42. ХХ ғасырдағы қазақ фольклортануы
ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ фольклортану ғылымын қазақ әдебиеттану ғылымы тарихының бір саласы «Қазақ әдебиетінің тарихы» ішінде қарастырған алғашқы монографиялық еңбек «Қазақ әдебиетінің тарихы» деген атпен 1948 жылы басылым көрді.Еңбекті жазуға белгілі ғалымдар М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Е.Смаилов, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев, Ә.Қоңыратбаев, Б.Шалабаев, Ә. Мәметовалар ат салысты.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ фольклорын жариялау ісі алғашқыда бұқара көпшілікке арналып, бірте-бірте ғылымикөпшілікті кең қамтуға ойысты. Жариялаудың мақсаты өзгеріп отырды. Егер 1920 жылдарға дейін, негізінен, газеттерде және Қазандағы, Орынбордағы ғылыми журналдарда жарық көрсе, 1920 жылдардан бастап фольклор мәтіндері тәрбиелік, ағартушылық мақсатта жарияланды. Зиялылар еңбектері оқулыққа енгізілді, хрестоматияларға кіргізілді, бірте-бірте эпостар жеке кітап болып, фольклорлық жинақтар шыға бастады. Алғашқы кезеңде шығарушылар мәтінді өңдеп, оған текстологиялық өзгертулер енгізіп отырды. Ал, 1930 жылдардан бастап ғылыми-көпшілік басылымдар пайда болды. Оларда жинаққа, немесе кітапқа енген мәтінге қатысты қысқаша кіріспе мәлімет берілуі, бірақ қажетті комментарилер берілмеуі орын алды. Осы үрдіс 1950 жылдардың аяғына дейін сақталды. Ал, фольклорды зерттеу ісі күрделі жолдардан өтті. ХХ ғасырда дүрсін-дүрсін жүрген идеологиялық күрес әсерін тигізбей қойған жоқ. Дей тұрғанмен, ұлттық фольклорды зерттеу қарапайымдылықтан күрделілікке қарай жол тартты. 1920 жылдарға дейін қызықтау мен таныстыру мақсатында жекелеген мақалалар, очерк іспетті этнографиялық жазбалар басым болды. Одан кейінгі тұста қазақ фольклоры туралы зерделі зерттеулер жазыла бастады. Әсіресе, 1925-1940 жылдары арнайы жазылған кітаптар мен монографиялардың шығуының мәні зор болды. Бұларда, негізінен, фольклор жалпы түрде қамтылған, оның басты-басты жанрлары сипатталды, әр жанрға тән белгілер анықталды, және жанрларды мінездейтін шығармаларға талдау жасалды. Бірақ сол кездегі тәртіп бойынша шығармалардың идеясы мен тақырыбына мән беріліп, фольклорлық кейіпкерлер таптық-әлеуметтік тұрғыда қаралды. Ол шақта фольклорды идеологиялық құрал деп түсіну орнықты да, оған профессионалды әдебиеттің қасиеттері танылып, фольклор жазба әдебиетке қойылатын талап бойынша зерттелді. Соның салдарынан фольклортану ғылымы әдебиеттанудың бір саласы деп танылды. Осы кемшілік ХХ ғасырдың 70-80 жылдарына дейін үстем болып келді.
ХХ ғасырдың Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңінде қазақ даласында болған зерттеулер мен ғалымдардың атқарған істерінің маңызды бір саласы – ол фольклор үлгілерін жинау, жариялау, сондай-ақ оны орыс тіліне аудару болғаны мәлім. Яғни фольклорды жиыстыру ісінде тілшілер көмегіне сүйену, жазып алу ісін хат танитын адамдарға тапсыру, ұйымдастыру т.б. тәрізді іс-шаралармен қатар, арнайы фольклорлық терминдердің қалыптасып үлгермегеніне қарамастан, фольклор үлгілерін жинауда оның барлық түрін қамтуға талпыныс байқалады. Сонымен бірге фольклорды жиыстырғанда, ел арасынан сұрау салып іздеу, түпнұсқаға мейлінше жақын етіп аудару, нұсқаның мазмұнын қарасөз түрінде баяндау шаралары да іске асқан.
Ол кезде фольклор мәселелері, көбінесе этнографтар, тарихшылар т.б. тарапынан қарастырылған. Орыс ғалымдары мен жазушыларының Қазақ еліндегі ғылым мен мәдениеттің, қоғамдық ой-пікірлердің дамуына үлкен үлес қосуы, әсіресе, қазақ фольклорына арналған мақалалар жазуы, түрлі библиографиялық көрсеткіштер жариялауы
т.б. - мұның бәрі Ресейдің бірінші кезектегі империялық-отарлау саясатынан туындаған еді.
Қай елдің болса да ескі тарихынан, мәдениетінен, өткенкеткенінен мол дерек беретін материалдардың бір
ХХ ғасыр басындағы Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі орын алған түрлі тосқауылдарға қарамастан, ғылымды шын сүйетін ғалымдар бұл істі, негізінен алғанда, дұрыс бастап, өрістетіп келген деуге болады. ХХ ғасыр басындағы белгілі фольклортанушы ғалымдар: Г.Н. Потанин, Ә. Диваев, М.Ж. Көпеев т.б. жазбалары жинаушыларға қойылатын басты-басты талаптарға сай келді. Біріншіден, материалдарды кімдерден қандай жағдайда алғанын үнемі дерлік көрсетіп отырды. Екіншіден, халықтың ұғымын, ауызекі сөйлеу тілі ерекшелігін сақтап, қағазға түсірген. Үшіншіден, белгілі бір аңыздың тарихилығын, шындығын дәлелдерлік деректерді қоса келтірген.
ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарында фольклор мәтіндерін жинау, көбінесе екі бағытта жүргізілді: бірі- бұл дәстүрлі фольклорды жинаумен қатар, Кеңес үкіметі саясатына сай делінген, «нағыз халықтық» делінген үлгілерді жиыстыру, оларды көбейтіп дабыралау болып табылады. Екіншісі- халық арасында, белгілі фольклорды жеткізушілердің жекелеген жанрды орындаудағы шеберлігі мен репертуарына т.б. көңіл бөлу өсті.
ХХ ғасыр бас кезінде қызмет еткен белгілі жинаушылар: М.Ж.Көпеев, Ә. Диваев, Х. Досмұхамедұлы, Н.Пантусов, А.Мелков т.б. халықтық шығармаларды тыңғылықты іздестіру жұмыстарын жүргізе отырып, табылғанды сақтай білді. Олардың халық мұрасына жанашырлықпен қарап, қызғыштай қоруы арқасында Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңнің өзінде-ақ қазақ фольклорының мол мұрасының бір бөлімі әрі жинақталып, әрі сұрыпталынып, әрі жарияланып – бәрі қазақ фольклортану ғылымы үшін зерттеушілік жұмысқа қажетті материалдық негіз құрады.
ХХ ғасырдың алғашқы жартысында қазақ даласында фольклорлық шығармалардың тікелей, экспедициялық, тұрғылықты тәсілдері арқылы жиналғаны мәлім. Мұның ішінен мәдени мұраны ел арасынан басқа да тәсілдермен қатар тікелей тәсіл арқылы жинаудағы мақсат- жоғалып бара жатқан қазақтың ең бай мұрасы, халық шығармаларын қағазға тездетіп түсіру екені белгілі. Бұл тәсілдің өз артықшылықтары, өз кемшіліктері бар. Кемшілігі не десек, біріншіден, тікелей тәсіл кезінде экспедициялық тәсіл арқылы фольклорды әрі кең, әрі көп мөлшерде жинау мүмкіндігі жоқ. Екіншіден, тұрғылықты тәсілге қарағанда, бір елді мекендегі барлық фольклорлық жанрлардың бірін қалдырмай, асықпай толық қамту жағы төмен. Ал, артықшылығына келсек: біріншіден, фольклор өмір сүретін ортада жинаушы мәтінді қағаз бетіне түсіру ісіне өзі тікелей араласа отырып, орындаушыны да, елді-мекенді де өзі таңдайды. Жинау барысында туған түрлі кемшілік атаулыны сол жердің өзінде-ақ түзету мүмкіндігі бар. Ендеше нұсқаның ғылыми талапқа сай жиналуын қамтамасыз етеді. Екіншіден, экспедиция жасақтау үшін қажетті уақыт мөлшері, қаражат көздері т.б. бұл тікелей тәсіл арқылы жинау жұмысына аз жұмсалады. Ал, мәтіндерді ауызба-ауыз түсіру мүмкіндігі, жиналған үлгінің тіліне, көлеміне, көркемдік сапасына нұқсан келтірмейді. Үшіншіден, ең бастысы, фольклорлық шығарма тікелей орындалу кезінде қағазға түсетіндіктен, мәтіннің сөзбе-сөз өзгерусіз қағазға түсу мүмкіндігін арттырады. Демек, фольклортану ғылымының дәлділік талабы орындалады. Сондай-ақ мәтіннің паспортын толық түсіру мүмкіндігін арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |