Фонетиканың ғылыми салалары (жалпы фонетика, жеке фонетика, сипаттамалы, салыстырмалы, тарихи т б) қызметі жөнінде айтыңыз



бет1/29
Дата09.02.2023
өлшемі73,63 Kb.
#168078
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
лексикалогия казакша
Ежелгі Түркі мәдениеті-melimde.com

1. Фонетиканың ғылыми салалары (жалпы фонетика, жеке фонетика, сипаттамалы, салыстырмалы, тарихи т.б) қызметі жөнінде айтыңыз.
Фонетика (грек. φωνητῐκός – дыбыстық, дауыстық) — тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы. Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, яғни айтылым базасын, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады. Осыған байланысты қазіргі Фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық), жасалымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады.Жалпы фонетика тіл дыбыстарының тіл жүйесінде өмір сүру жағдайларын зерттеуден басқа, оларды сөйлеудің түйдегінде зерттейді. Жеке фонетика белгілі бір тілдің дыбыстық құрамын, ондағы дыбыс заңдарын зерттейді. Ол зерттеудің мақсатына қарай сипаттама (синхрониялық, статикалық) фонетика және тарихи (диахрониялық) фонетика болып бөлінеді. Сипаттама фонетика тілдін, өмір сүріп тұрған дәуіріндегі дыбыстық құрамын қарастырады да, ондағы фонемалар жүйесін және фонемалардың ішкі өзара. байланыстарын белгілеп айқындайды. Фонемалардың құрамын белгілеп айқындау олардың (фонемалардың) пайда болып қалыптасуы немесе шығып қалуы туралы мәселемен тығыз байланысты. Осылай болғандықтан, сипаттама фонетикада фонемалардың тарихы да еске алынады. Алайда сипаттама фонетика тарихи фонетиканы ауыстыра алмайды. Сипаттама фонетикада дыбыстардың тарихын зерттеудің арнайы мақсаты түрінде емес, қазіргі тілдің фонетикалық жүйесін және оның әрі қарай даму мүмкіндіктерін айқындаудын, құралы ретінде ғана қаралып, есепке алынады. Фонетиканың бұл түріне қатысты фонология деген термин де қолданылады.
2. Қазақ тілінің лексикографиясы және зерттелу жайын зерделеңіз.
Тіл білімі саласындағы үлкен саланың бірі – лексикография десек, оның қарастыратын объектісіне қарай өзіндік атқаратын қызметі де, зерттеу жұмыстары да аз емес. Лексикография – тарихы тереңде жатқан сала, сондай-ақ келешекте ашылатын жаңалықтары мен мүмкіншіліктері де мол.Лексикография [гр. lexikos сөзге қатысты (сөздік) + grapho жазамын] терминіне лингвистикалық сөздікте: тіл біліміндегі сөздіктерді түзудің теориясы және практикасымен айналысатын ғылым саласы ретінде анықтама берілген (Гак В.Г.).Қазақ тіліне тікелей болмағанымен, оған қатысты сөздіктер орта ғасырлардан және XVIII –XIX ғасырлардан белгілі. Қазақ тіліне тікелей қатысты сөздіктер (аударма сөздіктер) XIX ғасырдың II-ші жартысы мен XX ғасырдың басында жасала бастаған. XX ғасырдың соңғы жартысында лексикография дұрыс жолға қойылып, дами бастады, әр түрлі сөздіктер пайда болды. Сөздік жасаудың XX ғасырдың II жартысында қалыптасқан үлгілері XXI ғасырда да жалғасып келеді.Қазақ лексикографиясының шын мәнінде ғылыми тұрғыдан тексеріліп жан-жақты дамуы Кеңестік дәуірде екі тілді аударма сөздіктерден басталды. 1945 жылға дейін бастауыш және орта мектептерге арналған екі тілді шағын нормативті сөздіктер жасаумен ғана шектеліп келген болсақ,1946 екі том «Орысша-қазақша сөздік», ал 1954 жылы бір томдық үлкен «Орысша-қазақша сөздік» (50000 сөз, редакциясын басқарған Н.Т. Сауранбаев), Х. Махмудов пен Ғ. Мұсабаевтың шағын “Қазақша-орысша сөздігі” (1954) [3, 224-225], “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” (1959 — 74), “Орфографиялық сөздік” (1963), “Абай тілі сөздігі” (1968), “Диалектологиялық сөздік” (1969), “Этимологиялық сөздік” (1996), терминол. сөздіктер (“Тау-кен ісі терминдерінің қысқаша орысша-қазақша сөздігі”, 1959; “Орысша-қазақша терминология сөздігі. Экономика, философия”, 1962), т.б. болып жалғаса берді.Қазақ лексикографиясы соңғы жарты ғасыр ішінде тек сан жағынан ғана көбейіп өсіп қойған жоқ, сөздіктің түр-түрі де молайды. 40-50 жылдары шыққан сөздіктер мен соңғы жылдары жарык, көрген сөздіктер тек көлем жагынан ғана емес, сапасы жағынан да анағұрлым ілгеріледі. Өңделеп қайыра шығып жатқан терминологиялық, орфографиялық түсіндірме, синоним сөздіктерінің қай-қайсы болса да, соңғы басылымдары алғашқыларынан көш ілгері екендігі ешқандай күмән келтірмесе керек. Кеңес тіл мамандары лексикология мен лексикография теориясын, стилистика мен грамматиканы, сөз тудыру тәсілдерін тынбастан зерттеп, осы ғылымдарды үнемі жетілдірумен келді. Бұл ретте орыстың тіл білімі мен оны зерттеуші тіл мамандарының көшбасшылық рөлі айырықша.Энциклопедиялық сөздіктерге қазіргі ғылыми саладағы білім жайынан қысқаша мағұлмат беретін сөздіктер (философиялық, педагогикалық, психологиялық, саяси-экономикалық, астраномиялық т.б.) жатады [3, 224]. Бұл жіктелім «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» атты еңбектің алғашқы басылымында «Лингвистикалық сөздіктер өте-мөте көп. Олар әр алуан мақсат-мүддеге лайықталып жасалады. Лингвистикалық сөздіктер бір тілдік, және көп тілдік болып бөлінеді. Түсіндірме сөздік бір тілдің өз сөзімен түсіндіріледі. Ал екі немесе көп тілдік сөздіктер өзге тілдердің сөздерімен түсіндіріледі. Бір тілдік лингвистикалық сөздіктер академиялық нормативті сөздік және анықтағыш сөздік болып іштей екі салаға жіктеледі» деп аталып қана өтіледі [2, 214]. Осыған қарап біз жыл өткен сайын отандық ғалымдарымыздың лексикографияның тереңіне бойлап жете түсініп келе жатқандығын аңғарамыз.Ал ғалым К. Ахановтың бөлуі бойынша, сөздіктер:
І. Сөздердің шығу тегі мен олардың семантикалық дамуы туралы мағлұмат беретін сөздіктер. Оларға: 1. Этимологиялық сөздік. 2. Тарихи сөздік.ІІ. Қазіргі тілдердегі сөздердің мағыналарын түсіндіріп, олардың қолданылуы жайлы мағлұмат беретін сөздіктер. Олар: 1. Түсіндірме сөздік. 2. Аударма сөздік. 3. Терминологиялық сөздік. 4. Диалектологиялық сөздік. 5. Фразеологиялық сөздік. 6. Синонимдер сөздігі.ІІІ. Сөздердің дыбыстық құрылысы мен олардың жазылуы туралы мәлімет беретін сөздіктер. Олардың қатарына: 1. Фонетикалық сөздік. 2. Орфографиялық сөздік.ІV. Заттар мен құбылыстардың ұғымдарын айқындап, түсіндіретін сөздіктер. Олардың қатарына: 1. Энциклопедиялық сөздік. 2. Иллюстративтік сөздік болып бөлініп жіктелген [3].
Жоғарыда К. Аханов қазіргі тілдердегі сөздердің мағыналарын түсіндіріп, олардың қолданылуы жайлы мағлұмат беретін сөздіктер қатарынан терминологиялық сөздіктерді де көрсетеді.Сондай-ақ К. Аханов лингвистикалық сөздіктерді жасалу мақсатына қарай бірнеше түрге бөліп көрсетеді:
1. Сөзіктердің ішінде тілдің лексикасының шығуын, дамуын және оның бірнеше дәуірін сипаттайтын түрі бар. Мұндай сөздік тарихи сөздіктер деп аталады. Керісінше, сөздіктердің кейбір түрі қазіргі тілде жаппай және жиі қолданылатын сөздерді қамтып, оларға талдау жасап, сипаттама беруді мақсат етеді. Мұндай сөздіктер тілдің заманауи сөздіктері деп аталады.2. Сөздіктердің белгілі бір түрі тілдегі күллі сөздерді түгел қамтып сипаттауды мақсат етеді. Мұндай сөздік толық сөздіктер деп аталады. Сөздіктердің енді бір түрі тілдің сөздік құрамындағы барлық сөздерді емес, оның белгілі бір дәуірдегі сөздерді немесе лексиканың белгілі бір саласын қамтитын сөздік түрінде жасалады. Мұндай сөздік кіші сөздік немесе толық емес сөздік деп аталады. Сөздіктің бұл түрлеріне арнаулы сөздіктерді де жатқызуға болады. Олар: терминологиялық сөздік, синонимдер сөздігі, фразеологиялық сөздік және т.б. жатқызуға болады.3. Сөздердің сөздікте ана тілінде түсіндірілуі немесе басқа тілге аударылып түсіндірілуіне қарай сөздіктер екі түрге бөлінеді: алғашқысы – бір тілдік түсіндірме сөздіктер, екіншісі – екі тілідік немесе көп тілдік аударма сөздіктер.4. Сөздіктер оларда берілген сөздердің әліппи тәртібімен көрсетілуіне немесе сөздермен белгіленетін ұғымдардың топтарының рет–ретімен көрсетілуіне қарай екі түрге бөлінеді: 1) Дыбыстық немесе алфавиттік сөздіктер; 2) Идеологиялық сөздіктер немесе ұғымдар сөздігі. Сонымен, сөздіктерді шартты түрде төрт топқа бөліп қарауға болады .Сөздіктерді топтастыруда сөздің жүйелі сипаттары толық ескерілуі тиіс: сөз бен тілден тыс ақиқат өмір (сөз бен сөйлеу, сөз бен оның қолданылатын ортасы, сөз бен елтаным, сөз бен грамматикалық жүйе, сөз бен жазу, сөз бен лексикографиялық жүйе, сөз бен лексика-фразеологиялық жүйе, сөз бен оның мағынасы).Сөздік түрі сипаттау нысанына қарай анықталуы тиіс. Сөздердің белгілі бір тақырып төңірегінде топтасуы тілдік жүйе деңгейінде жүзеге асуы керек. Сөздер тақырып бойынша топтастырылған кезде лексика-семантикалық топтармен тығыз мағыналық байланыстағы тақырыптық-тілдік немесе тақырыптық-семантикалық топтары ескерілуі керек .


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет