Фонетиканың ғылыми салалары (жалпы фонетика, жеке фонетика, сипаттамалы, салыстырмалы, тарихи т б) қызметі жөнінде айтыңыз


Сөздердің қолданылу аясына байланысты түрлері және олардың



бет8/29
Дата09.02.2023
өлшемі73,63 Kb.
#168078
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29
Байланысты:
лексикалогия казакша
Ежелгі Түркі мәдениеті-melimde.com
11 Сөздердің қолданылу аясына байланысты түрлері және олардың
ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлеріҚазақ тіліңдегі сөздердің бәрі бірдей жалпыхалықтық сипатта емес, кең таралған жалпыхалықтық сөздерден басқа, қолданылу өрісі тар сөздер де бар. Осыған байланысты сөздер қолданылу өрісі жағынан өз ішінде екі топқа бөлінеді: а) жалпылама лексика, ә) колданылу өрісі тар лексика. Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлерін мынадай кестемен көрсетуге боладыҚазақ тілінің ұлттық(жалпы халықтық) лексикасы, Жалпылама кең қолданыстағы ) лексика, Қолданылу өрісі тар лексика,Кәсіби-терминдік лексика,Диалектілік лексика
Жалпылама лексика адам баласының күнделікті күн көріс тіршілігіне ең қажетті заттар мен құбылыстарға қатысты жалпы танымал сөздерді қамтиды. Бұлар бір тілде сөйлейтін адамдардың бәріне түсінікті ортақ болғандықтан, жалпылама лексика деп аталады. Мысалы: ауа, су,,тамақ үй, мал, нан, ағаш, көру, істеу, ішу, жеу, қоректену, суару, үлкен, кіші, жақын, ақ, қызыл, мен, сен, бес, он, жүз, мың, алга, кейін, төмен, жоғары, озық,үшін, дейін, сияқты т. б.Бұл сияқты сөздер малшыға да егіншіге де, жұмысшыға да, аңшыға да, балықшыға да, аңшыға да, ғалымға да, бір сөзбен айтқаңда, қазақша тіл білетіндердің бәріне бірдей қызмет етеді. Жалпылама сөздердің негізінде стильдік мәні жағынан бейтарап лексика қалыптасады. (Ол жайында § 38 қараңыз). Оларға колданылу жағынан ешқандай шек койылмайды, барлық стильге бірдей, ортақ мәнді қызмет атқарады. Бұл топқа енетін сөздер дүниедегі зат, кұбылыс атауларын, кимыл-қозғалыстарды, сан-сапа мөлшерін ешбір қосымшасыз нақ болған күйіңде айтып дәл көрсетеді. Жалпылама лексикаға тән сөздер негізінен өзінің тура мағынасында жұмсалады. Мысалы: Мәскеуден ұшқан ұшақ Алматыга дәл уақытында келіп қонды. Мал биыл қыстан күйлі шықты. Бугін ауа райы ашық болды. Дәурен өткен жылы бесінші класты бітірді деген сөйлемдердегі әрбір сөз тек өзінің тура мағыналарында ғана колданылып тұр. Сонымен қатар осында канша сөз болса, соның бәрі де қазақ тіліндегі жалпылама лексикаға жататын сөздер. Жалпылама лексика бүкіл сөздік құрамдағы сөздердің сан жағынан ең көбі, тілдегі сөз байлығының негізін кұрайды. Бұл сөздер жазба тілде болсын, сөйлеу тілінде болсын жалпы халыққа өте-мөте түсініктілігімен, анық-айкындылығымен, табиғи да қарапайымдылығымен бірден көзге түседі. Сол себепті жалпылама лексика әдеби тіл сөздігінің негізгі қоры болып табылады.
Диалектілік лексика және оның тілде алатын орныДиалектілік (гр. (Ііаіекіоз— сөйлеу ерекшелігі) лексикаға белгілі бір жердегі (аймақ, облыс я аудан) жергілікті тұрғындардың сөйлеу тілінде қолданылатын сөздер жатады. Диалектілік сөздер бүкілұлттык лексиканың күрамына кіреді, бірақ олар жалпыхалықтык, болып есептелмейді, өйткені олардың басым көпшілігінің жалпыхалықтық тілде баршаға түсінікті баламалары бар.Диалектілік сөздер тілдің әр түрлі деңгейіне катысты болып келеді.Фонетикалық ерекшеліктер түрінде кездеседі: үгей — өгей, күміскі — көмескі, құрытынды — қорытыңды, дұмалау — домалау, маңлай — маңдай, тыңла — тыңда, полат — болат, тоғару — доғару, малчы — малшы, бұяқ — бұл жақ, шаңғырақ — шаңырақ, құдағай — кұдағи т. б.Морфологиялық ерекшеліктер түріңде: малдаршылық — мал шаруашылығы, кішірт — кішірейт, әшкерт — әшкереле, пойызбынан — пойызбен, атпан — атпен, барулы — барды, барған, келулі — келді, келген, алажақ — алашақ, бережақ — берешек, келелі — келейік, баралы — барайық, баргым бар — барғым келеді, айтқым жоқ — айтқым келмейді, барың — бар, келің — кел т. б.Лексикалық ерекшеліктер: ақыр —оттық, бойлай — үнемі, жамбарласу — жарамсақтану, көдек — икемсіз, ебедейсіз, бейсәубет — бет алды, жар — қабырға, жарын — келер жыл, сой — тұқым, тек, шалт — жылдам, рабайда — анда-санда, кейінжі — кенже, кун баю — күн бату, баз кешу — күдер үзу, жуалдыз — тебен ине, кеуірт — күкірт, тага — нағашы, етмал—​ықтимал, бақуат — қуатты, ашық-машық — топса, әтешкер—​қысқаш, үскі біз — жуан біз, бігіз — біз, нербек — үлкен ара,жоян — үлкен, дәу, борми — бұршақ, жүгері, ақзон — ақ шыт,айылдап келу — ауылшылау т. б.Этнографиялық диалектизмдерге белгілі бір жерге тән заттар мен құбылыстарды білдіретін сөздер жатады. Ондай сөздердің әдеби тілде баламалары болмағандықтан, мағыналары сөздіктерде тек түсіндіріліп беріледі. Мысалы: жозы (Алматы облысы) — аласа дөңгелек үстел; шырыш (Жамбылда) — үй төбесін жапқанда арқалықтың үстіне салынатын жіңішке агаштар, Семей жақта оны салдау ағаш деп те атайды. Қасқарша (Қызылорда) — мойны ұзын жезқұман, әттік (Каспийде) — қармақтың тілі, алақшын (Түрікмен қазақтарыңда) — пештің алдына шоқ жаю үшін жасаған орын, сыдырғай (Өзбекстан қазақтарында) — түгін бетіне шығармай тоқыған кілем т. б.Диалектілік сөздер негізінен әдеби тіл лексикасына кірмейді. Сөйлеуде, жазу жұмыстарыңца оларды орынсыз колдану әдеби тіл нормасынан ауытқу болып табылады. Тек белгілі бір ұғымды білдіретін сөздер әдеби тілде жоқ болса, сондай жағдайда жергілікті сездердің кейбірін баспасөз арқылы әдеби тілге енгізуге болады. Мысалы, әдеби тілде мал (көбінесе кой-ешкі) екі төл туса, егіз дейміз, ал үш-төрт төл туса, оларды әдеби тідде нақты сөздермен білдіре алмаймыз. Ал Ақтөбе, Маңғыстау жерінде оларды үшен (үшем, төртен) төртем деп атайды. Бүл сөздер қазір мал шаруашылығына байланысты әдебиеттерде орнығып келеді. Осы күнгі әдеби тідде айтылатын зембіл (жүк көтергіш құрал), арасан суы (минерал суы), жейде (ер адамның көйлегі), пәрменді (қарқыңды), мудежат, немелтай (шөберенің балалары), ұжым (ұйым), кеден (таможня) т. б. жергілікті халық тілінен ауысып кірген сөздер. Бұлар негізінде этнографиялык диалектизмдерге жатады. Ал әдеби тілде жоқ үғымдарды білдіріп, лексиканы байытатын кәсіби сөздердің көпшілігі кәсіби-диалектілік сипатта екенін ескерсек, әдеби тіл лексикасын толықтыратын қордың бір көзі диалектілерде (говорларда) жатқанын аңғару қиын емес.
Арнаулы лексика және оның қызметіАрнаулы лексика дегеніміз қоғамдағы өзара ыңғайлас әр түрлі әлеуметтік топтардың мамандығына, қызметіне, шұғылданатын кәсібіне байланысты қалыптасқан сөздері мен сөз қолданыстары (сөйлемше я сөз тіркестері). Арнаулы лексика жалпыұлттық лексиканың құрамына кіреді, бірақ оның да қолданылуы диалектизмдер сияқты шектеулі. Солай бола тұра оны диалектизмдермен шатастыруға болмайды. Диалектизмдердің шектелуінде территориялық сипат болса, арнаулы лексиканың шектелуінде әлеуметтік сипат бар.Арнаулы лексика екі салаға бөлінеді:а) кәсіби терминология, ә) кәсіби сөздер.
Кәсіби терминология дегеніміз ғылым, техника, өндіріс т. б. саласындағы арнаулы ұғымдар мен зат атауларын дәл білдіру үшін жасалған сөздер мен сөз тіркестерінің жиынтығы. Демек, термин сөздердің термин емес кез келген сөздерден ең басты айырмасы ғылым, техника т. б. саласындағы арнаулы ұғымдарды дәл анықтап білдіретіндігінде.Термиңдердің пайда болуы ғылым мен техниканың дамуымен тығыз байланысты. Термиңдер негізінен бір дара ұғымды нақты білдіретіңдіктен, көбінесе бір мағыналы болып келеді.Сонымен қатар өз мәнінде терминдерде стильдік эмоциялық мән болмайды. Терминдердің мағынасы жылжымалы, өзгермелі емес, әрқашан тұрақты болады да, ғылым мен техниканың бір саласына меншіктеліп, соған түпкілікті қызмет атқарады. Сондықтан термиңдер жалпылама ортақ сөздерден ерекшеленіп, арнаулы сөздер тобына жатқызылады.Қазақ тіліндегі кәсіби терминология негізінен екі түрлі жолмен жасалған (Ол жайында § 32-те кең айтылған, бұл жерде тақырыптың ретіне қарай тек жеке мысалдар келтірумен шектелеміз).1)​Қазақ сөздерінен әр түрлі тәсіл арқылы жасалған терминдер: өркениет — цивилизация, ғарыш — космос, мәртебе—​статус, елтаңба — герб, сынақ—зачет, төлдеме — окота,тербеліс — колебание, бөлшек сауда — розничная торговля,жолсапар — командировка, жаңғырту — реставрация,жерсіндіру — акклиматизация, есімнама — персоналий, қондырғы—​установка, таспа — лента, мүшелтой — юбилей, сазқұндыз—​нутрия, сәулеткер — зодчий т. б2)​Орыс тілінен қабылданған, қазақша баламалары жоқ ғылым, техника т. б. саласындағы интернационалдық арнаулы терминдер. Мысалы: математика терминдері: логарифм, квадрат, куб, аксиома, трапеция, синус, косинус, радиус, котангенс, биссектриса, теорема, коэффицент т. б. Физика термиңдері:вольт, ампер, амплитуда, генератор, монокль, квант, вектор,оптика, гидромеханика т. б.Бір тілдің шеңберінде қолданылатын терминдердің жиынтығы терминология деп аталады. Терминология әдеби тіл лексикасының бір саласы болып табылады. Қазақ терминологиясы қазіргі таңда жан-жақты қарастырылып, қауырт жиналып терілуде. Терминдердің отыздан аса сөздігі басылып, шықты. Дегенмен, қазақ терминологиясы әлі де байсалды түрде үңіле қарап, тереңірек зерттеуді қажет етеді.
Кәсіби сөздер. Арнаулы сөздердің бір түрі — кәсіби сөздерге жалпы халыққа бірдей түсінікті бола бермейтін, белгілі кәсіп я шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдардың арасында ғана айтылып, соларға түсінікті сөздер мен сөз тіркестері жатады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет