Фонетика және оның зерттеу объектісі. Грамматика сабақтарының түрлері


Шағын жинақталған бастауыш мектептегі өзіндік жұмыс, оның түрлері және пәндерді оқытуда өзіндік жұмысты ұйымдастырудың әдістемесі



бет2/6
Дата10.06.2022
өлшемі40,96 Kb.
#146318
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
қазақ тілі керек
Эссе. С Ж. М дени-тарихи м рада ы ж не патриотизмді алыптастыру
Шағын жинақталған бастауыш мектептегі өзіндік жұмыс, оның түрлері және пәндерді оқытуда өзіндік жұмысты ұйымдастырудың әдістемесі.

Өзбетіндік жұмыстардың тиімділігі
Шағын жинақты мектеп оқушылары назарды тақырыпқа шоғырландыруымен, өзіндік жұмыс істеу білігімен ерекшеленеді.
Сабақтың жалпы құрылымы мынадай болуы мүмкін:
1-нұсқа:
1-кезең. Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс.
2-кезең. Мұғаліммен жұмыс. Өзіндік жұмыс.
3-кезең. Өзіндік жұмыс. Мұғаліммен жұмыс. Өзіндік жұмыс.
4-кезең. Мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс (қорытындылау).
2-нұсқа:
1-кезең. Өзіндік жұмыс. Мұғаліммен жұмыс.
2-кезең. Мұғаліммен жұмыс. Өзіндік жұмыс.
3-кезең. Өзіндік жұмыс. Мұғаліммен жұмыс.
4-кезең. Мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс (қорытындылау).
Жоғарыдағы сабақ құрылымының сызбасында мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс барлық сыныпқа ортақ. Сабақтың бастапқы кезеңі ұйымдастырушылық кезеңнен тұрады: сабаққа көңіл аудару, тапсырмалар алу, сабақтың жоспары мен мақсатын хабарлау, алдыңғы өткен тақырыпты қайталау (терминдер мен сөз тіркестерін айтып түсіндіру, яғни оқу пәндерінің лексикасын меңгеру). Кейде жалпы оқу және интеллектуалдық біліктерді қалыптастыру бойынша түсіндірмелер беру, жаттығулар мен тапсырмаларды орындау: жоспарлау, нақты дереккөздерден алу. Сабақта өзіндік жұмыстар саны регламенттелмегендіктен, оларды ұсына отырып, ең алдымен білім алушылардың мүмкіндіктерін ескеру керек, демек, оқу материалының мазмұны білім алушылар үшін қолжетімді және орындауға шамасы келетін болуы керек. Онсыз жұмыс табысты болмайды. [1]
1-4 сынып білім алушылары үшін өзіндік жұмыстың келесі түрлері ұсынылады:
· жаңа материалды өткенге дейін орындалатын дайындық жаттығулары (оқулық бойынша қайталау, карточкалармен, кестелермен және т. б. жұмыс.);
· толық нұсқаулық бойынша жүргізілетін, бұрын меңгерілгенге ұқсас жаңа материалды өз бетінше оқу;
· алгоритмдік кестелер, нұсқаулықтар, жадынамалар негізінде іс-әрекет ету тәсілдерін меңгеру мақсатында бекітуге арналған жаттығулар;
· даярлық жаттығуларының барлық түрлері;
· оқу материалының барлық бөлімдерін меңгергеннен кейін ұсынылатын бақылау және тексеру тапсырмалары.
Біртіндеп, өзіндік жұмыстың ұзақтығын ұлғайтуға болады және қажет те, тапсырмаларды көлемі мен күрделілігіне қарай көбірек ұсынуға болады.
Өз бетінше жұмыс істей отырып, сабақтың маңызды бөлігін білім алушы өзіндік жұмыстың мақсатын анық көрсету, оны орындау, қателерді тексеру және түзету сияқты жалпы тәсілдерді біртіндеп меңгеруі тиіс. Мұғалім оқытудың кез келген технологияны қолданып жұмыс істей алады (дәстүрлі – көрнекі-иллюстративті немесе шағын жинақты бастауыш мектеп үшін ең қолайлы дегенін таңдайды).
Бірақ кез келген технология бойынша өзіндік жұмыс дағдыларын қалыптастыру үшін топтарға бөлінетін әдістемелік тәсілдер жүйесі қолданылады:
1. Білім алушылардың өзіндік жұмысқа арналған тапсырманың мазмұнын дұрыс түсінуін және оларға қойылатын талаптарды, тапсырманың қолжетімділігін қамтамасыз ететін тәсілдер. Сабақтың басында бір сыныппен жұмысты жоспарлай отырып, мұғалім басқа сынып білім алушыларына өз бетімен жұмыс істеуге тапсырма береді, бірақ ол білімалушылардың сұрақтарына жауап беру мүмкіндігінен айырылады. Білім алушылардың түсініксіздігін болдырмау мақсатында, оның алдын алу үшін тапсырмамен бірге оның орындалу үлгісі көрсетіледі.
2. Білім алушыларға жеке көзқарасты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәсілдер. Шағын жинақты мектепте білім алушыларда туындаған қиындықтарды мұқият талдау және әрбір білім алушы жіберген қателерді ескеру маңызды. Сондықтан жеке жұмыс білім алушылардың жеке ерекшеліктерін, олардың дайындық дәрежесін ескергенде ғана тиімді болады. Бұл жағдайда әрбір білім алушы өзіне қажетті міндеттерді шешумен 45 айналысады, осылайша әрбір білім алушының дамуына және олардың білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын меңгеруіне жағдай жасалады. Сараланған тапсырмалардың мақсаты – білім алушылардың орындау барысында өз бетінше іс-әрекетін қамтамасыз ету және сол арқылы тек білім, білік пен дағдыны ғана емес, сонымен қатар өз бетінше жұмыс істей білу қабілетін қалыптастыру. Жеке өзіндік жұмысты келесідей ұйымдастыруға болады: барлық білім алушылар үшін мазмұны жағынан бірдей тапсырмалар беріледі, бірақ орындау тәсілдері әртүрлі болуы мүмкін. Оларды орындай отырып, әрбір білім алушы даралық таныта алады.3. Өзін-өзі бақылау тәсілдері. Шағын жинақты мектеп жағдайында білім алушыларды мұғалімнің көмегінсіз жіберілген қатені өз бетінше анықтауға үйрету өте маңызды. Білім алушыларды өзін-өзі бақылау тәсілдерін үнемі, ескертусіз қолдануды, яғни өзін-өзі тексеруге қажеттілікті қалыптастыруды үйрету қажет. [2]Шағын жинақты бастауыш мектептерде белгілі бір көлемдегі білім, білік, дағдыларды меңгерту, оқушының, қызығушылығын арттыру, шығармашылығын дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Осы тұрғыдан алғанда, шағын жинақты бастауыш мектепте оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс – тәсілдерін іздестіру, педагогикалық жаңа технологияны тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.Қорыта айтқанда, шағын жинақталған мектептерде сабақты тиімді ұйымдастырудың бірден-бір жолы оқушылардың өзіндік жұмыстарын дидактикалық талаптарға сай сауатты ұйымдастыру болып табылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет