Фонетика (грек. φωνητῐκός – дыбыстық, дауыстық) — тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы



бет2/4
Дата13.05.2023
өлшемі21,26 Kb.
#176674
1   2   3   4
Байланысты:
2 билет дария

Жуан дауыстылар — тілдің кейін жиырылуы арқылы жасалатын дауыстылар: а, о, (у), ұ, ы
Жіңішке дауыстылар — тілдің ілгері созылуы арқылы жасалатын дауыстылар: ә, е, (и), ө, ү, і
Ашық дауыстылар — тілдің таңдайға қарай төмендеп барып көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар, оларды айтқанда жақ кең ашылып, иек төмендейді. Қазақ тіліндегі ашықдауыстылар: а, ә, е, о, ө.
Қысаң дауыстылар — жақтың кең ашылмай, тілдің таңдайға қарай жоғары көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар. Қазақ тіліндегі қысаңдауыстылар: ы, і, (и), (у), ү.
Еріндік дауыстылар — айтылуда еріннің алға қарай сүйірленуі арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: о, ө, ұ, ү, (у). Бұлар орыс тіліндегі әдебиеттерде "Лабиализованные гласные" деп те айтылады.
Езулік дауыстылар — айтылуда еріннің кейін тартылып, езудің жиырылуы арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: а, ә, е, э, ы, і, (и). Орыс тіліндегі әдебиеттерде "Нелабиализованные гласные" терминімен де беріледі.
Дауыссыз дыбыстар (Kонсонантйзм) орыс.согласные звуки — тек салдыр немесе салдыр мен үн қатысы арқылы жасалатын, буын құрай алмайтын дыбыстар. [1] Дауыссыз дыбыстардыайтқанда көмейде кедергіге ұшырмаған фонациялық ауа ауыз қуысына күшті қарқынмен келеді. Ауыз тар ашылғандықтан, көмей арқылы келген қарқынды ауа әр түрлі артикуляциялықмүшелермен соктығысады. Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п,р, с, т, һ, ф, х, ц, ч, ш, у, Бұлардын ішінде һдауыссызы кейбір шығыс сөздерінде, в, ц, чдауыссыздары негізінен орыс тілі арқылы кірген халықаралық сөздерде, қалған 20 дауыссыз қазақтың байырғы сөздерінде қолданылады.
Дауыссыз дыбыстар дауыс қатынасына қарай үшке бөлінеді: 
Қатаң дауыссыздар — дауыс шымылдығы қатыспай, тек салдырдан жасалатын дауыссыз дыбыстар: п, к, қ, т, с, ф, х, ц, ч, ш щ;
Ұяң дауыссыздар — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын, салдыр мен үн тең болатын дауыссыздар: б,в, г, ғ, д, ж, з;
Үнді дауыссыздар — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын салдырға қарағанда үн басым дауыссыздар: р, л, м, н, ң, у.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет