Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы


 Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі миф жанры



бет37/76
Дата17.12.2023
өлшемі0,62 Mb.
#197431
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   76
Байланысты:
Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы-emirsaba.org
8 сын тест қаз тарихы, Д ниеж зі тарихы 8сынып Та ырыпты тесті Англия, medicinadagy latyn tili, РА презент, Правила волейбола, фольклор 1-6 сұрақ
46. Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі миф жанры
Миф-адамдардың дүниетанымының көрінісі.Көне мифтер арқылы жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы жайлы сол кездегі адамдардың көзқарастары бізге жетіп отыр.Ежелгі адамдар өздері түсінбеген табиғат құбылыстарына, жануарларға арнап мифтер мен аңыздар шығарған.
Мифтің мынандай түрлері кездеседі:
а) философиялық немесе түсіндірмелік мифтер;
ә) нақтылы, бірақ бұрмаланған деректерге сүйенген мифтер;
б) тарихи және аңыз тұлғалар туралы мифтер;
в) фантастикалық және метафоралық мифтер;
г) әлеуметтік-саяси және тұрмыстық мифтер
Ал,қазақ мифологиясында жұлдыздар жайлы, табиғат құбылыстары жайлы,ағаштар туралы, қанатты аттар жайында, қүстар жайында және сайтандар жайлы мифтер кездеседі.
Қазақ мифологиясында 40-тан астам кейіпкерлер бар."Қазақтың мифтік кейіпкерлері " атты кітапта қазақ фольклорындағы мифтік кейіпкерлерді 6 түрге жіктеген.Олар:
1)Тотемдік кейіпкерлер: көк бөрі, көк өгіз
2)Шамандық кейіпкерлер: самұрық, бәйтерек, бақсы
3)Демонологиялық кейіпкерлер: албасты, жезтырнақ, жалмауыз, мыстан кемпір, пері, шайтан, жын, дию
4)Хтоникалық кейіпкерлер: дәу (қара дәу, бір көзді дәу, Шойынқұлақ, Үш дәу, Аю дәу)
5)Ілкі қаһармандар: сиқырлы көмекшілер
6)Трансформацияланған мифтік кейіпкерлер: Қаңбақ шал, Тазша бала.
Қазақ мифологиясын зерттеумен Ш.Уәлиханов, Ә.Қоңыратбаев, С.Қондыбай, С.Қасқабасов, Ш.Ыбраев, Р.Әлмұқанова және т.б бірқатар ғалымдар айналысты.
Осы жанрға бірнеше мысалдар келтіріп,талдай кетсем:
Талдау:
Мифтер "Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі" ұсынған "Ежелгі Қазақстан мифтері" кітабынан алынған.
1)"Жылқышы мен айдаһар"
Кейіпкерлер:батыр, хан, айдаһар, ханшайым, халық
Бұл жердегі басты мифтік бейне-айдаһар.
Айдаһар — байырғы наным-сенім бойынша бірнеше басты алып жыртқыш, адам баласына өлім әкелетін дүлей күш, жалмауыз,әлем халықтарының мифтерінде жиі кездесетін кейіпкер.
Оқиғаның басталуы:Айдаһардың құрбаны болуға хан қызының кезегінің келуі
«Міне, тағы да айдаһардың келетін мезгілі тақап қалды. Осы бір жойқын аждаһаға жұрттың шамасы жетпей, өлтіре алмай-ақ қояды. Онымен шайқасам деп талай-талай ерен батырлар ажал құшты. Бұл жолы ханның өз қызы, батырдың сүйген қалыңдығы сондай құрбандыққа айналуы керек еді. Жарлықты өзі шығарған хан оны орындамай да тұра алмады, әрі іштен шыққан баласын мына обыр жалмауызға беруге де қимады»
Оқиғаның өрбуі:Батырдың ханға жалған сөйлеп, ауылдан қашып кетуі
««Егер айдаһар келсе, оған қарсы тұратын күйеу балам бар» деп, хан құс жастықта алаңсыз жата береді.
Тап осы кезде жылқышы ханның алдында қызбалықпен бөсіп кеткендігіне қапаланып отырған. Ол «Қылышпен шаба білемін, аттың құлағында ойнаймын. Зәулім қарағайды түп-тамырымен жұлып аламын. Бірақ тілсіз айдаһарға не амал қыламын, оны қалай жеңемін? Білмеймін-ау» деп дағдарды.Осынау үрейлі ой маза бермей, жылқышы айдаһардан зәресі ұшып, не де болса қашпаққа бекінді. Ешкім көріп қалмасын деп, семсерін беліне байлап, түнде жеңіл киіммен ғана үйінен асығыс аттанды. Таң сібірлеп атқанша, түні бойы жүрді.»
Оқиғаның дамуы:Батырдың айдаһар мекеніне тап болуы
«Айдаһардың мекені, құдіреттің бұйрығымен, жылқышы басына шығып, жапырақтарын саялап ұйықтап отырған бағанағы бәйтерек болып шықты. У-шудан шошып оянған ол жылапсықтаған адамдарды көрді.»
Оқиғаның шарықтау шегі:Батырдың айдаһарды атша ерттеп мініп, хан қызын құтқарып қалуы
«Жылқышы айдардан ұстап қысқанда айдаһар тынышталып, ал босатса, құтырынып, құйрығымен жерді соға бастайды. Жылқышы енді батылданып, айдаһардың айдарынан тартып, қос бүйірден қылыштың қырымен ұрғылады.
Ақыры, айдаһар үйретілген аттай жуасыды.»
Оқиғаның шешімі:Батыр жеңіске жетіп, халық той тойлап, ханшайымның батырдың жары атануы
«Жұрт ұлан-асыр қуанышқа бөленіп, ержүрек батырды мадақтап, той жасады. Ханшайым оның әйелі болды. Осылайша қарапайым жылқышы айдаһарды ауыздықтап үйретіп, теңдессіз ерлікпен даңқы шығып, ұлы батыр атанды. Қолымен айдарынан тартып, қылышымен құйрығынан піскілеп, ол аждаһаны әбден жуасытып, қолға үйретіп алды»
Мифтің негізгі идеясы:батырлық, ерлік, ержүректік
Мифтің негізгі мазмұны:қашанда өз-өзіңе сену, іштегі ержүректік қасиетті ояту, өтірік айтпау, тығырықтан өз күшіңмен шығу.
2)"Бабай Түкті Шашты Әзиз бен Ару аққу"

Кейіпкерлер:Бабай түкті Шашты Әзиз, Ару аққу


Бұл мифтегі "Аққу-қыз" кейіпкері Феникс, Гарпия,Гаруда сияқты жартылай адам,жартылай құс кейпіндегі кейіпкер. Ал Шашты Әзиз "Бигфут" секілді шашты яғни, түкті миф кейіпкері
Оқиғаның басталуы:Шашты Әзиздің Аргон өзені жағасынан үш аққу құсты көруі
«Бабай Түкті Шашты Әзиз бір күні Аргон өзенінің жағасына келіп, дәрет алып отырып, көктен үш аққу құстың ұшып келгенін көреді. Олар үстіндегі қауырсынды кебіндерін шешекен кезде ғажайып сұлу қыздарға айналады.»
Оқиғаның өрбуі:Әзиздің ең кіші қыздың кебінін тығып қоюы
«Әзиз қулық ойлап ең кіші қыздың кебінін тығып қояды. Екі үлкен қыз кебіндерін киіп, аққу болып аспанға ұшып кетеді. Ал кебінінен айырылған кішісі кете алмайды»
Оқиғаның дамуы:Қыздың Шашты Әзизге тұрмысқа шығуы және шарт қоюы
«Бабай Түкті Шашты Әзиз оған «жарым бол» деп ұсыныс жасайды. Қыз келісімін береді. Бірақ оған: «өкпемді көрме, өкшемді көрме, желкемді көрме» деп үш шарт қояды.»
Оқиғаның шарықтау шегі:Шашты Әзиздің шартты бұзуы және қыздың ұшып кетуі
«Бабай Түкті Шашты Әзиз мұның бәріне көніп, көк аруына үйленеді, бірақ жүре келе қыздың шарттарында қандай хикмет бар екенін білгісі келеді. Бір күні әйелі кебінін ауыстырып жатқанда ол көзінің қиығымен байқап қараса, желкесінен миы, қолтығынан өкпесі, өкшесінен қызыл асығы көрініп тұрады екен. Үш шарттың бұзылғанын біліп қойған ару қайтадан аққу кейпіне еніп, көкке ұшып кетеді.»
Оқиғаның шешімі:Шашты Әзиздің өкініп, өмір бойы үйленбеуі
«Бұған өкінген Бабай Түкті Шашты Әзиз өмір бойы үйленбей өтеді.»
Мифтің негізгі идеясы:адалдық, сөзге серттік, уәдеде тұру
Мифтің негізгі мазмұны:айтқан сөзде тұру, берген сертті бұзбау,уәдеге берік болу
3)"Жылан бұзған қала"

Кейіпкерлер:Патша, кемпір, су иесі Үббе


Бұл мифтегі Үббе-ең басты мифологиялық кейіпкер. Ол индуизм мен буддизмде кездесетін "Наги",яғни, жартылай жылан,жартылай адам кейпіндегі мифологиялық кейіпкер
Оқиғаның басталуы:Кемпірдің судан су иесі Үббені кездестіруі
«Бір күні кенеттен судан үлкен қара жылан жорғалап шығады. Шын мәнінде ол жергілікті сулардың иесі Үббе сайтан болатын. Кемпір шошып кетеді. Бірақ Үббе оған жылы шыраймен құйрығындағы алтын теңгені көрсетіп:
«Егер маған күнде сүт беріп тұрсаң, мен алтын теңгеден беріп отырамын», – дейді.»
Оқиғаның өрбуі:Үббенің кемпірге сүт үшін күніне бір алтын теңгеден беріп отыруы және кемпірдің байып кетуі
«Күніне бір алтын теңгеден алып тұрған ол кедейлікпен қоштасып, көп ұзамай қаладағы ең бай адамдардың біріне айналады.»
Оқиғаның дамуы:Кемпірдің баюының сырын ханның біліп қоюы
«Кемпірдің баюының мән-жайын сол қаланың билеушісі естіп, оны өзіне келтіруге бұйырады. «Саған мұндай байлық қайдан келді?» – деп сұрайды билеуші. Кемпір әуелде үндемейді. Бірақ оны қоймай тергеп, қорқытып, қоқан-лоққы жасаған соң, ақыры, ол сүтіне күніне бір алтын теңгеден беріп тұратын ғажайып жылан жайында айтып береді.»
Оқиғаның шарықтау шегі:Ханның кемпірді дарға астырып, Үббеге қайнаған май құйдырып өлтіруі
«Тылсым, таңғажайып атаулыдан үрейі ұшқан әрі байлыққа ашкөзденген билеуші кемпірді дарға астырып, алтынын қазынаға алуға бұйырады. Ертеңіне ештеңеден күдігі жоқ судан шыққан Үббеге билеушінің нөкерлері қайнаған май құяды. Өзен падишасы Үббе сайтан осылай өледі.»
Оқиғаның шешімі:Үббенің үмбеттерінің барлық елді басып алуы және ханнан кек алуы
«Қисапсыз жыландар мың-мыңдап судан шығып, Үббенің үмбеттері қалаға лап қояды, кездескеннің бәрін шағып, адамдарды шетінен қырып өлтіре береді. Үрейі ұшқан тұрғындар беті ауған жаққа безе қашады. Жауыз билеуші жан сауғалап басқа қалаға кетеді.
Алайда, өзен падишасының кегі оны ол жерде де құтқармады. Ол үй-жайына білдірмей кіріп, қошқар мүйізінің қуысына жасырынған жыланның зәһарынан ажал табады.»
Мифтің негізгі идеясы:көреалмаушылық,көрсеқызарлық, қанағатсыздық
Мифтің негізгі мазмұны:барға қанағат ету керек, біреуге істеген жамандығыңның міндетті түрде қайтарымы болады
4)"Алдашы мен Бабай түкті Шашты Әзиз"

Кейіпкерлер:Жаратушы,Шашты Әзиз, Алдашы,кемпір


Бұл мифтегі Алдашы-мифологиялық кейіпкер. Ол "жан алушы періште" кейпіне ұқсас болып келеді.
Оқиғаның басталуы:Алдамшының кемпірдің жалғыз баласына қармақ салуы
«Бұрынғы заманда бір үлкен өзеннің бойында шөп күркені мекен етіп, балық қақтап, су сақтаған кедей кемпір болыпты. Оның бар медеуі, көз қуанышы әкесінен жастай айырылып, жетім қалған жалғыз ұлы екен. Ұлы енді ержетіп, ес жиып, ел қатарына қосылды ма дей бергенінде, аяқ астынан Алдашы жетіп келіп, қанды қармағын сол кемпірдің жалғыз баласының жанына салыпты.»
Оқиғаның өрбуі:Кемпірдің Бабай Түкті Шашты Әзизден көмек сұрап келуі
«Жан ұшырған кемпір жылап-еңіреп Бабай Түкті Шашты Әзиз әулиеге келіп:
– Әлгі қарғыс атқыр Алдашы деген жалғыз баламның жанын шырылдатып әкетіп барады, қолдар болсаң, енді қолда, ара түсіп, жалғызымның жанын алып қал, айналайын бабам! – деп аяғын құшып жалыныпты.»
Оқиғаның дамуы:Бабай Түкті Шашты Әзиздің Алдашыны қуып жетіп, кездесуі
«Бабай Түкті Шашты Әзиз желден жүйрік арғымағына міне салып, Алдашының соңынан шаба жөнеліпті. Көзді ашып-жұмғанша қуып жетіп:
– Сен мына сорлы кемпірдің жалғыз баласының жанын неге аласың? Тастап кет! – деп айқайлапты.
Алдашы оған ажырая қарап:
– Мен оның жанын Жасағанның жазмыш-жарлығы бойынша алдым. Сондықтан ажалға ара түсуге кім-кімнің де қақысы жоқ, – деп жүре беріпті.»
Оқиғаның шарықтау шегі:Шашты Әзиздің баланы Алдашыдан азат етуі
«Ашу қысқан Бабай Түкті Шашты Әзиз қатыгез жаналғышты шапалақпен бетке тартып жіберіпті. Қатты тиген соққыдан Алдашы теңселіп тәлтіректегенде, оның қолынан бұлқынып шыққан баланың жаны қайта ұшып барып, өзінің бойына еніпті.»
Оқиғаның шешімі:Құдайдың аққа жақтығы мен әділдігі
«Алдашы сол қашқаннан қашып отырып, құдіретті Құдайдың алдына барыпты.
– Жер бетінде Бабай Түкті Шашты Әзиз деген бір тентек бар екен, құдіретті Құдайға, Сіздің әміріңізге қарсы келіп, ажалға ара түсті, ал маған, Сіздің құлыңызға қол тигізді, – деп арыз етіпті. Құдай оған:
– Сен оның адамдардың әулиесі екенін білмеуші ме едің? Ол не істеймін десе, еркі өзінде. Оның тілін алмаған өз обалың өзіңе! – депті.»
Мифтің негізгі идеясы:аққа Құдай жақ
5)"Адам һәм оның ғұмыры"

Кейіпкерлер:Жаратушы, Адам, Есек, Маймыл, Ит


Оқиғаның басталуы:Жаратушының адамға шексіз билік пен 30 жыл ғұмыр беруі
«Жасаған адамды һәм жан-жануарларды әрқайсысына тиесілі қадір-қасиет пен мөлшерлі ғұмыр бөліп беруге өзіне шақырыпты. Ең бірінші болып келіп жеткен Адам екен. Оған Жасаған:
– Сен, Адам, Жаратушының өкілісің, сен барлық тіршілік иелерінің патшасысың, сен олардан артық тұрасың, сол үшін саған сөйлеуге тіл, ойлауға ақыл берілді, барша мақлұқаттар сенен төмен тұрады, сондықтан оларға өз үкіміңді жүргізерсің, тағдырларын шешерсің, сондай-ақ қырдағы шөп һәм ағаштардың бәрі саған бағынады, өзің жер үстінде отыз жыл ғұмыр сүрерсің, – деп айтыпты.»
Оқиғаның өрбуі:Адамның 30 жылға разы болмай,есектің ғұмырының 20 жылын өзіне қостыртуы
«Жасағанның аяғына жығылып, басын жерге ұрып:
– Егер маған дүниеде сондай азаппен өмір сүру жазылса, соншама жас не үшін керек? Ғұмырымды жиырма жылдай азайтсаңыз тәуір болар еді, – деп жалыныпты.
Сол уақытта Адам жақындап:
– Есектің жиырма жылын маған қосуыңызды сұраймын, – деп арыз қылыпты. Бұл өтінішіне ол Жаратушының разылығын алыпты.»
Оқиғаның дамуы:Есектікі секілді иттің 20 жылын адамның өз жылына қостыртып алуы
«Ит сонда қайғырып:
– Егер маған сондай қорлықпен өмір сүру бұйырылған болса, адамның үйін һәм уақ-түйек нәрселерін күзетіп, қарауылдаумен ғұмырымды өткізсем, сүйек кемірсем, оның несі өмір? Жасымды жиырма жылдай азайтсаңыз жақсы болар еді, – деп арыз қылыпты.
Мұны естіп тұрған Адам қайтадан келіп, иттің алмай тұрған жиырма жасын өзіне қосқызыпты.»
Оқиғаның шарықтау шегі:Қанағатсыздықтық танытып маймылдың 30 жыл ғұмырын өзінікіне қостыртуы
«Маймыл сорлы құдіретті Жаратушының алдына тізерлеп отыра кетіп:
– Адамға тек сыртқы пошымым ғана ұқсайтын болса, һәм кім көрінгеннің ермегі болсам, мұндай өмірден не көремін? Ғұмырымды отыз жылдай қысқартсаңыз, тәуір болар еді, – деп арыз айтып, жалынып-жалбарыныпты.
Мұны естіп тұрған адам тағы келіп, маймылдың отыз жасын сұрапты.
Бұл жолы да Адамның өтініші қабыл алыныпты.»
Оқиғаның шешімі:Адамның отыздан асып елуге жеткенше есекше, жетпім жасқа дейін итше, жетпістен асқан соң маймылша ғұмыр кешуі
«Адам өзіне берілген әуелгі отыз жылдың ішінде қылшылдаған жас жігіт болып еш уайымсыз, бақытты дәурен сүріпті. Отыздан асып, елуге жеткенше ауыр жұмыстарда жүріп, көп қиындық көріпті. Бұл баяғы есектен алған жиырма жыл екен. Елуден асқан соң, жетпіс жасқа шейін ана-мынаны аңдып, үйінің маңын торыпты. Кім болса соған айғайлап, мазасыз күй кешіпті. Адамның бұл кезеңі – иттен алған жылдары. Жетпістен асқан соң ажарынан, ақылынан айрылып, бала мінезді болыпты, белі бүкірейіп, қолына таяқ алыпты, балалар һәм әркім оны ермек, ойын қылыпты. Бұл өз еркімен маймылдан алған жылдары екен.
Міне, құдіретті Жасаған Адамның ғұмырын кезеңдерге осылай бөлген екен.»
Мифтің негізгі идеясы:барға қанағат ету, әр нәрсенің өтеуі болады
Мифтің негізгі мазмұны:қанағатсыз, ашкөз болсаң, оныңда бір кесірі, өтеуі болар
Жалпы, мифтердің басым бөлігі біздің халқымызда қысқа ғана болып келеді.Ал,өзге халықтарда, мысалға,грек, үнді халықтарында бірнеше бөлімдерден тұратын өте ұзақ мифтер кездеседі.
Қорытынды:
Қорыта айтқанда, миф - қазақ фольклорында өзіндік орны бар көне жанр. Ол дүниежүзілік халықтарда кездесетін мифке типологиялық жағынан ұқсас, сонымен бірге өзіндік ерекшеліктері де бар. Мифсіз халық жоқ. Миф көне дәуірлердегі адамдардың наным-сенімдерін білдіреді. Қазақ мифтерінің бізге толық күйінде жетпеседе бастысы ондағы тәрбиелік мән, негізгі ой,бізге берер тағылымы жетерлік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет