52. «Қорқыт ата кітабына» енген жырлардың біріне талдау жасау Қорқыт ата кітабы осы күнге дейін Дрезден қаласында он екі жырдан тұратын қолжазба күйінде және Италияда алты жырдан тұратын қолжазба күйінде сақталып келеді. Қорқыт ата кітабын VIII ғасырларда және одан да бұрын туған аңыздардың жинағы деуге болады. Оларды жыр түрінде жазған-Қорқыт ата. Кітапта қазақ халқының құрылуына тікелей қатысы бар, тарихта белгілі оғыз тайпаларының тағдырына байланысты оқиғалар баяндалады. Қорқыт ата кітабы мынадай жырлардан тұрады: – Дерсе хан ұлы Бұқаш туралы жыр, – Қазан бектің ауылын жау шапқаны туралы жыр, – Оғыз қаған жыры т. б. Қорқыт ата кітабының жырлары оғыз тайпасының туған жерін, елін сыртқы жаулардан қорғау үшін қан майданға шыққан алып батырларының ерлігі туралы толғайды.
Эпостағы он екі жырдың барлығы бір-біріне ұқсамайтын бөлек сюжетті шығармалар дегенмен олардың ішінде сюжеттік ұқсастықтар кездеседі. Оларды былайша топтастыруға болады.
1. «Қорқыт ата кітабындағы» барлық жырларға Қорқыт ата «Оғыз-нама» деп бірдей атау берген.
2. Әр жырдың басталуы бірдей. «Дирсеханұлы Бұқашжан туралы жыр», «Қазан Салордың ауылын жау шапқаны туралы жыр», «Байбөрі баласы Бәмсі Байрақ туралы жыр», «Қазан бектің баласы Ораздың жауға қалай тұтқын болғаны туралы жыр», «Оғыз Қазылық баласы Иекенк», «Бекіл ұлы Эмран батыр туралы жырларда» Баяндүр хан мен Қазан бектің ала шатырын құрғызып, сән салтанат құрып отырған кездерінен басталады.
3. Хандардың ханы Баяндүр жалпы жырлардың басында кездеседі де, жырдың соңғы бөлімдерінде айтылмайды. Өйткені, болып жатқан оқиғалардың ішінде болғанымен ортаға шығарылмайды. Күші бар, бірақ ортада көп көрінбейтін көлеңке тәріздес.
4. Жырлардың барлығына ортақ ең маңызды ерекшеліктердің бірі-оқиғалардың өрбуі. Әр жырдың басында кейіпкерлер бір сәтсіздікке ұшырайды, болмаса жамандыққа тап болады. Сәтсіздіктер мен жаманшылықтар жалпы гәуірлер (кәпірлер) тарапынан келіп отырған. Кейіпкерлердің басы бәлеге душар болады немесе тұтқынға түседі. Жырдың соңына қарай есімдерін тек қана құтқару кезінде еститін, бұрын-соңды жырдың еш жерінде кездістірмеген оғыздың жігіттері бас кейіпкерді құтқарып, әр түрлі қиындықтан алып шығады.
5. Кейіпкерлер бір адамның бойынан табылатын ерекшеліктерден де көп таңғажайып жаратылыстың бойынан табылатын қасиеттерге ие. Кейіпкерлердің өте мықты және күшті болғандығы сондай, бір орда әскермен жалғыз күреседі. Мысалы: Оғыздың әлі келмеген Төбекөзді Басат жалғыз өзі жеңіп тастайды. Қан Төрәлі ешкімнің жеңе алмаған күштерін жеңген. Секрек алпыс қарулы әскерге қарсы шығып, жеңіп, ұйқыға кеткен. Айғырының оятқанымен оянып, кейін тағы келген жүз адамды жеңіліске ұшыратады. Соңында бауыры Екрек екеуі жауды жеңіп , үлкен жеңіске жетеді.
6. Жырлардағы басты кейіпкерлер жағымды болып суреттелгендіктен оқырмандар әрдайым олардың жағында болады. Жыр, кейіпкерлерімен бірге қайғырып, солармен бірге қуанады, шаттанады. Өйткені жырлаушының ұстанған басты принципі ондағы негізгі кейіпкерлердің іс-әрекеттері арқылы оларды жағымды етіп көрсету. Мысалы: Бәмсі Байрақ жеті қыздың үміті, қалың оғыздың сүйіктісі ретінде танылған.
7. Кейіпкерлер көп ауырмайды, тек жараланады немесе аттан түсіп бір жерлерін сындырып алады, болмаса тұтқынға түседі.
8. Кейіпкерлер батыл, тез ашуланып, ашуы тез тарайтын, аттың құлағында ойнайтын, қылышты жақсы қолданатын болған. Кішкентай кездерінен бастап шайқастарда қан төгіп, үлкен жетістіктерге жеткен. Осы жетістіктеріне орай оларға Қорқыт ата тарапынан есім берілген. Әрі батыр әрі батыл кейіпкерлер тек қана ер жігіттер емес, қыздар да болған. Мысалы: Байрақ әкесіне үйленетін қыздың ерекшеліктерін былай деп суреттеген: «Мен орнымнан тұрғанша орнынан тұруы, атыма мінгенше атына мінуі, дұшпанға барғанымша дұшпанымды алдыма алып келуі тиіс» Байрақ Бәну Шешектің әйел екеніне қарамастан, онымен бірге атқа мініп, садақ атысып, күреседі. Сейілжан сұлу болса, Қан Төрәліні гәуірлердің қолынан құтқарады. Дирсехан мен Бекіл әйелдерінің берген ақылдарын тыңдап отырған. Бұл эпостағы әйелдер бейнесі сенімді, өз ері мен еліне берілгендігімен қатар өз ары мен жақындарын қорғауда батыл, жар таңдауда ақылды болып суреттеледі.
9. Жырларда оғыз бектері жиі- жиі гәуірлердің тұтқыны болады. Бірнеше жылдан кейін тұтқынды құтқаруға бір жақыны келеді. Мысалы: Қазанды баласы Ораздың құтқаруы, Секрек он алты жылдан кейін Алынджа қамалынан бауыры Екректі,Иекенек Дизмерд қамалында тұтқынға түскен әкесі Қазылық оғызды құтқарды. Тұтқынға түскен жақындары туралы жағдай құтқарушысына бұрыннан айтылмайды. Он бес, он алты жасқа келгенде өздеріне дұшпандары тарапынан айтылады.
10. Жырдағы кейіпкерлер барынша жақсы немесе керісінше нашар болып суреттелген. Әр тайпаның бектері жақсы, гәуірлер тобы болса керісінше. Гәуірлер туралы айтыла бастаса жыр «жарымай қалғыр» деген қарғыспен басталады. Бірақ гәуір қыздары сұлу болып суреттелген. Оғыз мырзаларының олармен үйленуі табиғи құбылыс ретінде көрсетілген.
11. Тағы бір ерекшелік жырда кездесетін есім атаулары. Әр жырда кездесіп отыратын есім атаулары: Баяндүр хан және Қорқыт ата. Есімдері жыр атауларына негіз болған оғыздың бектері: Дирсехан, Бұқаш, Қазан Салор, Бейрек, Қан Тұралы, Ораз, Басат, Ержүрек Домрул, Иекенек, Бекіл, Эмран. Тек қана бір жырда кездесетін, бірақ олар туралы көп нәрсе білмейтін оғыздың жігіттері және олардың әкелері де кездеседі.
12. Қорқыт ата жырларының барлығы бірдей өрбіп, бірдей бітеді. Жырларда қан төгіледі, бас жарылады, соғыстар болады. Жырдың сегізінде гәуірлермен оғыздардың арасындағы соғыс, екеуі (Бұқашжан, Бәмсі) оғыздардың ішінара, екеуінде (ержүрек Думрул, Басат) соғыс жоқ, бірақ қиын қақтығыстар бар.
13. Оғыз бектері мен гәуір мырзаларының танытылуында қолданған сөздер жырларда ортақ.
14. Әйелге деген құрмет барлық жырларда кездеседі. Кей жерлерде әйелдер алдыңғы орында көрсетіліп тіпті матриархаттық дәуірді елестетеді. Жырдың алғы сөзінде Қорқыт атаның айтқан: «Ұлдың кімнен туғанын ана білер» деген сөзінен әйелге деген құрметті көруге болады.
15. Жырларда ананың балаға, баланың анаға деген сүйіспеншілігін жиі көреміз.
16. Жырларға ортақ сюжеттік сарын ретінде әйелдердің күйеулеріне деген құрметін айтуға болады. Бегіл мен Дирсе ханның әйелдерінің күйеулеріне қолқанат болғандығын, ержүрек Думрулдың әйелі өз жанын күйеуі үшін пида етуі, Селжан сұлудың ұйықтап жатқан Қан Тұралыны жаулардың шабуылынан қорғап күзетуі, Бөрлі сұлудың Қазанға көрсеткен көмегінен күйеулеріне деген құрметті көреміз.
17. Жырда көп кезедесін ортық мотивтердің бірі -қайталанатын жерлердің бірі аңға шығу. Дирсе хан, Бейрек, Ораз, Емренің тайпасы барлығы да аңшылықпен айналысады.
18. Жырлардағы айтылатын жер атаулары да бір-біріне ұқсас. Солтүстік Анадолы аймағындағы Пасинлер, Дербент, Сүрмели, Хамид, Мардин сияқты қалалар. Мухаррим Ергин Оғыз аймағының нақты белгіленбегені, бір бектің бір елі, бір ордасы болғандығын, бірақ бұл жерлердің де нақты шекаралармен көрсетілмегені туралы айтады[3]. Ергиннің пікірі жырдағы оқиғалардың баяндалған жерлерде болмағандығы, негізгі Оғыз тайпасының Орта Азияда өмір сүргендігі, жер атауларының жырды жазып алу кезінде ортаға шыққандығы жөнінде айтылған.
19. Жырдағы кейіпкерлердің бір-бірінен айырылу сарындары да ұқсас болып келеді. Мысалы: елден, анадан, атадан, сүйіктісінен, тайпасынан, бауырынан айрылу. Бірақ Байбөрі баласы Бәмсі-Байрақ туралы жырдан басқа жырдың соңы қуанышпен, тоймен, үйленумен бітеді. Бұл қуаныштар Қорқыт атаның суреттеуімен бітеді.
20. Жырларда оқиғалардың баяндалуы қара сөзбен, кейіпкерлердің диалогтары өлең жолдарымен берілген.
XII жырға талдау
Тақырыбы: Сыртқы оғыздардың ішкі оғыздарға қарсы шығуы және Бамсы –Бейректің өлімі туралы жыр
Жырға композициялық талдау:
Оқиғаның басталуы:Қазанның өз үйін тонауға беруі
Оқиғаның байланысы:Аруз-қожа бастаған сыртқы оғыздардың тонау салтанатына келми қалуы
Оқиғаның дамуы:Аруз –қожа Қазанға жаманшылық ұйымдастыруы
Оқиғаның шарықтау шегі:Бамса-Бейректі шақыртып, Қазанға қарсы шығуға азғыруы
Оқиғаның шиеленісуі:Бамсы-Бейректің өлімі,ішкі оғыздардың сыртқы оғыздарға соғыс ашуы
Оқиғаның шешімі:Екі елдің арасына іріткі салған Аруз-қожа өлімі.