Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы


«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырын талдау



бет70/76
Дата17.12.2023
өлшемі0,62 Mb.
#197431
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   76
Байланысты:
Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы-emirsaba.org

85. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырын талдау
Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры – ел арасына ең көп тараған, қазақ лиро-эпостық жырлар арасындағы көне ғашықтық жыр.
Жанр:лиро-эпостық
Идея : Қозы Көрпеш - Баян сұлу» поэмасының негізгі идеялық-мазмұны сол дәуірдегі жастардың сүйіп қосылуын арман еткен тілек-мүдделерді қамтиды. Әуелде поэманың идеялық бір сабағы жесір дауымен байланысты болғанға ұқсайды. «Жесір ерден кетсе де, елден кетпейді» деген пікірді де сабақтастырған. Кейін ол жақтары көмескіленіп, сүйіспеншілік мәселесі негізгі орын алып, оқиға тек сол тақырыптың айналасына ғана шоғырланып, басқа жайттар тек соны дәлелдеуге жарарлық дәрежеде қалған. Поэманы оқыған адамның мақсаттарына жете алмай, өмірден арманда өткен екі жасты аяйтыны да, олардың қосылуына көлденең тұрған Қарабай мен Қодарға қарғыс айтатындығы да сондықтан. Жырда айтыс, тұрмыс-салт жырлары: естірту, жоқтау, қоштасу, т.б. кеңінен қолданылады. Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже, т.б. ақындар әр кезде дастан оқиғасын өздерінше жырлаған.
Жырда тұрмыс-салт жырларының үлгілері: жар-жар, қоштасу, естірту, жоқтау
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының оқиғасы екі топтың арасындағы тартысқа – жақсылық пен жамандықтың тартысына құрылған. Соған орай жыр кейіпкерлерін екі топқа бөлуге болады.
Жырдағы жақсы кейіпкерлер:
Баян сұлу, Қозы Көрпеш – жырдың негізгі кейіпкерлері
Сарыбай – Қозы Көрпештің әкесі
Ай, Таңсық – Баян сұлудың апалары
Тайлақ – Сарыбайдың құрдасы
Айбас – Тайлақтың кенже інісі, Қозы мен Баянның қосылуына дәнекер жан
Жырдағы жамандық иелері:

Қарабай – Баянның әкесі, сараң, қараниетті адам


Қодар – кекшіл, қара күштің иесі, Қарабайдың қолшоқпары
Сасан би – Қарабай көшіп барған елдің биі
Негізгі тақырыбы – халықтың ғасырлар бойы армандаған мұраты – жастардың бас бостандығы
« Қозы Корпеш-Баян сұлу» жырының композициялық құрылысы:
1. Басталуы:Қарабай мен Сарыбайдың құдаласуы
2. Дамуы:Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың дүниеге келуі, Қарабайдың өлімі
3.Байланысы:Сарыбайдың уәдесінен тайып, көшіп кетуі)
4. Шиеленісуі:Қозы Көрпештің Баянды іздеп келуі
5. Шарықтау шегі:Қодардың Қозы Көрпештің ту сыртынан келіп өлтіруі
6. Шешімі:Қозы Көрпештің өлімі, жырдың трагедиямен аяқталуы
Зерттелуі:Орал қаласына "Е.И.Пугачев бастаған көтеріліс" жайлы ақпарат жинауға келген А.С. Пушкин, жыр желісімен танысып, қызығушылық танытып, үзінділерін жазып алған.

Бұл жырды С.Кастанье, Н.Абрамов, Г.Потанин, т.б. ғалымдар жоғары бағалаған. Н.Пантусов, Р.Әбдірахманов, Е.Баранов, т.б. зерттеушілер жырды орыс тіліне қара сөзбен тәржімалап, жариялады. Жазушы Г.Твертин орыс тіліне тұңғыш рет өлеңмен аударып бастырды.Кеңестік дәуірде алғаш 1925 ж. Мәскеуде шықса, жырдың Жанақ нұсқасын 1936 ж. Мұхтар Әуезов Алматыда шығарды. Жырды Мәлік Ғабдуллин, Ысқақ Дүйсенбаев, Әуелбек Қоңыратбаев, т.б. ғалымдар салыстыра зерттеген. Дастанның басқа да түркі халықтарында тараған нұсқалары бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет