Әлеуметтанулық сұрақ-жауап алғашқы ақпаратты жинаудың кең тараған әдістерінің бірі



бет1/3
Дата15.11.2022
өлшемі121,23 Kb.
#158256
  1   2   3
Байланысты:
БӨЖ №3 Сакен Улжан (әлумет) Презентация
БӨЖ №1 Бузанова Эльнура, БӨЖ №9 Сакен Улжан (саясат), БӨЖ №3Сакен Улжан(саясат)

Алматы технологиялық университеті БӨЖ №3 Әлеуметтанулық зерттеудің негізгі кезеңдерін сипаттап беріңіз. Әлеуметтанулық әдістердің (сұрау, бақылау, эксперимент, контент-талдау, статистикалық мәліметтерді талдау) ерекшеліктерін талдаңыз. Орындаған: Сакен Улжан Тобы: 21-11 ТКиП Тексерген: Маликов Б. У.


Әлеуметтанулық сұрақ-жауап — алғашқы ақпаратты жинаудың кең тараған әдістерінің бірі. Мәліметтерді жинаудың бұл әдісі арқылы зерттеуші респонденттен (жауап беретін адам) тікелей ақпарат алады, сондай-ақ оның жауаптары жалпы халық немесе оның бөлігі бойынша сәйкестендіріледі және қорытындылар шығарылады.
Қолданбалы зерттеудің бағдарламасының құрлымы. Қолданбалы зерттеудің бағдарламасы келесі кезеңдерден тұрады:зерттеудің проблемасын тұжырымдау, зерттеу объектісі және пәнін анықтау, зерттеудің мақсат міндеттерін тұжырымдау, негізгі түсініктердің интерпретациясы және операционализациясы, гипотезаларды анықтау сонымен қатар іріктелген жиынтықтың санын есептеу.

Проблема – бұл әлеуметтік, өмірлік қайшылықтар, осы қай-шылықтарды шешуге нақтылы бағытталған әрекеттерді қажнт ететін мәселелер. Ғылыми проблема – бұл “білместік туралы білім” жағдайы. Зерттеудің мақсаты соңғы нәтижеге бағыттайды, ал зерттейдің міндетттері қойылған сұрақтарға жауап береді. Зерттеудің міндеттері мақсатты жүзеге асыруға көмектеседі. Негізгі түсініктердің интерпретациясы деген зерттеуге қатысты түсініктерді «бөледі». Келесі кезеңі – операционализация. Зерттеуде көрсетілген түсініктерге анықтама береді. Гипотеза – ғылыми болжам, яғни қандай да бір фактілерді, құбылыстарды және үдерістерді түсіндіреді, оларды дәлелдеу немесе теріс шығару керек. Зерттеудің инструментариі деген социологиялық зерттеуді өткізу құралы. Іріктелген жиынтық (іріктеу) – жалпы жиынтықтың микромоделі, яғни берілген процедураларарқылы алынған жалпы жиытықтың элементтері. Әр зерттеудің өзінің объектісі болады, ал объект ол зерттелетін проблеманың иелері. Зерттеу объектісі жалпы жияынтықты құрайды, оның көлемі кең және күрделі болуы мүмкін. Сондықтан, іріктелген жиынтықты құру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет