Фонетика (гр phone – дыбыс, phonetikos дыбыстық)



бет1/4
Дата09.12.2021
өлшемі416,25 Kb.
#78589
  1   2   3   4
Байланысты:
Фонетика туралы түсінік презентация


Фонетика және оның салалары

Фонетика (гр. phone – дыбыс, phonetikos - дыбыстық) – тілдің дыбыстық жүйесін

зерттейтін тіл білімінің бір саласы

.



Фонетиканың қарастыратын мәселелері мыналар:

тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың іштей жіктелуі және бір – біріне әсері, буын,

екпін, тілдің дыбыстық жағы мен жазудың арақатынасы, орфография, орфоэпия т.б.

Фонтиканың салалары

Сипатта-

малы фонетика

Салыстыр-

малы фонетика

Тарихи фонетика (диахрониялық фонетика)

Физиоло-гиялық фонетика

Эксперименттік фонетика

Фонология немесе функционал-дық фонетика



Сипаттамалы фонетика. Тілдің өмір сүріп тұрған дәуірдегі дыбыстық жүйесін

қарастырады. Мәселен, қазіргі кездегі мектептер мен жоғарғы оқу орындарында

оқытылатын фонетика сипаттамалы фонетикаға жатады.

Тарихи фонетика (диахрониялық фонетика) тілдің дыбыстық жүйесін тарихи

тұрғыдан қарастырып, олардың даму тарихын өзгерістен айқындайды.



Салыстырмалы фонетика белгілі бір тілдің дыбыс құбылыстарын өзге тілдердің

дыбыс жүйесімен салыстыра зерттейді. Мысалы, М.Томановтың «Түркі тілдерінің

салыстырмпалы фонетикасы» (1981), «Түркі тілдерінің салыстырмпалы тарихи

фонетикасы» (Л., 1984) деп аталатын еңбектер.



Физиологиялық фонетика. Тілдегі дыбыстардың артикуляциялық, акустикалық

қасиеттерін зерттейді.



Фонология немесе функционалдық фонетика. Тілдегі дыбыс құбылыстарын

фонетикалық тұрғыдан зерттейтін сала.



Эксперименттік фонетика белгілі бір тілдің дыбыстарын түрлі техникалық құралдар

мен аспаптардың (спектрограф, осциллограф. Палатограф, рентгенограф т.б.) көмегімен



зерттеп, тіл дыбыстары туралы нақтылы, дәл тұжырымдар жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет