Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы



бет66/76
Дата17.12.2023
өлшемі0,62 Mb.
#197431
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76
Байланысты:
Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы-emirsaba.org

78. «Қыз Жібек» жырын талдау
«Қыз Жібек» жырының маңызы халқымыз үшін ерекше, бүгінге дейін құнын жоймаған құнды жыр. Жырдың басты маңызы- адал махаббат, шынайы сүйіспеншілік, сертке беріктілік. Ұмытыла бастаған көп әдет-ғұрыптарды осы жырдан кездестіруімізге болады.
Тақырыбы:Махаббат тақырыбы
Жанр:Лиро-эпостық
Оқиға кезеңі:ХІХ ғасыр
Оқиға орны:Еділ бойы
Бөлім:1.Төлегеннің жібекке үйленуі. 2.Жібектің Сансызбаймен қосылуы.
Кейіпкерлері: Төлеген, Жібек, Бекежан, Шеге, Қаршыға, Базарбай, Сырлыбай, Сансызбай, Қамқа, Кербез, тағы басқа.
Жырдың түйіні:Махаббатқа адалдық, салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты сақтау.
Жырдағы көрінетін әдет-ғұрыптар:Бата, көш, қыз қылығы, теріс бата, жеңгелік, қалыңдық ойнау,түс көру, түс жору, қоштасу, әмеңгерлік, жүзін жасыру.
Көркемдік құралдар:
теңеу, метафора, эпитет, ассонанс, аллитерация
Мотив:үйлену мотиві
Композициялық талдау:
Оқиғаның басталуы: Жағалбайлы еліндегі оқиға.
Оқиғаның дамуы:Төлегеннің жар іздеп жолға шығуы.
Оқиғаның байланысуы:Төлеген мен Қыз Жібектің кездесуі.
Оқиғаның шиеленісуі: Бекежанның Төлегенді мерт қылуы.
Оқиғаның шарықтау шегі: Хорен қалмақтың Қыз Жібектіайттыруы.
Оқиғаның шешімі: Қыз Жібектің Сансызбайға қосылуы.
Жырға қатысты жарияланымдар:1970 жылы режиссер Сұлтан Қожықовтың, жазушы Ғабит Мүсіреповтің жазған сценариі бойынша түсірілген "Қыз Жібек" көркем фильмі

79.Фольклор туралы жалпы түсінік
Фольклор туралы ғылымның мәнділігі оның зерттейтін пәнінің құндылығынан келіп шығады. Эпостық жырлар, ертегілер, ғұрыптық және ғұрыптан тыс лирикалық өлеңдер, аңыз-әпсаналар, хикаятта, драмалық ойындар, балалардың өлең-ойындары, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер жалпы халқымыздың ауызша шығармашылығы – оның сан мыңдаған жылдар бойы жинақтап сақтаған асыл қазынасы болып табылады. Халықтың ауызша шығармашылығы жазба мәдениеттен әрдайым бұрын пайда болары хақ. Сондықтан да алғашқы әдеби туындылар халық шығармашылығының көркемдік тәжірибесінен тамыр алады. Аса ірі әдеби құбылыстардың шығармашылық табиғаты да фольклорға қатыссыз болуы мүмкін емес.
Фольклордың көркем әдебиетпен ортақ тұстары көп болғанымен, оның әдеби заңдылықтардың қалыбына симайтын өзіндік өмір сүру, даму ерекшеліктері мол.
Фольклорды зерттейтін ғылым - фольклортану /фольклористика/ деп аталады. Фольклортанушылық әдебиеттану, лингвистика тарих, этнография, археология, философия, психология, педагогика, өнертану, музыкатану, социология сияқты басқа ғылым салаларымен тығыз байланыста болады.
Фольклорлық туындылардың көбі есте жоқ ескі замандардан бері адамзат баласымен бірге жасасып келеді. Сондықтан да олар ұлттық шеңберден шығып, бүкіл адамзат баласына ортақтасып кетеді. Фольклордың жалпыхалықтық сипатының мол болу сырын түсіндіріп беру де “Халық ауыз әдебиеті” пәнінің басты міндеттерінің бірінен саналады. Мұндай типологиялық ұқсастықтардың тек халықтардың генетикалық туыстығы ғана емес, сонымен бірге мәдени байланыстар, өмір және қоғам тектестігінен де келіп шығатындығы осы курста теориялық тұрғыдан баян етіледі. Сондай-ақ фольклордың теориясы мен тарихына қатысты жалпы мәселелер де қамтылады.
“Халық ауыз әдебиеті” терминімен қатар “фольклор” термині жарыса қолданылады. “Фольклор” термині ағылшын тілінде (folk, lore) - халық, даналық деген сөздерден құралып, “халық даналығы” деген мағынаны береді.
Фольклортану ғылымындағы зерттеу ісі негізгі 3 кезеңнен өтеді:
1. Өзі зерттейтін халық шығармалары үлгілерін жинау.
2. Текстология, палеография сияқты жұмыстарды жүргізіп, жиналған материалдарды іріктеу, қажет болса жариялау.
3. Зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Фольклорды жаратушы ретіндегі халық өзінің тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпымен ауызша жаратылған сөз өнерін әрдайым байланыстырып отырады. Фольклор туындысын сан алуан ғылым саласының бірігіп зерттеу ерекшелігі – халық шығармаларының көп қырлы (синкретті) сипатынан туындайтын құбылыс. Халық шығармалырын тек қана мәтіндік тұрғыдан зерттеу оның шынайы табиғатын аша алмаған болар еді. Фольклор – көп қырлы, синкретті өнер. Оның көркемдік, эстетикалық қызметі қағаздан оқуға емес, көзбен көріп, құлақпен естіп, тамашалауға арналған. Көркем фольклор үлгілерін көзбен оқығанда алатын әсеріміз бір басқа, оны айтушының аузынан естіп қабылдау әсері бөлек. Әрине, оның естіп тамашалау кезіндегі әсерінің күшті екендігі белгілі. Жыршы шығармалардың қайғылы тұстарын өзі де жылай жырап көрермендерді де ағыл-тегіл жылатуы мүмкін. Немесе дәл олардың ішек-сілесіп қатырып күлдіреді.
Демек, ауызша айту сәтінде ғана фольклор өзінің шынайы болмысының эстетикалық қуатын толық таныта алады екен. Бұдан фольклордың тек сөз өнері ғана емес, өнердің өзге түрлерін бірлікте өмір сүретін шығармашылықтың ерекше түрі екенін көреміз. Поэзия түріндегі фольклордың мақам, әуенсіз, музыкалық аспатың сүйемелдеуінсіз айтылатыны жоқ десе де болады. Халық прозасының да артистік, дикторлық т.б. өнер шеберлігін талап ететін өзіндік орындаушылық ерекшелігі бар. Енді бір фольклор үлгілері өнерінің басқа түрлерімен ғана емес, халықтың әдет-ғұрпымен, көне наным-сенімдерімен бірлікте өмір сүрді. Бұлардың көпшілігінде әдет-ғұрып түрлері жетекші орында болды. Бұлардағы эстетикалық функция екінші орынға ығыстырылды. Олардың айтылуы көркемдік мақсатты көздемейді. Мысалы, жоқтау, сыңсу, беташар т.б. жанр түрлері тыңдаушыға рухани азық беру үшін емес, халықтық дәстүр, салт аясындағы белгілі бір өмірлік жағдайда ғана, қажеттілік үшін айтылады. Бұл жанрдың негізгі қызметі – утилитарлық (қолданбалы)сипатта болады. Бұл жанрдың айтылу мақсаты эстетикалық қасиетке ие болмағанымен, олардың поэтикасы, әсіресе, тіл көркемдігі өзге фольклор үлгілерінен кем түспейді.
Фольклордың ең басты ерекшелігінің бірі – авторсыздығы. Мұның айтушысы да, тыңдаушысы да халық. Фольклор жаратушысы ретіндегі халықты біз барлық әлеуметтік топтардың жиынтығы ретінде қабылдауымыз керек. Фольклордың халықтығын Кеңес дәуірі тұсында бір жақты бағалап келді. Оның таратушысын езілуші халық деп қана көрсетуге тырысты. Әрине таптық- антагонистік қоғам тұсындағы фольклордың негізгі жаратушысы езілуші тап болатындығы және бұл тұстағы шығармалардың идеясы мен тақырыбын таптық күрес иеленетінін жоққа шығаруға болмайды. Себебі мұндай қоғам тұсында аз ғана езуші таптың мақсат-мүддесі езгідегі халық бұқарасының арман ниетімен үйлеспейді, бірақ фольклорлық мұраның таптық жіктелуге дейін де пайда болғанын естен шығармауымыз керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет