Фонетика (грек. φωνητῐκός – дыбыстық, дауыстық) — тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы



бет1/4
Дата13.05.2023
өлшемі21,26 Kb.
#176674
  1   2   3   4
Байланысты:
2 билет дария


2 БИЛЕТ


Фонетика. Дауысты және дауыссыз дыбыстар, олардың жүйеленуі, түрлері. Буын және оның түрлері. Тасымал. Үндестік заңы.


Фонетика (грек. φωνητῐκός – дыбыстық, дауыстық) — тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы. 
Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, яғни айтылым базасын, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады. 
Осыған байланысты қазіргі Фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық), жасалымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады.
Дыбыстың сипаты әр қилы. Айналадағы заттардың әр түрлі қозғалысынан, қақтығысынан шығып, құлаққа естілетін үннің бәрі де дыбыс деп аталады. Мысалы, желдің уілі, күннің күркіреуі ағаштың шарт сынуы, бір заттың екінші бір затқа тарс етіп тиюі т. б. әр түрлі үннің барлығы дыбыс болып саналады. Бірақ бұл сияқты дыбыстардан тіл дыбыстарының өзіндік ерекшеліктері бар. Тіл дыбыстары, біріншіден, адамның дыбыстау мүшелері арқылы пайда болып шығатын дыбыстар; екіншіден, белгілі жүйелік сипаты бар, саны шектеулі ғана дыбыстар, үшіншіден, белгілі үғымды білдіретін сөз құрайтын ең кіші тілдік бөлшек болып табылады. Сөйтіп, тіл дыбыстары жеке тұрғанда ешбір мағына білдірмей, мәні болмаса да, белгілі бір жүйемен, тәртіппен тіркесуі арқылы бір ұғымның атауы болып табылатын, мағынасы бар сөзді құрайды.


Дауысты және дауыссыз дыбыстар, олардың жүйеленуі, түрлері.
Дауысты дыбыстар туралы нақты зерттеулер А. Байтұрсынұлы есімімен байланысты. Ол өзінің 1912 жылы «Айқап» журналында жарияланған «Жазу тәртібі» деп аталатын мақаласында: «Қазақ тілінде 24 дыбыс бар. Оның бесеуі дауысты, он жетісі дауыссыз, екеуі жарты дауысты.
Дауысты дыбыстар — дыбыстау мүшелерінің бірыңғай толық қатысуынан, фонациялық ауаның кедергісіз, еркін және баяу шығуынан жасалатын дыбыстар. Дауысты дыбыстар фонациялық ауаның көмейде керіліп тұрған дауыс шымылдығына соқтығуынан пайда болған дірілден жасалады. Дауысты дыбыстардыңбасты қасиеті сөз ішінде буын жасап, дауыссыз дыбыстармен тіркесе алатындығында. Қазіргі қазақ тілінің дауыстылар жүйесі 9 дыбыстан құралған: а, о, е, ы, і, о, ө, ұ, ү. Дауысты дыбыстар айтылғанда жақтың, еріннің, тілдіңқатысу дәрежесіне қарай: ашық — қысаң, еріндік — езулік, жуан — жіңішке болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет