ФЖжӨ факультетінің деканы Ж. Т



Дата24.04.2017
өлшемі338,77 Kb.
#14789

Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37





Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Филология, журналистика және өнер факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

5В020500 «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған «Түркі филологиясына кіріспе»



ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Павлодар




Пән бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38









БЕКІТЕМІН ФЖжӨ факультетінің деканы _________ Ж.Т.Сарбалаев « ___» ___________2010 жыл


Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Қадырова Б.М.

Қазақ филологиясы кафедрасы

5В020500 «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының күндізгі бөлім студенттеріне арналған «Түркі филологиясына кіріспе»

пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

Бағдарлама 20 __ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.

Кафедра отырысында ұсынылды 20_ж. «___»____________№_____ Хаттама

Кафедра меңгерушісі ______________ Жүсіпов Н.Қ. 2010__ж. «____» ________

Филология, журналистика және өнер факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 2010_ж. «_____»____________ №____ Хаттама

ОӘК төрағасы ___________ Жұманқұлова Е.Н. _______ 2010_ж. «_____»___________






1 Оқытушы туралы мәліметтер мен байланысу ақпараттары

Ф.ғ.к, доцент Қадырова Бақытжан Мәсәлімқызы

Қазақ филологиясы кафедрасы _____А1__ корпусында (мекен-жайы), 324 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 1255

2 Пән туралы мәліметтер

Түркі филологиясы гуманитарлық пән болғандықтан, оның аясындағы түркі жазба мәтіндері лингвистикалық, әдебиеттану және тарихи-мәдени зерттеу тұрғысынан қарастырылады. Жазба ескерткіштерді зерттеу тілдің тарихын және қоғамның рухани мәдениетін терең тануға мүмкіндік туғызады. Сондықтан «Түркі филологиясына кіріспе» курсы түркі халықтарының тарихи-филологиялық, мәдени- идеологиялық проблемаларын зерттеуге ерекше көңіл бөледі. Түркі халықтарының үлесі дүниежүзі мекенін сүюге, халықаралық ынтымақ пен бірлікке тәрбиелейді.

3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау түрлері

барлы-ғы

дәріс

практи-ка

зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СОӨЖ




Бар-лығы

2

30

15

15

-

-

-

60

6

емтихан

4 Пәннің мақсаты және міндеттері

Пәнді оқыту мақсаты:

Студенттерге түркі тілдері мен халықтарының зерттелу тарихынан, түркі тілдерінің топтастырылуы мен өзіндік ерекшеліктерінен, сондай-ақ, түркі жазуы мен тіл мәдениеті тарихының кезеңдерінен мағлұмат беру.



Пәннің міндеті:

Студенттерге ертедегі және қазіргі түркі тілдерін, жазба мәтіндерін зерттеу жұмысымен таныстырып, болашақ мамандыққа дағдыландыру.



5 Білімге, икемділікке және дағды-машықтарға қойылатын талаптар

Студенттер білуге тиісті.

«Түркі филологиясына кіріспе» курсын оқып-үйрену нәтижесінде студенттер түркі филологиясының негізгі проблемаларымен жақсы таныс болып, оның мәнді- маңызды жетістіктерін және ертедегі, қазіргі түркі мәтіндерін ажырата білуі, оны оқығанда оған ғылыми талдау принциптерін қолдана білулері керек.

Студенттердің басқа да түркологиялық пәндерді оқып-білуін көздейді, соған жол ашады.

Студенттер істей білуі тиіс:

-Студенттер тақырып таңдау, материал жинау, конспекті жазуды меңгере біледі.

- Жазу түрлерін ажырата алады.

-Жазу тарихын меңгереді



6 Пререквизиттер:

Тіл біліміне кіріспе

Қазіргі қазақ тілі салалары
7 Постреквизиттер

Қазақ жазуының тарихы

Қазақ тілінің тарихи грамматикасы

Көне түркі тілі

Түркітануға кіріспе

8 Тақырыптық жоспар


Пәннің тақырыптық жоспары



Тақырып

Сағат саны Фил(қ)-101

Дәріс

Тәжір.

СӨЖ

1

2

3

4

5

1.

«Түркі филологиясына кіріспе» пәні, оның мазмұны, қарастыратын мәселелері

1

1

4

2.

Түркі филологиясының танымдық,

тәрбиелік мәні.



1

1

4

3.

Тіл және этнос.

1

1

4

4.

Қазіргі түркі халықтары.

Түркі тілдері және олардың классификасы.



1


1


4

5.

Түркі жазуы мен тіл мәдениеті тарихының кезеңдері.

1

1

4

6.

Көне түркі руникалық жазу ескерткіштері.

1

1

4

7.

Графикалық жүйе болып қалыптасқан көне түркі руникалық алфавиті.

1

1

4

8.

Көне түркі алфавитінің генезисі.

1

1

4

9.

Манихей жазуындағы көне түрік ескерткіштері.

1

1

4

10.

Ұйғыр жазуындағы көне, орта түркі ескерткіштері.

1

1

4

11.

Ұйғыр алфавитінің құрамы.

1

1

4

12.

Араб жазуындағы ХІ-ХҮІ ғ.түркі тілдес ескерткіштері,олардың тіл ерекшеліктері.

1

1

4

13.

Араб алфавитінің құрамы мен оның түркі тілдерінде қолданылу тарихы.

1

1

4

14.

Араб графикасына негізделген қазақ алфавитінің даму кезеңдері.

1

1

4

15

Латын және орыс графикасына негізделіп жасалған түркі жазуы.

1

1

4




Барлығы:

15

15

60

9 Пәннің қысқаша сипаттамасы

«Түркі филологиясына кіріспе» пәні тілдің тарихын және қоғамның рухани мәдениетін терең тануға мүмкіндік туғызып, түркі халықтарының тарихи-филологиялық, мәдени- идеологиялық проблемаларын зерттеуге ерекше көңіл бөледі. Түркі филологиясы гуманитарлық пән болғандықтан, оның аясындағы түркі жазба мәтіндері лингвистикалық, әдебиеттану және тарихи-мәдени зерттеу тұрғысынан қарастырылады. «Түркі филологиясына кіріспе» курсын оқып-үйрену нәтижесінде студенттер түркітануға байланысты мәліметтермен кең танысады.



10. Курстың компоненттері

Дәріс мазмұны. 1-тақырып. Түркі филологиясына кіріспе пәні, оның мазмұны қарастыратын мәселелері. Түркі филологиясы гуманитарлық пән болғандықтан, оның аясындағы түркі жазба мәтіндері лингвистикалық, әдебиеттану және тарихи –мәдени зерттеу тұрғысынан қарастырылады. Жазба ескерткіштерді зерттеу тілдің тарихын, қоғамның рухани мәдениетін терең тануға мүмкіндік туғызады. Сондықтан «Түркі филологиясына кіріспе» курсы түркі халықтарының тарихи- филологиялық, мәдени- идеологиялық проблемаларын зерттеуге ерекше көңіл бөледі. Түркі халықтарының үлесі дүниежүзілік мәдениетіне, адамзат өркениетіне қосылып, сол негізде жас буынды ата мекенін сүюге, халықаралық ынтымақ пен бірлікке тәрбиелейді.Ғылым ғалымның жеке басы мен оның шығармашылығынан бөлек емес. Біздің елімізде және шет елде түркологияның негізгі даму кезеңдері көп дәрежеде көрнекті түрколог ғалымдардың ғылыми еңбек жолдарымен айқындалады.

2-тақырып.Түркі филологиясының танымдық, тәрбиелік мәні. Тіл тарихы мен қоғамның рухани мәдениетін анықтауда жазба ескерткіштерін зерттеудің мәні. Түркі филологиясы мен түркологияның қалыптасып дамуы, негізгі кезеңдері.

3-тақырып.Тіл және этнос. Көне түркі этногенезі проблемасы. Орталық және Орта Азияны мекендеген түркі тілдес тайпалар туралы алғашқы мағлұматтар. Сақ, үйсін, хун және көне түркілердің этникалық жақындық проблемасы.

4-тақырып.Қазіргі түркі халықтары. Түркі тілдері және олардың классификациясы. Түркі халықтарының дүниеде таралуы, демографиясы. Түрік, өзбек, ұйғыр, қазақ, қарақалпақ, қырғыз, татар, башқұрт, әзербайжан, түркімен, чуваш, саха, құмық, қарашай, балқар, ноғай, гагауыз, хакас,т.б. халықтары.Қазіргі түркі халықтарының этнографиясы, материалдық және рухани мәдениеті туралы мәліметтер. Тілдердің материалдық туыстастығын айқындайтын критерийлер. Түркі тілдерінің құрылысы, типологиялық сипаттамасы. Түркі тілдерін жіктеу прициптері(тарихи, географиялық, фонетикалық, фонетика- морфологиялық).Түркі тілдерінің негізгі классификациясына шолу. Өткен ғасыр түркологтарының( И.Н.Березин, В.В. Радлов, Ф.Е.Корш) түркі тілдерін жіктеудегі тәжірибелері.А.Н:Самойлович, В:В:Богородицкий, С:Е:Малов, Н.А.Баскаков, И.Бенцинг,К.Менгес, А.Дж.мре,т.б. жасаған классификациясы. Бұл классификацилардың кемістіктері.

5-тақырып.Түркі жазуы мен тіл мәдениеті тарихының кезеңдері. Жазу мен жазба тіл. Жазба тіл мен ауызекі тілдің өзіндік ерекшеліктері. Жазу таңбасы мен дыбыс жазудың даму тарихы жөнінде жалпы түсінік. Жазу жүйесінің түрлері.Пиктографиялық жазу.Идеографиялық жазу .Буын жазуы. Алфавит(әріп жазуы),оның пайда болуы мен тармақталуы жөніндегі негізгі мәліметтер. Орта Азия, Қазақстан, Оңтүстік Сібір жеріндегі жазудың алғашқы түрлері.Бұлардың сипаттамасы, табылған жерлері. Көне түркі және қазақтың рулық елтаңбалары туралы түсінік, олардың бастыларын атап көрсету. Графикалық лингвистиканың негізгі тараулары. Палеография менэпиграфика.Грфһафика мен орфография. Графемика. Графемика мен әріптің байланысы. Графема мен фонеманың өзара қарым –қатынасы.. Графикалық лингвистика және жазу тарихы.. Түркі тілдері, қазақ тілі графикасының дамуындағы басты кезеңдер.



6- тақырып. Көне түркі руникалық ескерткіштері. Руникалық көне түркі( орхон- енисей) жазу ескерткіштері, олардың зерттелу тарихы мен тараған аймақтары. Орхон жазу ескерткіштері(ҮІІІғ). Енисей жазу ескерткіштері.(Ү-ҮІІІғ. шамасы).Руникалық жазулар тастан басқа заттарға да ойылып жазылатыны(алтын, күміс, қола, сүйек,ағаш,саз балшықтан жасалған бұйымдарда).Шығыс Түркістанда қағазға жазылған руникалық мәтіндердің табылуы.(ҮІІІ-ІХғғ). Қазақстан жерінен соңғы кезде табылған руникалық көне түркі ескерткіштері, олардың зерттелуі, оқылуы, ғылымдық маңызы.Ертіс жазу ескерткіштері. Іле жазу ескерткіштері. Талас жазу ескерткіштері(Жамбыл облысы).Сырдария жазу ескерткіштері. Жайық жазу ескерткіштері. Оңтүстік Сібір мен Жетісу жерін мекендеген алғашқы көшпелі тайпаларда руникалық жазу болғандығын дәлелдейтін материалдар. Ертіс бойынан табылған күміс тостағаншадағы руникалық көне түркі жазулар(біздің заманымызға дейінгі Ү-ІҮғғ).Бұл жазуларды оқып шешудегі кездескен қиыншылықтар мен қол жеткен табыстарымыз. Руникалық көне түркі ескерткіштерінің тіліне қысқаша шолу. Оның қазіргі түркі тілдеріне қатысы жөнінде зеаттеушілердің пікіріне тоқталу.

7-тақырып. Графикалық жүйе болып қалыптасқан көне түркі руникалық алфавиті. Руникалық көне түркі алфавитінің құрамы(35 әріп және дауыссыздар тіркесін беретін 4 таңба). Бұл алфавиттің қалыптасқан графикалық жүйе болып табылуы және көне түркі тілінің фонетикалық жүйесімен негізінен үйлес келуі.Дауысты дыбыстардың таңбалануы. 8 дауысты фонеманың(а-е, ы-і, о-у, ө-ү) 4 қана полифонды әріппен белгіленуі.Дауыссыз дыбыстардың таңбалануы. 16 дауыссыз фонеманың және фонема варианттарының 31 әріппен белгіленуі. 11 дауыссыз фонеманың(б, д, г-ғ, й,к-қ, л,н,р,с,ш,т) өзінің жуан, жіңішке варианттары таңбасымен ажыратылуы. Кейде жіңішке әріптің орнына қолданылуы. Бұдан тыс 5 фонеманың( ч,м,ң,п,з) дара таңбамен ғана белгіленуі. Дауыссыз дыбыс тіркесінің жалғыз таңбамен берілуі(лт, нт,нч,рт ).

8-тақырып. Көне түркі алфавитінің генезисі .Көне түркі алфавитінің шығу тегі проблемасы, оның көне түркі этногенезі, көне түркі тайпалары мәдениетінің тарихы және түркі тілдерінің тарихи грамматикасымәселелерімен байланысы. Түркологияның әрі қарай дамуы үшін бұл проблеманы дұрыс шешудің аса маңызды екендігі. Руникалық көне түркі алфавитінің шығу тегі жөніндегі болжамдар мен деректер. В.Томсен, О.Доннер. Н. Аристов, А.Дж Эмре, т.б. зерттеуші ғалымдардың пікірлері. Бұл пікірлерде кездесетін қайшылықтар, нақты дәлелдердің жетімсіздіктері. Түркі руникалық таңбаларының (графемалардың) полеографиялық және фонологиялық байланыстары. Көне түркі руникалық таңбаларының алғашқы семит, көне грек, италиалық, кішіазиялық әріптерімен типологиялық және генетикалық жақындығы.Түркі руникалықалфавитінің Оңтүстік Сібір мен Жетісу аймағын б.з.дейінгі 1 мыңжылдықтың ортасынан қалмай қалыптасқандығын көрсететін полеографиялық талдауға сүйенген гипотеза(С. Амандолов). Түркі руникалық алфавитінің ұзаққа созылған эволюциясы көне түркі тілі дыбыстық жүйесінің қалыптасу процесін айқындаумен ұштасып жатқандығы.

9-тақырып. Манихей жазуындағы көне түркі ескерткіштері. Бұл қолжазбалардың көбіне соғды(орта парсы) тілінен аударылып, Жетісудан Шығыс Түркістанға қарай жайылуы. Олардың батыс түркі тайпалардың тіліне жақындығы. «Хуастуанифт» жазба ескерткіштері(Ү-ҮІІІғғ).Манихей алфавитінің құрамы(36 әріп), графикалық жүйесінің көне түркі фонетикасына біршама сәйкес келуі. Дауысты дыбыстарды белгілейтін әріптер.Әріптердің сөз басында, ортасында, соңында келуіне қарай, үш түрлі жазылуы.Манихей алфавитінің шығу тегі, арамей жазуымен байланысы.

10- тақырып. Ұйғыр жазуындағы көне, орта түркі ескерткіштері. Ұйғыр жазуындағы көне түркі ескерткіштері. Бұларға мазмұны хтистиан, манихей, будда дініндегі түрлі жалбарыну дұғалары, діни уағыздар, түрлі заң документтері мен емдеу шіріткілері, жылнамалар, болжаулар жататыны. Ұйғыр жазуының кеңінен пайдаланған кезеңі(ҮІІІ-ХІІІғғ), таралу алқабы. Ұйғыр алфавиті негізінде монғол жазуының пайда болуы. Ақсақ Темір және Алтынорда хандарының бұл жазуды қолданғаны(14-15ғғ). Ганьсудағы будда монострьлеріне ұйғыр жазуының ХҮІІІ ғасырға дейін өмір сүргені. Қазақстаннан табылған ұйғыр алфавитіндегі түркі жазулары. Көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тіліне қысқаша шолу. Көне түркі тіліне жақындығы, орта түркі тіліне тигізген әсері.

11-тақырып. Ұйғыр алфавитінің құрамы.Ұйғыр алфавитінің құрамы(23 әріп), оның графикалық жүйесінің көне түркі (көне ұйғыр) тілінің фонетикалық жүйесімен үйлес келмеуі.Дауысты дыбыстадың берілуі. Кейбір ұяң мен қатаң дауыссыз дыбыстардың ажыратылмай таңбалануы( қ-к,к-г, т-д,п-б, с-з, ш-ж, ч-ж)

12-тақырып.Араб жазуындағы ХІ-ХҮІ ғасыр түркі тілдес ескерткіштері, олардың тіл ерекшеліктері.Араб алфавитінің ХІ ғасырдан бастап түркі тілдеріне пайдаланылуы. Абаб алфавитіндегі алғашқы(ескі) түркі жазба ескерткіштері, олардың тіл ерекшеліктері.Ю.Баласағұнидің «Құдадғу біліг»,М.Қашқаридің «Диван лұғат ат- түрк»,А.Югнекидің «Хибат ал-хақайық,Н.Рабғузидің «Қиссас ал-анбия» атты туындылары.Араб жазуындағы орта түркі ескерткіштері, тіл ерекшеліктері.

13-тақырып. Араб алфавитінің құрамы мен оның түркі тілдерінде қолданылу тарихы.Араб алфавитінің құрамы(28 әріп), байырғы араб графикасының классикалық араб тілінің фонетикалық жүйесіне сүйенгені.. Барлық әріптердің дауыссыз дыбыстарды таңбалайтыны, сонымен қатар үш әріптің созылыңқы дауысты а, у, и дыбыстарына жұмсалатыны( «алиф», «уау», «йа» деп аталатын әріптер).«Құран» кітабын, әліппені дұрыс оқыту мақсатымен қысқа дауысты дыбыстардың да диакритикалық сызықша таңбалар арқылы(жолдыңүстіне, астына қойылған) көрсетілуі. Әріп көпшілігінің сөз басында, ортасында, соңында қолданылуына орай түрліше жазылуы. Араб алфавитінің арамей жазуының бір тармағы набатей алфавитінің негізінде шығуы, оның ислам дінінен бұрын пада болғаны туралы түсінік. ҮІғасырда құрамында 22ғана әріп, ал ҮІІІғасыдан бастап 28 әріп болғандығы.Бұл жазудың кең таралуы, арабтан басқа халықтарға да жайылуы, себептері.Жазудың негізгі түрлері(«насх», «куфи», т.б.) Баспахана жолымен кітап бастыру үшін бұл алфавиттің «насхи» түрі қолданылғаны(ХІХғ). Араб графикасының түркі тілдерінің, соның ішінде қазақ тілінің фонетикалық жүйесіне сәйкес болмауы, қолданыстағы қиыншылықтары.Жазу мен оқудағы үлкен алшақтық. Дауысты дыбыстардың толық қамтылып таңбаланбауы( мысалы, ескі жазуда еріндік дауысты дыбыстардың бір ғана араб әрпімен берілуі). Кейбір дауыссыз дыбыстардың(б-п, к-г) ұяң, қатаң болуына қарамастан, жалғыз таңбамен берілуі. Себебі араб алфавитінде п фонетикасына сай қосымша әріп қолданыла бастауы.( мысалы, «кәф» әрпінің негізінде г мен ң дыбыстарын белгілеу). Алфавит құрамының кеңеюі(29,31,32,38 әріпке дейін жету).

14-тақырып. Араб графикасына негізделген қазақ алфавитінің даму кезеңдері.Араб-қазақ алфавитінің ескі және реформаланған жаңа түрі. 1924 жылы жаңартылған алфавитінің қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне біраз икемделуі.Әріп саны ықшамдалып, 32 әріптен 25 әріпке түсуі. Араб графикасы негізіндегі алфавиттің басқа түркі тілдері сияқты қазақ тілінде де түбегейлі сай келмеуі, әріптердің сыртқы тұлғасы бір-бірімен ұқсас болуы, көпшілігінің диакритикалық таңбалар арқылы белгіленуі, дара әріптің бірнеше вариантпен берілуі, сөйтіп таңба санының мейлінше көбеюі, қолданыстағы ыңғайсыздығы. Осы сияқты кемшілік жәйттердің жазуды қиындатуы, араб графикасынан бас тартуға әкеп соғуы. Қытай, Пакистан,Ауғанстан, Ирандағы қазақтардың араб графикасын қолдануы.

15-тақырып.Орта түркі тілдері және олардың қазіргі түркі әдеби тілдерге тигізген әсері. Латын және орыс графикасына негізделіп жасалған түркі графикасы.Орта Азия, Жетісу, Шығыс Түркістанда кең тараған түркі жазба әдеби тілі(ХІҮ-ХҮІ ғасырдағы ортаазиялық әдеби «түркі» тілі). «Түркі» тіліндегі ортаазиялық әдеби шығармаларының өзбек, ұйғыр, түркмен, қазақ, қарақалпақ халықтарының ескі әдеби тілдеріне еткен әсері. Латын алфавитінің шығу тегі, даму тарихы, графикалық құрамы(21 әріп, кейін 23 әріп, орта ғасырда 26 әріпке жетуі.)Латын графикасының латын тілінің фонетикалық жүйесіне сәйкесуі. Латын тілі мен латын жазуының Рим католик миссионерлері арқылы кең таралуы. Латын жазуының басқа тілдерде қолданылуы.Түркі тілдес халықтардың 1924-1929 жылдары арасында латын алфавитіне көшуі. Бұл шараға қарсы шыққандардың, араб жазуын жақтаушыларының дәлелсіз байбаламдары. Қазақстанда «жаңа әліп»-латын алфавитін қабылдау(1929), оның маңызы. Латын алфавитіне көшу Шығыстағы мәдени революция екендігі. Қазіргі түркі әдеби тілдеріне шолу. Олардың негізгі даму бағыттары.Орфографиялық, орфоэпиялық нормаларының жетілуі. Орфография(емле) мен терминологияны жақындатып үйлестіру проблемалары. Түркі халықтары үшін ортақ әдеби тіл жасау проблемасы.

    1. Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны

1- тақырып. Түркі тілдерінің қыпшақ(солтүстік- батыс) тобының фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктерімен таныстырып, мәтіндерін оқыту.

2-тақырып. Түркі тілдерінің оғыз( оңтүстік-батыс) тобының фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктерімен таныстырып, мәтіндерін оқыту.

3 – тақырып.Түркі тілдерінің қарлұқ(оңтүстік- шығыс) тобының фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктерімен таныстырып, мәтіндерін оқыту.

4-тақырып. Түркі тілдерінің хакас(солтүстік- шығыс) тобының фонетикалық, грамматика-

Лық ерекшеліктерімен таныстырып, мәтіндерін оқыту.



5-тақырып.Бұлғар және чуваш тілдерінің басқа түркі тілдерінен ерекшелігі.

6-тақырып. Саха(якут) тілінің зерттелу тарихы, өзіндік фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктері.

7-тақырып.Руникалық көне түркі жазу ескерткіштерімен таныстырып,, орхон-енисей текстерін оқытып, талдау жасату.

8-тақырып.Ұйғыр жазуындағы көне түркі ескерткіштерімен таныстырып, текст үзінділерін оқытып, талдау жасату.

9-тақырып. Араб жазуындағы орта ғасыртүркі ескерткіштері мен ескі қазақ жазбаларының графикалық ерекшеліктерін байқатып, текст үзінділерін оқытып, талдау жасату.

10-тақырып. Реформаланған жаңа араб-қазақ жазуындағы текстерді оқытып, 20-жылдары қазақ тілінде шыққан жазба нұсқаларын талдау, графика мен орфографиясының кемшіліктерін айқындау.

11-тақырып. Латын графикасына негізделген қазақ жазуындағы текстерді оқытып, 30-жылдардағы қазақ тілінде шыққан жазба нұсқаларын талдау, графика мен орфограясының негізгі ерекшеліктерімен таныстыру.

12-тақырып. Қазіргі түркі халықтары. Қазіргі түркі халықтарының этнографиясы, материалдық және рухани мәдениеті туралы мәлімет.

13-тақырып.Түркі жазуы мен тіл мәдениеті тарихының кезеңдері.Жазу таңбасы мен дыбыс жазудың даму тарихы жөненде жалпы түсінік.Жазу жүйесінің түрлері. Пиктографиялық, идеографиялық,, буын, әріп жазуы, оның пайда болуы мен тармақталуы жөніндегі негізгі мәліметтер.

14-тақырып.Көне түркі руникалық жазу ескерткіштері.Орхон жазу ескерткіштері. Енисей жазу ескерткіштері. Талас жазу ескерткіштері.

15-тақырып.Көне түркі руникалық алфавитінің генезисі.Руникалық көне түркі алфавитінің шығу тегі жөніндегі болжамдар мен деректер. Зерттеуші ғалымдардың пікірлері. Манихей жазуындағы көне түркі ескерткіштері.

СӨЖ мазмұны



СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі


1

Дәріс сабақтарын өңдеу




Сабаққа қатысу

15 (1х15)

2

Үй тапсырмасын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15 (1х15)

3

Қосымша материалдарға дайындық

Конспект

Коллоквиум

10

4

Семестрлік тапсырманы орындау

Конспект

Семестрлік

тапсырманы

қорғау


10

6

Бақылау шараларына дайындық

Р1,Р2.

Тест бойынша

10




Барлығы







60



Студенттерге өздігінен оқуға берілетін тақырыптар

  1. Түркі филологиясы және жазу тарихы. Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-16 бет, [5], 1-45 беттер, [12] 1-25 беттер.

  2. Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері. Ұсынылатын әдебиет: [3], 1-46 бет, [4], 1-55 беттер, [6] 1-10 беттер.

  3. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Ұсынылатын әдебиет: [6], 1-16 бет

  4. Түркі тілдерінің жіктелуі. Ұсынылатын әдебиет: [2], 1-55 бет.

5.Түркі тілдерінің бұлғар тобы. Ұсынылатын әдебиет: [12], 1-44 бет, [3], 1-32 беттер, [1] 1-300 беттер.

6. Түркі тілдерінің оғыз тобы. Ұсынылатын әдебиет: [16], 1-16 бет, [1], 1-55 беттер, [2] 1-120 беттер.

7.Түркі тілдерінің қыпшақ тобы. Ұсынылатын әдебиет: [14], 1-18 бет, [7], 1-27 беттер, [4] 1-120 беттер.

8.Түркі тілдерінің қарлұқ тобы.Ұсынылатын әдебиет: [11], 1-16 бет, [6], 1-66 беттер, [9] 1-100 беттер.

9.Түркі тілдерінің ұйғыр-оғыз тобы. Ұсынылатын әдебиет: [1], 311-333 бет, [6], 1-66 беттер, [9] 1-100 беттер

10.Түркі тілдерінің қырғыз-қыпшақ тобы. Ұсынылатын әдебиет: [1], 336-349 бет, [6], 1-66 беттер, [9] 1-100 беттер



Қорытынды бақылау және ағымдағы үлгерім түрлері бойынша үлес салмағын бөлу

Р/С

Қорытынды бақылау түрі

Бақылау түрі

Үлес салмағы

1.

Емтихан

Емтихан

0,4

Жіберу рейтингісі

0,6

2.

Сынақ

Сынақ

0,4

Жіберу рейтингісі

0,6

3.

Курстық жұмыс (жоба)

Курстық жұмыс (Курстық жоба)

0,4

Жіберу рейтингісі

0,6

Бақылау шараларының күнтізбелік кестесі

1 рейтинг (1 семестр)

Апталар

1 сабақ үшін макс. балл

1

2

3

4

5

6

7

8

Бар-лығы

Максималды балл

20

27

26

27

100

Дәрістерге қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны

 

ДҮТ 1,2

ДҮТ 3,4

ДҮТ 5,6

ДҮТ 7,8

24

Бақылау нысаны

 

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс.балл

3

6

6

6

6

Практикалық сабақтарға қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны

 

ПҮТ 1,2

ПҮТ 3,4

ПҮТ 5,6

ПҮТ 7,8

56

Бақылау нысаны

 

Т

Т

Т

Т

Макс.балл

7

14

14

14

14

Қосымша материалдарға дайындық

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны

 

 

 

ҚМ1

 

КМ2 

 

ҚМ3

 

20

Бақылау нысаны

 

 

 

Т

 

Т 

 

Т

 

Макс.балл

 7

 

 

7

 

 6

 

7

 

Пән тақырыптары бойынша білімді бақылау

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны

 

 

 



 

 



 

 

100

Межелік бақылау

 

 

 



 

 



МБ 




Макс. балл

 

 

 



 

 



100 




2 рейтинг (1 семестр)

Апталар

1 сабақ үшін макс. балл

1

2

3

4

5

6

7

Бар-лығы

Апта ішіндегі максималды балл

22

29

30

19

100

Дәрістерге қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны

 

ДҮТ 1,2

ДҮТ 3,4

ДҮТ 5,6

ДҮТ 7,8

21

Бақылау нысаны

 

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс.балл

3

6

6

6

3

Практикалық сабақтарға қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны

 

ПҮТ 1,2

ПҮТ 3,4

ПҮТ 5,6

ПҮТ 7,8

59

Бақылау нысаны

 

Т

Т

Т

Т

Макс.балл

9

16

16

18

9

Қосымша материалдарға дайындық

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны

 

 

 

ҚМ1

 

КМ2 

 

ҚМ3

 

20

Бақылау нысаны

 

 

 

Т

 

Т 

 

Т

 

Макс.балл



 

 

7

 

 6

 

7

 

Пән тақырыптары бойынша білімді бақылау

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны

 

 

 



 

 



МБ 

100 


 

100

Межелік бақылау




Макс.балл































Шартты белгілеулер: 1 ДҮТ – №1 дәрісті дайындау үшін берілетін үй тапсырмасы; Қ – оқу үрдісіне қатысу; ПҮТ 1 – №1 практикалық сабақтарға дайындалу үшін үй тапсырмасы; Т – тексеру; ҚМ-қосымша материалдарға дайындық(СОӨЖ ұпайы); МБ-межелік бақылау. Межелік бақылауға АУ бойынша балдары бар студенттер босатылады. АУ мен МБ бағалары бойынша пән бойынша студенттердің рейтингілері (Р1 және Р2) анықталады.

11 Курстың саясаты

  • Дәріске, тәжірибелік сабаққа, ОСӨЖ-ге қатысу;

  • Сабаққа кешікпеу, сабақтан қалмау;

  • Тапсырмаларды уақытында орындау;

  • Оқу үрдісіне белсенді қатысу;

  • Берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарау.

12Қолданылатын әдебиеттер

Негізгі:

  1. Аманжолов А.С. Түркі филологиясы және жазу тарихы. А.1996ж

  2. Қайдаров Ә, Оразов М. Түркологияға кіріспе. А.1985

Қосымша әдебиет:

3.Айдаров Г, Құрысжанов Ә, Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А,1971ж.

4.Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А,1986ж

5.Аманжолов А.С. Түркская руническая графика. А,1980ж

6.Аманжолов А.С. Введение в тюркскую филологию. А, 1986ж

7.Баскаков Н.А. Тюркские языки. М.1960.

8.Баскаков Н.А. Введение в изучение тюркских языков. М.1966

9.Вопросы совершенствования алфавитов тюркских языков. М.1972.

10.Дмитриев Н.К. Строй тюркских языков. М.1962.

11.Жолдасбеков М. Орхон ескерткіштері. Астана.2001ж.

12.Кононов А.Н. История изучения тюркских языков в России Л.1972,1982.

13.Кононов А.Н. Грамматика языка тюркских рунических памятников ҮІІ- ІХ вв. М. 1980.



14. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. М- Л,1951.

15.Стеблева И.В. Поэзия тюрков ҮІ-ҮІІІ веков. М.1976.
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет