Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы


ХІХ ғасырдағы қазақ фольклортануы



бет33/76
Дата17.12.2023
өлшемі0,62 Mb.
#197431
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   76
Байланысты:
Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы-emirsaba.org

41. ХІХ ғасырдағы қазақ фольклортануы
Қазақ фольклорының мақсатты түрде жиналып, хатқа түсе бастауы XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдан басталады.
Бұл кезеңнің өзі іштей бірнеше белеске бөлінеді. Алғашқысы XIX ғасырдың бірінші жартысына дейін созылады. Бұл тұста қазақ фольклоры жеке жиналмайды. Ол жолжазбаларда, очерктерде, географиялық, тарихи, т.б. еңбектерде қамтылып, қазақ елі туралы дерек, мағлұмат ретінде пайдаланылады. Олар көбінесе шығарманың өзі емес, оның мазмұндамасы түрінде беріледі (П. Паллас, Н. Рычков, И. Георги, т.б.). Тек А.Левшиннің кітабында ғана кейбір аңыздар мен жырдың сюжеттері тарихқа қатысты түсіндіріледі.
XIX ғасырдың екінші жартысынан XX ғасырдың басына дейінгі уақытта қазақ фольклоры енді ғылыми мақсатта да жиналады, арнайы түрде жарияланады, зерттеледі. Фольклорды жинаудың бағдарламасы жасалып, жарыққа шығады. Ресейдің В.Радлов, Г.Потанин, А.Диваев, А.Васильев, Я.Лютш сияқты зерттеушілерімен қатар қазақтың өз оқығандары да фольклорды жинап, жариялаумен, зерттеумен шұғылданады (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Абай, Мәшһүр Жүсіп, Ә.Бөкейханов т.б.). Қазақ зерттеушілері фольклорды-тарихи материал деп түсініп, сол тұрғыдан талдауға күш салды.
Шын мәніндегі қазақ фальклортану ғылымының іргетасы да осы кезеңде қаланды.
Қазақ фольклортану ғылымының қалай туып, ғылым ретінде қалыптасқанына арналған «Қазақ фольклористикасының тарихы» атты ұжымдық үлкен еңбек 1988 жылы жарыққа шықты. Бұл кітапта қазақ фольклортану ғылымы ХVІІІ ғасырдан басталатыны, ХІХ ғасырдың соңында жеке ғылым ретінде қалыптасып орныққаны тұжырымдалған концепция ұсынылды. Ол ғалымдар тарапынан қолдау тапты.
Ғалымдар еңбегінен мысал келтірер болсақ, орыс ғалымы В.Радловты алып қарайық.В.В. Радловты аса көрнекті фольклортанушы ретінде танытқан «Түркі тайпалары халық әдебиетінің үлгілері» атты 10 томдық еңбегі болды. Бұл көптомдықтың әр кітабы әр түрлі халықтардың фольклорына арналғанды . Оның 1-кітабы – алтай, құманды татарлары, шор, саян; 2-кітабы – шұлым, түрік, хакас; 3-кітабы – қазақ; 4-кітабы – барабы, тобыл, түмен татарларының фольклорына айналды.
Қазақ фольклоры үшін аса қымбат қазына болып табылатын 3-томдағы ел аузынан дәлме-дәл жазып алған шығармалар, ақын-жыршыларға берген мінездеме, халық ауыз әдебиетінің жанрлық құрамын белгілеуі, халық шығармаларының тіл және стиль ерекшеліктерін анықтауы бүгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Радлов жинаған фольклор үлгілері «халық өлеңдері", бата сөз, жоқтау, бақсы , «Ертегілер», «Батырлар жыры» болып жіктелген. Сонымен бірге ғашықтық, тарихи жырлар, аңыз, қисса-дастан, айтыс үлгілері мен ақын-жыраулар мұрасы да қамтылған.
Сонымен бірге В.В.Радлов ауыз әдебиетінен батырлар жырын жинаумен де айналысып, ел аузында сақталуына үлкен үлес қосқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет