І топтың негізгі топшасы элементтері



бет1/2
Дата30.09.2024
өлшемі24,83 Kb.
#205336
  1   2
Байланысты:
Лекция-2


Дәріс №2
І топтың негізгі топшасы элементтері

  1. І топтың негізгі топшасы элементтеріне жалпы сипаттама

  2. Литий, табиғатта таралуы, физикалық және химиялық қасиеттері

  3. Натрий, табиғатта таралуы, физикалық және химиялық қасиеттері

  4. Калий, табиғатта таралуы, физикалық және химиялық қасиеттері

Сілтілік металдарда валенттілік электрондары s-деңгейшесінді орналасқан, сондықтан оларды s-элементтері деп те атайды. S элементтері қалыпты жағдайда кристалдық күйде болады, басқа металдарға қарағанда тығыздықтары төмен. Литий, калий және натрий судан жеңіл (0,53 - 0,86 г/см3), сондықтан су бетінде қалқып жүреді. Олардың балқу және қайнау температуралары төмен, бұл олардың кристалдық торларындағы металдық байланыстың әлсіз болуынан. Бұл металдар және олардың қосылыстары жалын түсін төмендегідей өзгертеді: литий —қызыл, натрий - сары, калий - күлгін түске бояйды.


Бұл элементтердің сыртқы электрондық қабаттарында тек бір ғана электрондары бар, оларды оңай беріп жіберіп, өзінің алдында тұрған инертті газдардың аяқталған электрондық құрылысын қабылдайды. Қосылыстарында үнемі бір валентті, тотығу дәрежелері -0, + 1, күшті тотықсыздандырғыштар. Тотықсыздандырғыштық қасиеттері топ бойынша жоғарыдан төмен қарай артады, себебі атом радиустары осы бағытта өседі. Литий сумен енжарлау, ал натрий белсендірек, калий шабытты әрекеттессе, рубидий қопарылыс бере реакцияласады. Бұл элементтердің оксидтері – негіздік оксидтер, ал гидроксидтері суда жақсы еритін сілтілер, олардың қасиеттері жоғарыдан төмен қарай артады.
Литийді 1817 жылы А. Арфведсон, рубидий мен цезийді 1861 жылы Р.Бунзен, натрий мен калийді 1807 жылы Г.Дэви ашқан.
Рубидий мен цезий фотоэлементтерді жасауда қолданыс табады, өйткені жарық әсерінен ядросымен нашар байланысқан электрондары оңай үзіліп кетеді.
Сілтілік металдардың кейбір қасиеттері



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет