Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы


Рақманқұл Бердібай – фольклортанушы



бет36/76
Дата17.12.2023
өлшемі0,62 Mb.
#197431
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   76
Байланысты:
Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы-emirsaba.org

45. Рақманқұл Бердібай – фольклортанушы
Рахманқұл Бердібайұлы Бердібаев — әдебиеттанушы ғалым, фольклор зерттеушісі, сыншы. Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі.
Қазақ халық ауыз әдебиетін зерттеу саласына ғалым 1970 жылдары келді. Бұл тақырыпқа кеш келсе де, фольклордың бүкіл ерекшеліктерін тез меңгерген ғалым халық ауыз әдебиеті шығармаларын жаңа методология тұрғысынан зерттеу үлгілерін ұсынды. Бұл ұсыныс күйінде ғана қалып қойған жоқ, ғалым оны әрі қарай меңгеріп, таныту тұрғысына да көп еңбек сіңіріп үлгерді. Бұрын фольклор дүниелерін әдебиет туындысы үлгісімен талдау көбірек орын алып келсе, Рахманқұл Бердібай ауыз әдебиетінің жазба шығармадан бөлек, дара, ерекше құбылыс екенін таныта зерттеуді бастады.
Р.Бердібай ұзақ жылдар бойы халықтық мұра сапынан шығып қалған қазақ-ноғайлы жырларын қайта зерттеп, қатарға қосуға зор күш жұмсады. Ол ғылыми мақалалары мен баяндамаларында «Едіге батыр», «Орақ-Мамай», «Қарасай-Қази», «Шора батыр», «Ер Сайын» жырларын жариялау мен зерттеуді жүйелі түрде ұсынды.
Ғалым ауыз әдебиетін зерттегенде өзінен бұрынғы зерттеушілер Ш.Уәлиханов пен В.В. Радловтан бастап, бүгіндегі С.Қасқабасов пен Е.Тұрсыновқа дейінгі ондаған фольклоршылар еңбектеріне қысқаша шолулар жасап, мазмұнды түйіндеулер жасайды. Яғни өз зерттеу еңбектерінің тақыр жерде пайда бола салмай, белгілі бір негіз аңғарында дүниеге келгенін көрсетеді.
Р.Бердібайдың 1982 жылы «Ғылым» баспасынан жарық көрген «Қазақ эпосы» атты монографиясы қазақ фольклортануына үлкен жаңалық әкелді. Осыған дейін «эпос» термині қаһармандық жырларды ғана атауға қолданылып келсе, ғалым бұл сөзді әдеби тек мағынасында жұмсалатын әлемдік әдебиеттану мен фольклортанудағы мәніне жақындатты. Ол көне ертегілік, қаһармандық, ғашықтық, тарихи жырлардың барлығын осы «эпос» ұғымының аясында, біртұтас дүние ретінде қарастырған.
Ал Р.Бердібай 20 жыл бұрын «Қазақ романдарының негізгі теориялық мәселелері» деген тақыпта докторлық диссертация қорғап болған соң, мұндай еңбек жазып жариялайды.
Р.Бердібайдың фольклортанушылық еңбегі эпос жанрымен шектелген жоқ. Оның жалпы фольклор туындыларының басты ерекшеліктері, атап айтсақ, көпқабаттылығы, көпнұсқалылығы, көп қырлылығы (синкреттілігі), халық тұрмысымен байланыстылығы, дәстүрлілігі, образ жасау жолдары жөніндегі мақалаларының ғылыми ғана емес, публицистикалық мәні де зор.
Рахманқұл Бердібайдың қай еңбегінен болмасын өзіндік қолтаңба бедерленіп, көзге ұрып тұрады. Оны ғылыми мақалаларында публицистика элементтерінің аралас жүруі ғалымның өз замандастарын бір сәтке ұмытпайтын жанашырлығынан туындап жатса керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет