созылмалы болады. Вивисексия – тәнтілу. Жетіспеушілігі - көп қан жоғалады, наркоз, жарақат қалыпты қызметті бұрмалай жібереді. Созылмалы эксперимент - қалыпты жағдайда ұзақ уақыт ағза қызметін зерттеуге мәжбүр береді.(фистула әдісі). Н.П.Павлов-физиология мен медицина біртұтас деп айтты. Паталогия мәнін білу үшін тіршілік үрдісінің ағымын білу керек (phatos-детрт,ауру).
Организм қызметтері туралы өз пікірлерін айтқандар - Гиппократ (медицина атасы), Аристотель (бірінші оқытушы)- Ежелгі Рим, Клавдий Гален - эксперименталдық медицинаның негізін қалады. Физиологияның дамуында анатомиядағы табыстар көп әсер етті. А.Везалийдің «Адам денесінің құрылысы туралы» деген кітабы физиологияда көп жаңалықтарды ашуға себеп болды. XVIIғ.ғылыми физиология дамыды. Вильям Гарвей-үлкен қанағу шеңберін ашты, вивисексияны енгізді. М.Мальпиги артерия мен веналардың капиллярлар арқылы байланысатынын көрсетті. Физиологияның дамуына Рене Декарттың рефлексты ашуы өте маңызды болып табылады. XVIII-XIXғғ. Ломоносов масса мен қуат сақталу заңын ашты. Горянинов, Шванн, және Шлейден-ағзаның жасушалардан тұратынын ашты.1859ж. Дарвин эфолюциялық ілімді дүниеге келтірді. XIX және XXғ.физиология аса гүлденуге жетті. Клод Бернар(фр) - қан тамырлары тонусының реттелуінде көміртектік алмасуда жүйке жүйесінің рөлін зерттеді. Организмнің ішкі ортасы туралы түсінік берді. Германияда Дюбуа-Реймон-электрофизологияның негізін қалады. Шерингтон - жұлын физиологиясын зерттеді. Кеннон-вегетативтік жүйке жүйесін зерттеді. Сегенов, Павлов, Боткин, Бехтерев нервизмді дамытты. XIXғ.рефлекторлық доға бөліктерінің рөлі анықталды, жүйке әрекетінің рефлекторлық теориясия, мидың үлкен шарты - шарлар маңызы ашылды. И.М.Сегенов «орыс физиологиясының атасы». Ол қан газдарды тасымалдайтынын ашты. «Ми рефлексі» деген кітап жазды. Идеяларын ары қарай И.П.Павлов дамытты. Ухтомский-доминанта туралы ілімді жасады. И.П.Павлов XV Халықаралық конгрессте (1935)-дүниежүзілік физиологтар атасы деп аталды. Павлов мына бағыттарды зерттеді:
қан айналу;
ас қорту;
жоғарғы жүйке іс әрекеті.
Ол жоғарғы жүйке іс әрекетінің (жжіә) типтері туралы ілім құрды. Павлов шығармашылығының шыңы үлкен ми қыртысының сигналдық жүйелер туралы ілімі. Павловқа дейін физиологияда аналитикалық тәсіл басымды болса ол синтетикалық бағытты жасады.

Бақылау әдісі- сыртқы ортаны танудағы әдістеме. Бұл әдістеме барлық ғылым салаларында кеңінен пайдаланылады. Бірақ оны лабораториялық және табиғи эксперименттен жеке бөліп тастаса ол бала организміндегі физиологиялық қалыптар мен құбылыстардың негізін аша алмайды. И.П.Павловтың айтуы бойынша бақылау әдісі «тек қана табиғаттың ұсынғанын жинайды» Дегенмен балалардың миының қызметін зерттеген кезде бұл әдіс басқа зерттеу әдістерімен бірге организмнің жас ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі.


Табиғи тәжірибе- байқау мен лабораториялық эксперименттің аралық түрі. Мақсаты мен қойылған міндеттеріне байланысты ғалым табиғи жағдайдағы тәжірибені адам баласы үшін қалыпты табиғи жағдайда қолданады. Айталық, баланың көру қабілетінің өзгеруін тексеру үшін, оның көру талдағышының қызмет ерекшеліктерін мектептегі оқуға дейін және оқуын аяқтағаннан кейін анықтайды, яғни оқу барысында табиғи жағдайда зерттейді.
Лабораториялық тәжірибенің табиғи жағдайдағы тәжірибеден айырмашылығыбар. Мұнда зерттеуші тәжірибені арнайы жасалған жағдайда жүргізеді. Жағдайды өзгерту арқылы ғалым белгілі бір қызмет өзгерістерін тудырады да, сан мен сапалық өзгерістерін анықтайды.
Жасқа сай физиология ғылымында лабораториялық тәжірибе әдісінің бірі болып саналатын функциялық жүктеме немесе сынау әдісі кеңінен таралған. Бұл әдіс бойынша бала организмінің мүшелерінің қызметін, оған мөлшерленген функциялық жүктеме беру арқылы, оның әсерінің ұзақтығын немесе әсер ету қарқынын өзгерте отырып, түрлі жағдайларда анықтайды. Дене қызметінде жүктемені дәлірек анықтау үшін эргометрия, яғни эргометр аспабын қолдану арқылы, жүктеменің мөлшерін дәл анықтау әдісін пайдаланады. Щй еңбегінің сынағы ретінде шектелген уақыт ішінде арифметикалық есепті шығару әдісі қолданылады.
Жасқа байланысты физиологияның әдістемесінің бірі –телеметрия-радиотехникалық беріліс аспаптары арқылы бала организмін оның денесінен қашық жерде тұрып анықтау мүмкіндігі. Қазіргі кезде бала организмін зерттегенде күрделі оптикалық, радиотехникалық және электрондық аспаптарды кеңінен қолданады.
Балалар мен жастардың өсуін антропометрия (дененің физикалық көрсеткіштерін өлшеу әдісі) арқылы анықтайды. Бұл әдісте баланың бойын, кеуде шеңберін үш жағдайда (дем алғанда, дем шығарғанда, және тыныштық кезінде) және баланың басының шеңберін сантиметрлік лентамен , дене салмағын таңертең, ұйқысынан тұрған соң, тамаққа дейін, арнайы медициналық таразымен өлшейді.
Жасқа сай физиология және гигиена пәні ғылымның eкi саласын қамтиды: адам организмiнің, жеке мүшелердің және мүшелер жүйелерiнің қызметтерiнің жас ерекшелiктерiнің заңдылықтарын, даму жолдарын қарастыратын жасқа ерекшелшіктер физиологиясы мен адамның денсаулығын caқтayғa қажеттi жағдайларды қарастырып, анықтап, түрлі ұсыныстар жасайтын гигиена ғылымдары. Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиена­сының пәні педагогика ғылымымен де байланысты, себебi педагогика жоғары жүйке әpeкeтiнiң, заңдарына сүйене отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын ғылыми негiзде iскe асырады. Балаларға дұрыс тәрбие беріп, оқытудың нәтижесі оның анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерінің қаншалықты ескерілігенімен, қай жағдайда сыртқы орта әсеріне төзімді, сезімтал, қай кезде ағзаның қорғаныш қабілетінің төмен екендігін білуімен тығыз байланысты. Балалардың ми қызметінің ерекшеліктерін білу арқылы әр кезеңде болатын психикалық, психофизиологиялық өзгерістерді, назарының артуын, еске сақтау қабілеттерінің жоғарғы деңгейін біле аламыз. Басқа ғылымдар iспеттi жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы бiрнеше ғылыми зерттеу әдicтерiн пайдаланады: бақылау, табиғи және лабораториялық тәжірибе, функциялық жүктеме, телеметрия, антропометрия т. б.
Адам ағзасы атқаратын қызметі мен құрылысының ортақтығы бойынша біріктірілген бір-біріне өзара бағынышты ұйымдастырылған күрделі жүйе. Жүйе элементі болып жасуша табылады. Біртұтас ағзаның қызметі қоршаған ортамен тығыз байланыста болған кезде ғана жүзеге асады. Ағза қызметінің барлық процестері ағзаның ішкі ортасының салыстырмалы тұрақтылығы сақталған жағдайда ғана жүзеге асады. Ағзаның ішкі ортасына: қан, лимфа, жасуша аралық сұйықтық жатады. Ішкі ортаның физика-химиялық қасиеттері мен химиялық құрамының тұрақтылығын сақтау қабілеттілігі гомеостаз деп аталады. Ағзадағы клеткалар саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп аталады. Өсумен қатар организмде даму жүріп жатады. Даму — сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы деп сандық көрсеткіштердің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады
Жас кезеңдері – бұл өсуі мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегі. Белгілі бір жас кезеңінде организмнің даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайындалу мерзімі басталады. Әрбір жас кезеңдерінің белгілі бір ерекшеліктері болады. Бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу уақытын «өзгеру мезгілі» немесе ауысу мерзімі деп атайды. Өзгеру мезгілі әр кезеңде де ауыр, организм көп күш жұмсайтын кез, ол денедегі біртіндеп жиналған өзгерістерге жаңадан бейімделу уақыты. Сондықтан өзгеру мезгілінде адам организмі біршама әлсіреп, сыртқы ортаның жағдайларының өзгерістерін қиналып өткізеді. Бұл кезде жүрек, қан тамырлары мен жүйке жүйелеріне түсетін салмақ ауыр болады. Өзгеру мезгілін басынан өткізу адамның жасы ұлғайған сайын қиын болады. Жас кезеңдерінің уақыттары әр түрлі шектелген. Ол организмнің биологиялық көрсеткіштеріне негізделген.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет