Фонетика (грек. φωνητῐκός – дыбыстық, дауыстық) — тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы



бет3/4
Дата13.05.2023
өлшемі21,26 Kb.
#176674
1   2   3   4
Байланысты:
2 билет дария

Буын және оның түрлері
Буын- сөзді айтқан кездегі дауыс толқыны. Буын сөздегі дауысты дыбысқа негізделеді. Яғни сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Қазақ тілінде буын ішіндегі дыбыс саны төрт түрлі болады:
1) Бір дыбысты буын, жалғыз дауыстыдан тұратын буын: а-ла,ә-ке,о-рақ,ұ-ран; ат,ер,ін.
2) Екі дыбысты буын: ба-ла, ше-ше,да-ла.
3) Үш дыбысты буын: көз,бас,төс,ұлт,ант.
4) Төрт дыбысты буын: төрт,қант,тарс,жұрт.
дауысты дыбыстың қатысымен бөлініп айтылатын сөздің бөлшегі буын деп аталады. ба-ла-лар, ә-ке, а-та, ат-ты.
Қазақ тілінде дауысты дауыстар мен дауыссыз дыбыстардың алмасып отыруына байланысты буын үш түрге бөлінеді:
Ашық буын дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталады немесе дауыстыдан басталып дауыстыға дыбысқа бітеді. Мысалы: а-на, ә-же, қа-ла, да-ла, ба-ла т.б.
2.Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып,дауыссыз дыбысқа аяқталады.Мысалы: ас-та-на, ек-пін, ек-ше, ар-шы т.б.
3.Бітеу буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады. Мысалы: бал-шық, бат-пақ, бөл-шек, таң-дау, сақ-тау, көк-тем, жар-ғақ,бал-дыр-ған, бал-мұз-дақ,бір-лес-тік т.б.


Тасымал
Жазу барысында бір жолға сыймаған сөз буын жігі арқылы екінші жолға тасымалданады.Тасымал дауыссыз дыбыстан басталып жасалады. Мысалы, қа-раторғай, қара-торғай, қаратор-ғай; күн-делікті, күнде-лікті, күнделік-ті, т.б.
Төмендегі сөз түрлері тасымалданбайды:
1. Бір буынды сөздерді тасымалдауға болмайды: нан, көл, ор, ел, күрт, жұрт, т.б.
2. Жалғыз әріпті бірінші жолға қалдыруға немесе екінші жолға шығаруға болмайды: ана, ата, ұлы, екі, ұя, үю, тыю, қия, т.б.
3. Қысқартылып жазылған адам есімін тегінен бөліп тасымалдауға болмайды: А. Құнанбаев, М. Әуезов, С. Торайғыров, Г. Дулатова, т.б.
4. Қысқартылып жазылған өлшем атауларын алдындағы саннан бөліп тасымалдауға болмайды: 11-сынып, ХХІ ғасыр, 2012 жыл, 22 наурыз, 70 км, 52 кг, 120 г, т.б.
5. Бас әріптері, бас әріп пен сөздің басқы буынынан қысқарған сөздер тасымалданбайды: ҚР, БҰҰ, ҚазҰУ, ҚБТУ, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет