ЖЕКЕ ТҰЛҒА - ТӘРБИЕНІҢ
ОБЪЕКТІСІ
Қабылдаған: Ахмет Л.С.
Орындаған:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘБУ-НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ:
«АДАМҒА ЕҢ БІРІНШІ ТӘРБИЕ БЕРУ
КЕРЕК, ТӘРБИЕСІЗ БЕРІЛГЕН БІЛІМ
АДАМЗАТТЫҢ ҚАС ЖАУЫ, ОЛ КЕЛЕШЕКТЕ
ОНЫҢ ӨМІРІНЕ ЖӘНЕ ҚОҒАМҒА ҮЛКЕН
АПАТ ӘКЕЛЕДІ»
Адам
Тұлғ
а
Индивид
Жеке тұлға ұғымын анықтау барысында “адам”, “индивид”, деген
ұғымдардың айқындалуы қажеттілік болып табылады.
Адам, бет-бейнесімен, келбетімен, саналы іс-әрекетімен, сөйлеу қабілетімен
сипатталатын тірі организм.
Индивид (жеке тұлға) – дербес өмір сүретін жеке организм, атап айтқанда, адам,
жеке тұлға, адамзат баласының жалғыз өкілі.
Жеке тұлға – адамның анатомиялық-физиологиялық пісіп-жетілуі, оның жүйке және
психикалық жүйесінің жетілуі, сонымен бірге танымдық және шығармашылық іс-
әрекетті, дүниетанымдық, қоғамдық-саяси көзқарастарды, наным-сенімдерді
байытудағы сандық және сапалық өзгерістердің өзара байланысу үдерісі.
Тұлға — тәрбиенің, өзіндік дамудың объектісі және субъектісі. Жеке тұлға өзінің қалыптасу
барысында өзіндік дамуының обьектісі ғана емес, сонымен қатар
субьектісі екенін ескеру керек
.
Тұлғаның дамуын зерттеу философия, педагогика, психология, әлеуметтану, медицина, мәдениеттану,
этика, физиология т.б. ғылымдары кіріктіре жүргізеді. Адамның дамуы және оның тұлға ретінде
қалыптасуы биологиялық, әлеуметтік және биоәлеуметтік тұрғыдан қарастырылады:
—
биологиялық бағыт
— адам табиғаттың бір бөлшегі, оның іс-әрекеттері мен мінез-құлқы
көбінесе табиғи қажеттіліктерге негізделеді;
— әлеуметтік бағыт
— адам биологиялық тіршілік иесі ретінде әлеуметтік топтардың
қарым-қатынас ықпалынан әлеуметтенеді, қоғамдық ортаға бейімделеді;
— биоәлеуметтік бағыт
— жүре пайда болатын қасиеттерге негізделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |