4. Сөздерді сөзжасам тұрғысынан талдау Талдау реті: 1.Сөздің лексикалық мағынасын түсіндір
2.Осы сөзден өрбитін түбірлес сөздерді ата.
3.Сөз жасауға тірек болған түбірді көрсет
4.Жаңа сөз жасауға негіз болған тәсілді анықта.
Талдау үлгісі: а) құсша – мағынасы : «құс секілді»
құсша,құстай – сөз түрлендіруші жұрнақтар арқылы жасалған.
ә) білезік – «білекке тағатын әшекей зат»
- білек + жүзік – сөздердің бірігуі арқылы жасалған, кіріккен сөз.
5. Морфологиялық талдау (сөз табы бойынша) Талдау реті: 1.Сөз табы.Жалпы мағынасы.
2.Морфологиялық белгілері
Бастапқы тұлғасы
Тұрақты белгілері
Тұрақсыз белгілері
3.Синтаксистік қызметі.
1. Зат есім 1.Жалпы мағынасы
2.Морфологиялық белгілері
Бастапқы тұлғасы (атау септігіндегі, жекеше түрі)
Тұрақты белгілері: а) жалқы есім және жалпы есім
ә) деректі және дерексіз
б) дара және күрделі
Тұрақсыз белгілері: а) көптелуі
ә) септелуі
б) тәуелденуі
в) жіктелуі
Синтаксистік қызметі
Талдау үлгісі: