34.Қазақтың тарихи эпосы
Тарихи эпос – қазақтың жүз, тайпа, руларының бірігуінің, бүкіл халықтың жұдырықтай жұмылып сыртқы жауға қарсы күресінің, егемендік идеясының поэтикалық көрінісі. Халыққа танымал тарихи эпостардың санатында Есім хан мен Абылай ханға, Кенесары ханға, Бөгенбай мен Қабанбай, Ағыбай мен Олжабай сынды ержүрек ерлерімізге, Орақты, Исатай мен Махамбет, Сәтбек, Райымбек, Өтеген, Барақ, Жантай, Сырым, Бердіқожа, Досан, Жәнібек, Бекет, Арқалық, Жанқожа, Мырзаш, т.б. батырларымызға арналған жырлар. Батырлық пен тарихи жырлар халықтың ықыласына бөленіп, көптеген ақын, жыршы, жыраулардың репертуарынан берік орын алып келеді.
Тарихи жырлардың шығу, пайда болу мерзімдері әр халықтың фольклорында әр түрлі. Қазақ ауыз әдебиетінде тарихи жырлар 4 кезеңге бөлінеді.
Алғашқы кезеңдегі Тарихи жырлар Алтын Орда, Ноғайлы, Астрахан, Қырым хандықтарына карсы феодалдық соғыстар (14 - 17 ғ.) суреттеледі ("Едіге", "Нұрадин", "Орақ-Мамай", "Қарасай-Қази", "Мұсахан", "Телағыс", т.б. жырлар).
Жоңғар, қалмақ шапқыншылығына қарсы жорықтарды (18 ғ.) қамтитын екінші дәуірде Қабанбай, Бөгенбай, Олжабай, Өтеген, Жәнібек батырлар туралы жырлар туды.
Үшінші дәуірде ұлт-азаттық, бостандык жолындағы күресті (19 ғ.) сипаттайтын жырлар шьпсғы: "Исатай-Махамбет", "Бекет батыр", "Досай батыр", "Жанқожа батыр", т.б.
Төртінші кезең 20 ғ-дың басындағы төңкеріс жылдарындағы елеулі оқиғалар және 1916 жылғы патша үкіметіне карсы халық көтерілісі жайындағы жырлармен шектеледі ("Туар ма екен бізге күн", "Еріксіз келдім елімнен", "Зарлы заман кезінде", "Құлақасқа", "Бекболат", "Ұзақ батыр", "Амангелді" т.б.).
Қазақ әдебиетіндегі Тарихи жырларды Үмбетей, Мұрат, Тілеміс, Нысанбай, Жанкісі, Шернияз, Жамбыл, Нұрпейіс, Мұрын сияқты ақынжыраулар шығарған, толықтырып, өндеп қайта жырлаған. Тарихи жырларға алғаш көңіл бөлген Ш.Уәлшанов еді. Ол "Абылай", "Орақ батыр" жырларын жазып алып, зерттеді. Одан кейін 19 ғ-да В.Радлов, Г.Потанин, И.Березин, И.Аничков, 20 ғ-дың басында М.Ж.Көпеев, Ә.Диваев т.б. көрнекті фольклористер Тарихи жырларды жинауда көп еңбек сіңірді. Қазір Орталық ғылыми кітапхананың қолжазба қорында 400-дей Тарихи жырлар бар. Кеңес дәуірінде Тарихи жырларды зерттеуге С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мщанов, Ә.Маргцлан, К,.Жцмалиев, Е.Ысмайылов, М.Ғабдуллин, Н.С.Смирнова, Б.Кенжебаев, Ф.Бердібаев, Б.Уақатов, Н.Төреұлов, К.Сейдеханов, т.б. ғалымдар зор үлес қосты. Көптеген Тарихи жырлар хрестоматияларға, жинақтарға енді, жеке кітап болып басылды.
Талдау:
"Кенесары-Наурызбай» тарихи жыры"
Тақырыбы – Кенесары, Наурызбай бастаған – ұлт-азаттық көтерілісінің тарихи сипатын таныту
Идеясы – ұлт-азаттық көтерілісі кезіндегі халықтың жанқиярлық күресін, қол бастаған батырлардың (Кенесары, Наурызбай, Ағыбай, Бұқарбай, т.б.) ерлік істерін даралау, мінездеу.
Композициясы мынадай бөліктерден құралған:
біріншісі – Ресей патшалығының отарлау ықпалына түскен қазақ халқының мүшкіл хал-ахуалына автордың эпикалық баяндауы мен лирикалық толғаныстармен баға бергені;
екіншісі – екі жақтан епкіндеп торлай бастаған отарлау құрсауына қарсы Кенесары, Наурызбай бастаған әскердің жиналуы;
үшіншісі – Наурызбай, Ағыбай батырлардың Кене хан әскері үшін тұлпарлар жинауы, Жолды аяқ сынды тілеулес батырлар шоғырының құралуы;
төртіншісі – Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтерілісі жауынгерлерінің орыс жазалаушыларымен шайқасып, Қызылжарды, Көкшетауды, Бурабайды, Атбасарды, Қараөткелді және т.б. мекендердi отаршылдардан азат еткенi;
бесiншiсi – Ресей патшалығынан азат болу жорығына қырғыз елін де қосу жолындағы әрекеттің қырғыз манаптарының және кейбір қазақ руларының опасыздығының кесірінен сәтсіздікке ұшырағаны;
алтыншысы – дастанның тұтас желісіндегі азаттыққа, тәуелсіздікке құштар қаһарман халықтың көркем жинақталған тұлғасының сомдалуы. Қазақтардың жеңілген себебі - Кенесары қолында алауыздық туады, барымтаны олжалауға таласуы еді.
Достарыңызбен бөлісу: |