Фонетиканың ғылыми салалары (жалпы фонетика, жеке фонетика, сипаттамалы, салыстырмалы, тарихи т б) қызметі жөнінде айтыңыз


Лексикалық табу және эвфемизмдер туралы ойыңызды түйіндеңіз



бет18/29
Дата09.02.2023
өлшемі73,63 Kb.
#168078
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29
Байланысты:
лексикалогия казакша
Ежелгі Түркі мәдениеті-melimde.com
26. Лексикалық табу және эвфемизмдер туралы ойыңызды түйіндеңіз.
Табу, негізінен алғанда, этнографиялық ұғыммен байланысты. Мұнымен бірге оның тілге, тілдің тарихына да қатысы бар. Ерте замандарда адамдар әр түрлі қате түсінік, теріс ұғымның дінге сенушіліктің салдарынан кейбір заттардың аттарын тікелей атауға тыйым салып, оларды басқаша атайтын болған. Бұл құбылысты әдетте табу деп аталады. Кейбір нәрсенің не құбылыстың атын тікелей айту дөркілеу, қолайсыздау болып көрінгенде, олар басқа сыпайы, майда сөздермен ауыстырылып айтылады. Бұл құбылыс эвфемизм деп аталады. Эвфемизм — бір затты немесе құбылысты я болмаса бір уақиғаны сыпайылап айтып жеткізу амалы. Эвфемизмдердің жасалу жолдары әр түрлі. Солардың ішінде ең өнімділері троптың түрлері арқылы, атап айтқанда, метафора, синекдоха, метонимия, литота тәсілдері арқылы жасалған эвфемизмдер жиі кездеседі.
27. Дыбыс өзгерістері.
Дыбыстардың өзгерісі (изменения звуков). Адам сөйлеп тұрғанда, сөз ішінде қолданылған дыбыстардың бір-біріне тигізген артикуляциялық әсерінен немесе басқа да әртүрлі фонетикалық жағдайлармен байланысты толып жатқан дыбыстық өзгерістер пайда болып отырады.Тіліміздегі фонетикалық факторлар жалпы тіл ғылымының, оның фонетикалық саласын зерттеуші ғалымдардың, дыбыс алмасулары туралы айтқан пікірлері қазақ тіліне де ортақ екенін байқатады. Сондықтан дыбыс алмасулары олардың түрлері жайындағы жалпы тіл біліміндегі теориялық, материалдар қазақ тіліндегі дыбыстық алмасуларда айқындауда жетекші теория бола алатынын саналы түрде түсінген жөн.Сөз ішіндегі фонемалардың өзгеруі негізінде дыбыс алмасулары үш түрде пайда болады. Олар – шектік (позициялық) өзгерістер, игерулі (комбинаторлық) өзгерістер, игерусіз (спонтандық немесе тарихи дағдылы) өзгерістер.
28. Игерулі өзгеріс (комбинаторлық, позициялы) яғни шектік (позициялы), сипаттамалы өзгеріс және игерусіз өзгеріс
Дыбыстар өзгеруінің тіл білімінде екі түрлі жолы бар: біріншісі – комбинаторлық немесе игерулі өзгерістер, екншісі – спонтандық немесе игерусіз өзгерістер. Комбинаторлық немесе игерулі өзгерістер көршілес ды-быстардың біріне-бірі тигізген ықпалымен байланысты болады. Ол белгілі бір дыбыстың екінші түрлі дыбысқа алмасуы арқылы, не сөз шенінде тыңнан жаңа бір дыбыстың пайда болуы арқылы немесе сөздегі өзге дыбыстармен үйлесу арқылы көрініс береді. Мысалы: Ол қызметке кетті деген сөйлемдегі қызметке деген сөздегі –ке қосымшасы өзінен бұрынғы тұрған буынмен үйлесіп тұр. Сол сияқты Бұл - Арманның кітабы деген сөйлемдегі п ды-бысы ы дыбысының ықпалымен ұяңдап, б дыбысына айналып отыр. Мұндағы сөздің соңғы дыбысы қосымшаның ықпалымен өзгеріп отыр. Сол сияқты дыбыс түсіп қалуына мысал келтірер болсақ, ерін – ерні, мұрын– мұрны, көңіл – көңлі деген сөздер-дегі -ы, -і дыбыстарының түсіп қалуы өзі тектес дыбыстың сөз соңынан жалғасуына байланысты. Дыбыс қосылуына мысал келтірер болсақ, өзге тілдерден ауысқан сөз бірнеше дауыссыз-дан басталса не бірнеше дауыссызға аяқталса, ол дыбыстардың алдынан немесе артынан не ортасынан ы(і) дыбысы дәнекерле-неді.Мысалы: станция – ыстанса, т.б. Демек, комбинаторлық өз-герістер бойынша бір дыбыс екінші дыбысқа тәуелді болып тұрады, бір дыбыс екінші дыбысқа игеріліп тұрады. Сондықтан дыбыстардың бұл тәрізді өзгерістерін қазақша игерулі өзгерістер деп атауға болады. Комбинаторлық (игерулі) өзгеріс сөз мағынасына әсер ет-пейді. өйткені дыбыстардың комбинаторлық варианттары бел-гілі бір фонеманың, оның ішінде көбінесе қосымшалардың тек сыртқы фонетикалық құбылыстары ғана болып табылады. Мысалы: адамдар, үйлер, кітаптар деген сөздердегі –дар, -лер, - тар көптік жалғауы фонетикалық тұрғыдан құбылғандығы болмаса, үстейтін мағынасы көптік мағына ғана. Сондай-ақ кей-бір негізгі морфемаларда да осындай фонетикалық параллель бола береді, атап айтсақ: Саламатсыз ба? – Сәлеметсіз бе?, сықылды – секілді, дейін – шейін, т.б.Бұлардың да ішнара бір-бірінен мағыналық ерекшелігі жоқ. Келтірілге мысалдардан бай-қағанымыздай, дыбыстар үндесуі де, оның ішінде ассимиляция мен сингармонизм де дыбыстардың комбинаторлық өзгерістері-нің қатарына жатады екенСпонтандық немесе игерусіз өзгерістерде көршілес ды-быстардың бір-біріне тигізген ешқандай ықпалы көрініс таппай-ды. Онда дыбыс өзгерісі сөздің барлық позициясында өзге ды-быстың ықпалына түспей, «өздігінен» құбылып тұрады. Мысалы: шелек – челек. Осы жерде бірде ш, неді бірде ч айтылуы – спонтандық өзгеріс. Сондай-ақ жергілікті говорларға сай Жүсіп – Түсіп – Нүсіп – Үсіп формасында айтылу да осы спонтандық өзгерістер қатарына жатады. Жалпыалғанда игерусіз, спонтан-дық, просодикалық өзгерістер – мофема құрамындағы дыбыс-тардың басқа дыбыстың ықпалынсыз өзгеріске еніп айтылуы. Игерусіз өзгерістер фонетикалық емес, грамматикалық дыбыс алмасудың бір түрі.Игерусіз өзгерістер дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың сәйкестігі арқылы жасалады. Мысалы: ары- әрі, ана - әне, залым – зәлім, аңырау – еңіреу, адырай – едірей – ажырай, шұңғыл – шүңгіл, балуан – палуан, сәмбе – шәмбе – сама- шама, т.б. жұптарын ешқандай фонетикалық құ-былысқа сай түсіндіруге келмейді. Тіл білімінде игерусіз өзгерістерді тарихи не дәстүрлі ды-быстық алмасулар деп атайды, себебі бұл тілдегі ұзақдамудың көрінісі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет