Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы


Қазақтың қаһармандық эпосы



бет73/76
Дата17.12.2023
өлшемі0,62 Mb.
#197431
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Байланысты:
Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы-emirsaba.org

88.Қазақтың қаһармандық эпосы
Батырлар жыры – көлемі жағынан да, мазмұн-мәні жағынан да қазақ ауыз әдебиетінен ауқымды орын алатын жанрдың бірі. Батырлар жырында тарихи оқиғалардың ізі сақталған. Батырлар жырының басты тақырыбы – ерлік, батырлық, елді сыртқы жаулардан қорғау. Батырлар жырының басты қаһарманы – батыр.
Батырлық жырларын пайда болу кезеңдеріне қарай ірі үш топқа жинақтауға болады:
1) “Ең көне заманғы эпос”, “ертегілік эпос”, “архаикалық эпос”, “көне эпос”, “мемлекетке дейінгі эпос” дейтін атаулар ғылымда алғашқы кезеңдегі эпостық жырларды атау үшін қолданылып жүр. Бұлардың қатарына “Ергенеқон”, Аттилла, Ер Төстік, мергендер туралы эпостық жырлар жатқызылады.
2) Тарихи кезеңдердің эпосы: Түрік қағанаты, Оғыз хандығы, ноғайлы дәуірі, Қазақ хандығы кезеңіндегі эпостар (“Қорқыт Ата кітабы”, “Алпамыс”, “Қамбар”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, т.б.)
3) Жаңа дәуір эпосы (тарихи жырлар, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты жырлар, “Еспенбет”, “Өтеген”, “Нарқыз”, т.б.)
Қазақ қаһармандық эпосының әрқайсысын жалпылама белгілеріне қарай жинақтап,ең алдымен, олардың сюжеттік құрылымындағы ұқсастықтарды,яғни, қайталанатын мотивтің жалпы тобы мен рет тәртібі түрінде төмендегіше жіктеуге болады:

1)Батырға тән балалық шақ және кейіпкердің үйленуі (батырларға лайық құдалық) яғни үйлену мотиві


2)Батырларға тән ерліктер
3)Жаудан (құлдан, бақталастан) елін (тайпаны, қалыңдықты, туған-туысты, елін) азат ету
Мысал:
“Қарабек" батыр жырына талдау
Басты тақырыбы – шет жұрттық босқыншылардан туған елін қорғау, осындай қиын кезде ағайын арасындағы араздықты сынап, Отанын сатқан опасыздар мен адамгершілік келбеттен айырылған қаныпезерлерді айыптау.
Көлемі-7500 жол
Жағымды кейіпкерлер:Кәдірхан, Зәуренай, уәзір, Қарабек,Ажырық,Ханыша,Қабылан
Кәдірхан-қайратты, қаһарлы ноғайлы елінің билеушісі
Зәуренай-Кәдірханның ақылы көркіне сай жары
Уәзір-Кәдірханның ең ақылды, ең жақын танысы
Қарабек-жырдың басты кейіпкері, ақылды, ержүрек, қайсар, бауырмал, ақкөңіл ноғайлы елінің батыры және шариғатты жетік білген иманды ер.
Ажырық-қойшы
Ханыша-Қарабектің қарындасы, ақылды
Қабылан-жыр басында жағымсыз кейіпкер ретінде келтірілгенмен жақсы кейіпкерге айналады. Өзі қалмақ төресі болғанмен мұсылман болып, Қарабектің жан жолдасына айналады.
Жағымсыз кейіпкерлер:

Ханбибі-Қарабектің сатқын қарындасы, асқан сұлу болғанымен, ақылсыз, имансыз, сатқын, ағасын өлімге қиған кейіпкер.


Ақжан-қалмақ батыры
Қодар-тоқсан құлдың басшысы, сатқын құл
Мотив:перзентке зар болу мотиві кездеседі.

Кәдірхан мен Зәуренай дәулетті, бай-қуатты болғанымен бір перзентке зар болады


Жырдың сюжеті ноғайлы кезеңінің тарихи оқиғаларын баяндайтын қазақ аңыздарына құрылған.Сюжет құрылымы:

1)Кәдірханның дәулетін жырлау


2)Зәуренайдың түсін жырлауы
3)Зәуренайдың екі баланы дүниеге әкелуі
4)Патшаның баласын халыққа білдірмей он жыл бойы бағуы
5)Қарабек елге танылған соң, оны шәрге апарып молдалардың қолына тапсыруы
6)Кәдірханның қызын елдің шетіне көшіруі
7)Қарабектің түс көруі және еліне қайтуы
8)Қарабектің Ханбибінің жайын естіп,оған аттануы
9)Қарабектің Ханбибімен кездесуі
10)Қарабектің қалмақ ері Қабыланды жеңуі
11)Қарабектің қалмақтың тағы бір төресі Ақжанды өлтіруі
12)Қарабектің Қабыланды тірідей алып келуі және Ханбибінің оған ғашық болуы
13)Ханбибінің ағасы Қарабекті алдауы
14)Ханбибінің екі күңді алдап-сулап өлтіруі
15)Ханбибі мен Қарабектің көшуі
16)Ханбибінің ағасы Қарабекті өлтіруге әрекет жасауы
17)Қабыланның исламды қабылдауы және Қарабекпен достасуы
18)Қарабектің еліне қайтуы
19)Қарабектің қойшыны жолықтырып,елінің жағдайы жайлы білуі
20)Қарабектің Қодарға жолығуы
21)Қарабектің Ханышамен бірге еріп баруы
22)Ханышаның Қарабектің көмегімен Қодарды өлтіруі
23)Қарабектің Ханбибіні ойлап еліне жалған сөйлеуі
24)Қарабектің Ханбибінің кесірінен пірінен айырылуы
Көркемдегіш құралдар:

Жырдағы ең көркем сөз құдіреті кездескен жер,менің ойымша, Ханбибінің сұлулығын жырлау. Мұндай сипаттаулар өзге де жырларда кездеседі.


Арудың сұлулығын суреттеу үшін теңеулер көп қолданылған
Жырдың негізгі мағынасы:сатқындық жайлы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет