Фонетикалық талдау



бет2/5
Дата16.12.2021
өлшемі17,93 Kb.
#101628
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Фонетикалық талдау

2. Лексикалық талдау
 Талдау реті:
1.Сөйлемді оқы, ондағы өзің қалаған сөздің қандай мағынаны білдіріп тұрғанын анықта.
2.Сол сөздің сөйлемде қандай мағынада жұмсалып тұрғанын анықта (тура ма, әлде ауыспалы ма)
3. Мүмкіндігіне қарай, сөздің синонимін,антонимін , омонимін тап.
Талдау үлгісі: Аманның жылы сөздері ерекше әсер етті.
жылы- жағымды,мейірімге толы деген мағынада, бұл сөйлемде ауыспалы мағынада айтылып тұр.
жылы,шуақты,ыстық,мейірлі – синоним;жылы-суық – антоним
жылы – жалпылама қолданылатын сөз.
 
 
 
                                3. Сөзді құрамына қарай талдау
Талдау  реті:
1.Сөздің қай сөз табына жататынын анықта; сөздің түрленетін я түрленбейтінін дәлелде.
2.Түрленетін сөздегі негіз бен қосымшаны ажырат: түрленбейтін сөздердің бәрі де негізгі түбір болып есептеледі.
3.Сол сөздің түбірінен тарайтын түбірлес сөздерді көрсет
4.Сөздегі қосымшалардың түрін ажырат:жалғау мен жұрнақтың қай түріне жататынын дәлелде.
5.Сөз құрамындағы бөліктерді тиісті шартты белгілерімен көрсет.
Талдау үлгісі:
ұтылды – етістік, түрленетін сөз табы
ұт – түбір, ыл- ырықсыз етіс жұрнағы, - ды – жіктік жалғауының  3 – жағы
у
ұт         қыш                 ұтылды
ымды
Сөз құрамы үшке бөлінеді
1.Түбір    2.Жұрнақ    3. Жалғау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет